Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК каза тілі.doc
Скачиваний:
54
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
1.14 Mб
Скачать

4. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.

1. Күн сайын біз адамдармен қалай байланыс жасаймыз?

2. Бұрын адамдар хат-хабарларды қалай жеткізетін?

3. Республикамыздың ең ірі байланыс жүйесі не болады?

4. Бұл күндері қандай байланыс түрлері пайда болды?

5. Интернеттің тарихы қай кезден басталады?

6. АҚШ Қорғаныс министрлігіне не үшін компьютер жүйесі қажет болды?

7. Телефон компаниялары компьютер арқылы қашан байланыс жасай бастады?

8. Не пайда болды, дүние жүзіне не тарай бастады?

9. Интернетті қандай мақсатқа қолдануға болады?

10. Қазіргі кезде сөйлесу қандай болатын болды?

5-жаттығу. Оқыңыз. Аударыңыз. Бірыңғай мүшелерді тауып, қандай сөйлем мүшесіне қатысты екенін айтыңыз.

Енді бір сәт Маңғыстау түбіндегі шежіре, аңыздар, айбынды батыр, атақты күйші, ақындар төңірегінен қызықты сырлар шертеді. Мұндағы босаға, есік, кереге, уық сырлы желбақан мүлгіп қалған еді. Ауа тұп-тұнық, тап-таза, жібектей жұмсақ. Ұлпан туған ауылына келсе, әке-шешесінің ескі үлкен қоңыр үйі тігулі, бар-жоғы төселулі екен. Оларды бастап келген адам да семіз, биік келген, қара-торы жүзді, қиғаш қас, қара сақалды, қысық көзді Ораз. Көркем шығармада жазушы әдеби кейіпкердің портретін, кәсібін, туып-өскен жерін, адам басындағы күйінішін-сүйінішін суреттейді. Жалаң бас, жалаң аяқ, көйлекшең ғана қалпыммен тысқа шықсам, жаңбыр да нөсерлей төпеп тұр.

6-жаттығу. Төмендегі сөздерді бірыңғай мүше етіп сөйлем құраңдар. Бірыңғай мүшеге ортақ жалпылауыш сөздерді өздерің ойлаңдар.

Үлгі: Алматы, Қарағанды, Шымкент, Семей, Ақмола – бәрі де Қазақстанның ірі қалалары.- Қазақстанның ірі қалалары мыналар: Алматы...

1. Қазалы, Жаңақорған және Шардара (Сырдария өзенінің бойындағы су электр станциялары). 2. Көксерке, алабұға, таутан, мөңке, шармай (Қазақстан суларындағы балықтар).

7-жаттығу. Бірыңғай мүшелердің тыныс белгісін түсіндіріңіз.

1. Біздің үйдің адамдары мыналар: әкем, шешем, әкемнің әке-шешесі, мен, менің інілерім – Таңатар, Түнқатар. 2. Мінезі де, түрі де–бәрі өзім. 3. Абайдың торқалы тойына талай елдерден қонақтар келді: Қырғызстаннан да, Татарстаннан да, Ресейден де, Франциядан да, Германиядан да... . 4. Шебердің қолымен жасалған сұлулық та, бар тіршіліктің кілті де, ақындық шабыт күйдің құдіреті де – бәрі осы бір жер-анадан, қара жердің бойынан табылғандай. 5. Қазақстанның ірі қалалары мыналар: Алматы, Қарағанды, Астана. 5. Жүйрік ат, жүйрік тазы, сұлу қыз – бәрі жақсы.Тек сонымен қалып қойсаң, бәрі жаман.

8-жаттығу. Мына сөздерді жалпылауыш сөздер етіп, сөйлем құраңдар да, тиісті тыныс белгілерін қойыңдар.

Бәріне, мыналар, үшеуі, баршасы, студенттер.

XI сабақ. Электрондық пошта

1. Мәтінге қажетті сөздер мен сөз тіркестерін оқыңыз, аударыңыз.

Электрондық пошта, елеулі ерекшелігі, жылдамдық, хабарламаның көшірмесі, сақтап қою, тасымалдай алады, жер шары, үш бөліктен тұрады, қолданушы агент, тасымалдаушы агент, жеткізу агенті, пошта жәшігі, хабарларды құрастыру, қамтамасыз етеді, дәнекер, мәліметтерді басқару, адрестерді жеткізу, түрлендірілген мәлімет, жөнелту, нақты тұлға, таратылу тізімдері, тиісті пайдаланушылар.