Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК каза тілі.doc
Скачиваний:
54
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
1.14 Mб
Скачать

Компьютерлік желілер.

Компьютерлік желі дегеніміз-бір-бірімен мәлімет алмаса алатын кем дегенде екі компьютердің байланыс құралдары көмегімен (принтер, модем, факсимильдік аппарат) қарым-қатынас жасауына арналған ақпарат өңдеудің жүйесі.

Желілер әрбір қызметкерге басқалармен мәлімет алмасып құрылғыларды ортақ пайдалануға, қашықта орналасқан қуатты компьютерлердегі мәліметтер базасымен қатынас құруға және тұтынушылармен тұрақты байланыс жасауға мүмкіндік береді.

Желі құрамына кіретін компьютерлер мынадай жұмыстар атқарады:

  • желімен қатынас құруды ұйымдастыру;

  • олардың арасында мәлімет алмасуды басқару;

  • желі тұтынушыларына есептеу құрылғыларын пайдалануға беріп, оларға әртүрлі қызмет көрсету.

Жергілікті желі (LAN) бір ғимарат ішіндегі немесе қатар орналасқан ғимараттардағы дербес компьютерлер мен принтерлерді бір-бірімен байланыстырады.

Аймақтық-таратылған желілер (WAN) географиялық тұрғыдан алғанда бір-бірімен қашықта орналасқан, бірақ бір компанияға немесе фирмаға, мекемеге қатысты бірнеше жергілікті желілерді байланыстырады.

Жергілікті желілер – дербес компьютерлерді бір-бірімен немесе оларды желі сервері рөлін атқаратын қуатты компьютермен байланыстырып тұратын желінің ең қарапайым түрі.

Аймақтық-таратылған желілер жергілікті желілер жасай алатын барлық жұмыстарды өте қашықта орналасқан бір компания компьтерлерін арасында атқара алады.

Кез келген компьютерлік желі жұмысы топология, хаттама (протокол), интерфейс, желілік бағдарламалық және техникалық құралдар тәрізді сипаттамалармен көрсетіледі. Әдетте ол үшін модем немесе жоғары жылдамдықты цифрлі желі арналарын ортақ пайдалануға арналған кешендік қызмет көрсете алатын байланыстық телефон арналары қолданылады. Мұнда ISDN арналары графикалық бейнелер жазылған үлкен көлемді файлдарды тасымалдау үшін жиі қолданылады.

Желілік техникалық құралдар – компьютерлерді бір желіге ұйымдастыруды қамтамасыз ететін әртүрлі құрылғылар жиыны.

Желілік бағдарламалық құралдар – компьютерлік желі жұмысын басқарып, әрбір тұтынушыны қажетті интерфейспен қамтамасыз етеді.

Интерфейстер – желінің функциональдық элементтерін бір –бірімен байланыстыру құралдары.

Хаттамалар – желінің функциональдық элементтерінің бір – бірімен қатынас жасау ережелері. Функциональдық элементтер рөлін әртүрлі құрылғылар және де бағдарламалық модульдер атқара алады. Сол себепті ақпараттық және бағдарламалық интерфейстер қарастырылады.

3-жаттығу. Кестені өз мысалдарыңызбен толтырыңыз.

Мағыналық түрлері

Сұрақтары

Мысалдар

1. Мекен пысықтауыш

2. Мезгіл пысықтауыш

Қайда? Қайдан? қалай?

қашан? қашаннан бері?

қашанға шейін?

3. Қимыл – сын пысықтауыш

Қалай? қайтіп?

4. Мақсат пысықтауыш

не үшін? не мақсатпен?

5. Себеп пысықтауыш

неліктен? не себепті? неге?

4-жаттығу. Мәтінді оқып, аударыңыздар. Мезгілдік қатынасты білдіретін конструкцияларды теріп жазыңыздар. Соларды пайдаланып, “Менің жұмыс күнім ” деген тақырыпта әңгіме құраңыздар.

Менің жұмыс күнім

Мен таңертең сағат жетіде тұрамын. Сағат жетіден он бес минут кеткенде жуынып, дене шынықтыру жасаймын. Сағат жеті жарымда таңертеңгі асымды ішемін. Сағат сегізге он бес минут қалғанда мектепке келемін. Сабақ сағат сегізде басталады. Алты сабақ сағат 13:30 бітеді. Сабақтан шыққасын кітапханаға барамын. Кітапханада асхана бар. Сол жерде тамақтанып алып, оқу залына барып сабаққа дайындалуға кірісемін. Кітапханаға уақыт көп кетеді. Үйге сағат 18:30 –да келемін. Сағат 20:00-ге дейін кешкі асымды ішіп боламын. Мен ұйықтауға сағат 23:00-де жатамын.