Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК каза тілі.doc
Скачиваний:
54
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
1.14 Mб
Скачать

Құрмалас сөйлем (сложное предложение)

Екі не одан көп жай сөйлемнен құрылып, күрделі бір ойды білдіретін сөйлемде құрмалас сөйлем дейміз.

Құрмалас сөйлемдер байланысу тәсілдеріне қарай үш түрге бөлінеді: салалас құрмалас сөйлем, сабақтас құрмалас сөйлем, аралас құрмалас сөйлем.

Құрмалас сөйлем құрамындағы жай сөйлемдер ұзара тиянақты тең дәрежеде байланысып, әрқайсысының баяндауыштары тиянақты тұлғада жұмсалса, ол салалас құрмалас сөйлем болады.

Салалас құрмалас сөйлемдер

Сложносочиненные предложения

Ыңғайлас салалас – сочинительные

(да, де, та, те, әрі, және)

Қарсылықты салалас – противительные

(бірақ, сонда да, әйтпесе де, алайда)

Себеп-салдар салалас – причинно-следственные

(себебі, өйткені, сондықтан)

Түсіндірмелі салалас – присоединительные

(сонша, сондай, соншалық, сол, мынау)

Талғаулы салалас – разделительные

(не, немесе, я, яки, болмаса)

Кезектес салалас – временные

(кейде, бірде, біресе)

Ережеге сәйкес өз тарапыңыздан бірнеше мысал жазыңыз.

5-жаттығу. Үлгі бойыша екі жай сөйлемді пайдаланып, салалас құрмалас сөйлем құраңыздар.

Үлгі: Білім-адам үшін ең бағалы іс және сол білімді тарататын құралдардың бірі – көркем әдебиет.

1. Білім – адам үшін ең бағалы іс. 2. Сол білімді тарататын құралдардың бірі – көркем әдебиет. 3. Әрбір мәдениетті адам алдымен әдебиетті жақсы білуі қажет. 4. Әдеби шығармаларды оқу арқылы біз көркемдікті, жақсы мен жаманды түсінеміз. 5. Кітапты түсініп оқу керек. 6. Мазмұнын жазып немесе біреуге айтып бере алу керек.

6-жаттығу. Төмендегі жай сөйлемдерді құрмалас сөйлемдерге айналдырыңыз.

Көктем келді. Күн жерді қыздыра түсті. Ағаштардың бұтағы бүр ашты. Тебіндеп көк шықты. Жыл құстары келе бастады. Алмас қараторғайға үйшік жасады.

XII сабақ. Іnternet желісі

1. Желіге қатысты сөздер тобы:

желі арқылы байланыс - связь через сеть

желі бойымен байланыс – связь по сети

желі сипаттамасы – характеристика сети

желі торабы – узел сети

желіаралық алмасу – межсетевой обмен

желідегі жұмыс – работа в сети

желілік адрес – сетевой адрес

желілік қосылыс торабы – узел сетевого соединения

желілік құрылым – сетевая структура

желімен байланыс – связь с сетью

желінің артықтығы – избыточность сети

желілердің жұмысы –работы сетей

желінің істен шығуы – отказ сети

желілердің желісі –сеть сетей

желілік қызметтерді орнату – установка сетевых служб

2. Төмендегі сөйлемдерді орыс тіліне аударыңыз.

Желі – мәліметтерді компьютерлер арасында жеткізетін бір – бірімен қатынас құру құралдары, яғни компьютерлік желі (байланыс желісі, есептеу желісі). Бір – бірімен мәлімет алмасу мүмкіндіктерімен (кабельдермен, радиоарналармен) байланысқан жұмыс станциялары, коммутация тораптары, серверлер және т.б. құрылғылар жиыны.

  1. Мәтінге қажетті сөздер мен сөз тіркестерін оқыңыз, аударыңыз.

Интернет желісі, қорғаныс министрлігі, байланыс желілері, үлкен аумақ, сау желілер, бөліктері бұзылған, өзара байланысы, желілердің желісі, компьютерлер торабы, желілік нүктелері, өкімет мекемелерінде, жергілікті кітапхана, ішкі мәліметтер, компьютерлік жүйелер, мәлімет базалары, жергілікті қорлар, құжаттық мәліметтер, нақты себептері, жаңалықтар тобы, жиналған мәліметтер, күнбе-күн, тікелей байланыстар, тұрақты қосылмайтын байланыстар, пошталық байланыстар.

  1. Мәтінді оқыңыз, аударыңыз.