Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК каза тілі.doc
Скачиваний:
54
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
1.14 Mб
Скачать

XII сөж тапсырмасы

1. Жаңа сөздерді жаттаңыз.

желі арқылы байланыс - связь через сеть

желі бойымен байланыс – связь по сети

желі сипаттамасы – характеристика сети

желі торабы – узел сети

желіаралық алмасу – межсетевой обмен

желідегі жұмыс – работа в сети

желілік адрес – сетевой адрес

желілік қосылыс торабы – узел сетевого соединения

желілік құрылым – сетевая структура

желімен байланыс – связь с сетью

желінің артықтығы – избыточность сети

желілердің жұмысы – сеть сетей

желінің істен шығуы – отказ сети

желілердің желісі –сеть сети

желілік қызметтерді орнату – установка сетевых служб

2. Мәтінді мазмұндаңыз.

Internet желісі

INTERNET желісін алғашқы дүниеге келтіруге себеп болған 70-жылдар басында АҚШ Қорғаныс министірлігінің APRANET КОМПЬЮТЕРЛІК жүйесі болып саналады, онда соғыс жағдайында байланыс желілерінің жұмысы зерттелген еді.

INTERNET-ке қосылу дегеніміз – басқа жерлерде тұрған 1000-даған компьютерлік жүйелермен байланысу деген сөз. Желідегі компьютерлерден өкімет архивіндегі, университеттің мәлімет базаларындағы, жергілікті қорлар көлеміндегі, кітапхана каталогтарындағы құжаттық мәліметтерді, суреттерді, дыбыс клиптерін, бейнелерді және т.б. цифрлық түрге айнала алатын барлық ақпаратны ала аласыз.

INTERNET-ті пайдаланудың нақты себептері өте көп. Мысалы, сіздің Бурабайға барып дем алғыңыз келіп отыр, сол жердегі аквелангпен жүзуге ыңғайлы орын туралы білгіңіз келеді дейік.

INTERNET-тің бар мүмкіндігін, онда жиналған мәліметтерді де түгел айтып беру қиын. Оның үстіне күнбе-күн оған жаңа мәліметтер келіп түсіп жатады.

INTERNET-пен байланысқан провайдер компаниясы деп аталатын мекемелер әрбір компьютерді INTERNET-ке қосып бере алады. Желіге қосылудың бірнеше түрі бар, олар:

  • қосылып тұратын тікелей байланыстар (кіру жолдары);

  • тұрақты қосылып тұрмайтын байланыстар (кіру жолдары);

  • пошталық байланыстар.

3-жаттығу. Төмендегі схема бойынша сөйлем құрастырыңыз.

  1. _______________, _____________ .

  2. _______________ де _______________.

  3. _______________ де ___________, _____________ да ___________.

  4. _______________, әрі __________________.

  5. _______________ , ____________________.

4-жаттығу. Мына сөйлемдерден түсіндірмелі салаласты тауып, оның ерекшелігін түсіндіріңіз.

Ол-қызына екі пікірді сіңіруге қатты тырысты: бірі-бұлжымайтын тұрақтылық, екіншісі-айнымайтын махаббат (С.М.)3. Розаның үстінде қолпылдаған кең ескі куртка, басында ақ орамал тартқан, қолында сырлы кішкене бидон (Т.Досп.). 5. Шыңдалған рельстің өң бойын кезек-кезек қараймын,-көзге түсетін ештеңе жоқ: серіктерім де қарайды,-олар ештеңе көре алмайды (С.М.). Оқушылары әр қилы: әйел, еркек, үлкен, кіші, бала-бәрі аралас (Ғ.Мұст.). Ұсыныс сол: сөз өздеріне берілсін (М.И.).

5-жаттығу. Мына сөйлемдерді толықтырыңыз.

... , бірақ ол кешігіп келді.

... , сонда да тапсырманы жақсы орындады.

... , бірақ жұмысты уақытында орындады.

... , сонда да жауабы дұрыс болды.

... , бірақ ол көп көмектесті.

... , бірақ суға шомылдық.

6-жаттығу. Мына сөйлемдерді аяқтаңыз.

Қыс түсті, бірақ ... . Біздің оқытушымыз өте қатал, бірақ ... . Күн жылы болды, сонда да ... . Қазақ тілі қиын, бірақ ... . Жолдасым ауырып қалды, сонда да ... . Ол тез жазады, сонда да ... .

7-жаттығу. Берілген жай сөйлемдерге өз ойларыңнан сөйлем қосып, қарсылықты салалас құрмаласқа айналдырыңыздар.

1. Жүріп келе жатқанымызға жарты сағаттай болды, ... . 2. ... алайда тағы бірнеше күн жаттығу жасауымызға тура келді. 3. ... машина орнынан қозғалмайды. 4. ... , - Сейтен үйінде жоқ болып шықты. 5. ... , дегенмен Әйткен бұған мойыған да, ренжіген де жоқ. Сапардың мына сөзі Жарқынның намысына тиді, сонда да ... .