Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК каза тілі.doc
Скачиваний:
54
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
1.14 Mб
Скачать

IX сөж тапсырмасы

Жаңа сөздерді жаттаңыз.

Қайта жүктеу – перезагрузка

Келеңсіз әрекеттер – непредвиденные действия

Ауру жұққан –болезнотворный

Жұғады - заражать

Бүлінген - поврежденный

Жабысқан – прилепиться

Жасыру – укрыть

Зиян – убыток

Кері әсер - обратное влияние

Әдеттегідей – привычный

Тұрақты сақталу- постоянная сохранения

Оқтын-оқтын- время от времени

Екпіндету-форсировать, стремиться вперед

2. Мәтінді мазмұндаңыз. Компьютерлік вирустар

Компьютерлік вирус - арнайы жазылған шағын көлемді (кішігірім) программа. Ол өздігінен басқа программалар соңына немесе алдына косымша жазылады да, оларды “бүлдіруге” кіріседі, сондай-ақ компьютерде тағы басқа келеңсіз әрекеттерді істеуі мүмкін. Ішінде осындай вирус табылған программа “ауру жұққан” немесе “бүлінген” деп аталады. Мұндай программаны іске қосқанда алдымен вирус жұмысқа кірісіп, оның негізгі функциясы орындалмайды немесе қате орындалады. Вирус іске қосылған программаларға да кері әсер етіп, оларға да “жұғады” және басқа да зиянды іс-әрекеттер жасай бастайды (мысалы, файлдарды немесе дискідегі файлдардың орналасу кестесін бүлдіреді, жедел жадыдағы бос орынды жайлап алады және т.с.с.).

Өзінің жабысқанын жасыру мақсатында вирустың басқа программаларды бүлдіруі және оларға зиян ету әрекеттері көбінесе сырт көзге біліне бермейді.Оның кері әсері белгілі бір шарттарды орындағанда ғана іске асады. Вирус өзіне қажетті бүлдіру әрекеттерін орындаған соң, жұмысты басқаруды негізгі программаға береді, ал программа алғашында әдеттегідей жұмыс істей береді. Сөйтіп ол программа бұрынғы қалпынша жұмысын жалғастырып, сырт көзге “вирус жұққандығы” бастапқы кезде байқалмай қалады.

Вирустың көптеген түрлері ЭЕМ жадында DOS-ты қайта жүктегенше тұрақты сақталып, оқтын-оқтын өзінің зиянды әсерін тигізіп отырады.

Вирустың зиянды іс-әрекеттері алғашқы кезде жұмыс істеп отырған адамға байқалмайды, өйткені ол өте тез орындалып әсері онша білінбеуі мүмкін, сондықтан көбінесе адамдардың компьютерде әдеттегіден өзгеше жағдайлардың болып жатқанын сезуі өте қиынға соғады.

Қазіргі кездегі вирустар негізгі екі топқа бөлінеді:

  • резиденттік (компьютер жадында тұрақты сақталатын) вирустар;

  • резиденттік емес вирустар.

Вирус жұққан программа іске қосылғанда резиденттік вирустар әсерлене әрекет етеді, олар жедел жадыға көшіріліп жазылып, алғашқы бірсыпыра уақытта әсері сезілмегенмен, соңынан бірден іске қатты кіріседі. Ал, резиденттік емес вирус жедел жадқа тұрақты күйде жазылмайды, бірақ вирустың әсері тиген программа іске қосылғанда ол екпіндете түседі де, өзі жұмыс істеп тұрған каталогтан немесе РАТН командасына көрсетілген каталогтардан өзі ішіне байқаусыз еніп кететін файл іздейді.

3-жаттығу. Оқыңыз. Сөйлемдерден анықтауышты табыңыз.

1. Сөзді жылдам жазу тәсілін стенография дейді. 2. Арменияда Шане Церумян ойлап тапқан стенографияның жаңа жүйесі қолданыла бастады. 3. Мұзды мұхиттан соққан суық желді осы қалың орман бізге өткізбейді. 4. Тайганың қары қалың болады. 5. Біздің еліміз бай әрі күшті ел.

4-жаттығу. Оқып, орыс тіліне аударыңыз. Төмендегі сұрақтарға жауап беріңдер. Сөйлемдердегі анықтауыштың орнын, жасалуын түсіндіріңдер.

Түркістан

Әр халықтың қадір тұтатын жері, бас иер мекені бар. Біздің қазақ халқының сондай қасиетті жері – Түркістан қаласы. Түркістан - тек қазақ халқының емес, бүкіл түркі халықтарының рухани орталығы. Түркістан қазақ хандығының мемлекет болып қалыптасуына тікелей ықпал етті, халқымыздың рухани және саяси орталығы болды. 12 ғасырда көне Иасы шаһарында Қожа Ахмет Иассауи дүниеге келді. Ол әлемге белгілі философ, ақын, жазушы адам болды.

5-жаттығу. Кестемен танысып, өз мысалдарыңызды келтіріңіз.

Тура толықтауыш

Жанама толықтауыш

Табыс септігінің сұрағына жауап береді.

Кімді?(кого)

Нені? (что)

Сания дәптерді(нені?) алды.

Руслан Есенді(кімді?) шақырды.

Барыс(кімге? неге?), жатыс(кімде?, неде?),

шығыс (кімнен?неден?),

көмектес(кіммен?немен?)

септіктердің сұрақтарына жауап береді

Дүкенге, кемеге

Дәптерде, сөмкеде

Кинодан, көліктен

Досыммен, машинамен