Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК каза тілі.doc
Скачиваний:
54
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
1.14 Mб
Скачать

Internet желісі

INTERNET желісін алғашқы дүниеге келтіруге себеп болған 70-жылдар басында АҚШ Қорғаныс министірлігінің APRANET КОМПЬЮТЕРЛІК жүйесі болып саналады, онда соғыс жағдайында байланыс желілерінің жұмысы зерттелген еді. Желі нүктелерінің үлкен аумақта шашырап жатқандығына және олардың бір-бірімен қосылу желілерінің күрделілігіне байланысты оның аздаған бөліктері бұзылғанмен сау желілердің өзара байланысы жылдам қайта құрылып, қалыпты жағдайына келе алатыны айқындалды.

Дегенмен INTERNET тек желі ғана емес, ол – желілердің желісі. INTERNET көптеген байланыс желілерін бір-бірімен біріктіріп, дүниедегі ең үлкен компьютерлер торабын құрады.

Оның қарапайым желілік нүктелері өкімет мекемелерінде, университеттерде, коммерциялық фирмаларда, жергілікті кітапхана жүйелерінде, тіпті мектептерде де орналасқан.

INTERNET-тің бір ерекшелігі оның құрамындағы көптеген компьютерлер нақты BBS тәрізді жұмысты істейді (шындығында, INTERNET компьютерлерінің көпшілігі BBS сияқты істемейді, бірақ әркім одан файлдар алып, мәліметтер базасын пайдаланып, яғни оның ішкі мәліметтерін пайдалануға мұрсат алады). INTERNET-ке қосылу дегеніміз – басқа жерлерде тұрған 1000-даған компьютерлік жүйелермен байланысу деген сөз. Желідегі компьютерлерден өкімет архивіндегі, университеттің мәлімет базаларындағы, жергілікті қорлар көлеміндегі, кітапхана каталогтарындағы құжаттық мәліметтерді, суреттерді, дыбыс клиптерін, бейнелерді және т.б. цифрлық түрге айнала алатын барлық ақпаратты ала аласыз.

INTERNET-ті пайдаланудың нақты себептері өте көп. Мысалы, сіздің Бурабайға барып дем алғыңыз келіп отыр, сол жердегі аквелангпен жүзуге ыңғайлы орын туралы білгіңіз келеді дейік.

Олай болса, “scuba” (акваланг) жаңалықтар тобын қарап шығу керек, мүмкін сонда демалған біреу мәліме берген болар, әйтпесе сұрағыңызды сонда енгізіп, күтіңіз. Біреу сізге жауап беріп қалар (үлкен ықтималдықпен жауап алатыныңызға сенгіміз келеді).

Әлде әр түрлі заттар жинайтын коллекционермен танысқыңыз келе ме, жоқ әлде торт жасау рецептеріңіз дейсіз бе? IBM суперкомпьютерімен шахмат ойнауға қандайсыз? Периодты әдебиет жөніндегі анықтамалықты қарап, Ресей журналдарын оқуыңызға болады.

INTERNET-тің бар мүмкіндігін, онда жиналған мәліметтерді де түгел айтып беру қиын. Оның үстіне күнбе-күн оған жаңа мәліметтер келіп түсіп жатады.

INTERNET-пен байланысқан провайдер компаниясы деп аталатын мекемелер әрбір компьютерді INTERNET-ке қосып бере алады. Желіге қосылудың бірнеше түрі бар, олар:

  • қосылып тұратын тікелей байланыстар (кіру жолдары);

  • тұрақты қосылып тұрмайтын байланыстар (кіру жолдары);

  • пошталық байланыстар.

4. Сұрақтарға жауап беріңіз.

1. Интернет желісі қашан пайда болды?

2. Интернет қандай желі?

3. Интернетке қосылу дегеніміз не?

4. Интернеттен қандай ақпараттарды алуға болады?

5. Интернет желісіне қосылудың неше түрі бар?

Ыңғайлас салалас

Түрлері

Мысалдар

Жалғаулықтары

жалғаулықты

Бұл уақыттың ішінде ел де өзгерді, адамдар да өзгерді.

Қоңырау соғылды да, балалар орындарына отырды.

Бүгін әрі жұмысымыз көп болды, әрі жиналысқа қатыстық

да, де

әрі, және

жалғаулықсыз

Қоңырау соғылды,сабақ бітті.

5-жаттығу. Мына жай сөйлемдерден ыңғайлас салалас құрмалас сөйлем жасаңыз.

Гүлсара мен Оля жазғы демалысты жақсы өткізді. Нұраш ағасына қаламмен хат жазды. Өсімдіктер бос топырақта жақсы өседі. Залдың оң жағында киім шешетін бөлме бар.

6 - жаттығу. Жалғаулық шылаулардың қайсысы ыңғайлас салаласта, қайсысы бірыңғай мүшелі жай сөйлемдерде жұмсалғанын ажыратып, себебін түсіндіріңіз.

1. Тың көтеруде де, егін жинауда да олар совхоз бойынша алда болды. 2. Кабинетке Нұржамал мен Баймұрат кірді де, ендігі назар соларға ауды (М.И.). 3. Жазғы таң ұйқыдан әрі тез, әрі сергек оянды. 4. Молынан алуға елдің бұрын күші де жетпеген, мүмкіндігі де болмаған (Ғ.С.) 5. Жердің ойлы-қырлы бедеріне қарай және кеңнің жатыс ыңғайына, формасына қарай тау қазбаларының түрі де әр түрлі келеді. 6. Кей металдар табиғатта өте аз және таза түрінде кездесуі сирек (А.Маш.).

7-жаттығу. Түсіндірмелі салалас сөйлемдердің мәнін, құрылымдық ерекшелігін, тыныс белгілерін түсіндіріңіз.

Ол аулаға кіре бергенде байқады: үйге алыстан қонақтар келген сияқты. Оқудың төлем ақысы өзгерді: оқу жылының басынан бастап төлемі 2 есе көтеріледі. Жақында мен байқадым: ауылда бұрын тұрған кісілер, көшіп кетіпті. Өмір сүрудің екі түрі бар: шіру мен жану. Алаң толған адам: кәрісі де жасы да концерт тамашалауға жиналған.

8-жаттығу. Оқыңыз. Сөйлемдерді қажетті алайда, біресе, және, де, бірақ жалғаулықтары арқылы байланыстырыңыз.

1. Көктемнің алғашқы гүлдері гүлдеді, ... даланың беті көктей бастады.2. Мен үндемедім, ... үндеуді қажет те көрмедім. 3. Бұл топ мектеп үйін тамызда бітіреді, ... сабақ бірінші қыркүйекте басталады. 4. Күз түсті, .. күн әлі жылы. 5. Мен кітабымды беріп едім, ... ол алмады. 6. Олар біресе ән салды, ... домбыра тартты. 7. Менің әкем жақсы аңшы, ... ол кісі кейде мылтықты дұрыс қолдана алмайды

9-жаттығу. Сөйлемдерді қарсылықты жалғаулықтар арқылы жалғастырып жазыңыз.

Күн жылынды,.............. . Бекен шахмат үйірмесіне қатысады,....... .

Ақмарал кітапханаға бара жатыр,.............. . Оқу жылы аяқталып келеді, ....

10-жаттығу. Мына сөйлемдерді қазақ тіліне аударыңыз.

Я хотел перевести текст, но у меня не было словаря. Погода была пасмурная, но мы все же поехали в лес. Я проголодался, но все же не пошел в столовую. Дорога была ровной, но все же мы устали. На празднике детей было много, но все же всем хватило подарков.