Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК каза тілі.doc
Скачиваний:
54
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
1.14 Mб
Скачать

12. Баға қою саясаты Пән бойынша білім бағалау кестесі

Студенттердің орындайтын жұмыс түрлері

Ұпай саны

Min/ max

1.

Ағымдық бақылау:

  • практикалық сабақтар

  • өздік жұмыс

  • реферат үшін

150/450

5х 45= 225

7х30=210

5х3=15

2.

Аралық бақылау:

Семестрде 2 рет аралық бақылау болады

Ескерту:Университетте қабылданған бағалаудың рейтінгілік жүйесін ескере отырып, студенттердің қортынды рейтінгісі (ұпайы) 0.1 коэффициентіне көбейтілген ағымдық және аралық бақылаудың нәтижесінен алынған балдардың қосындысынан анықталады.

Қ.Б = (Ағ.б + Ар.б) х 0.1;

Қ.Б =(450+200) х 0.1= 65

10/20

100х2= 200

Жиынтығы:

33/65 ¥пай

3.

Қорытынды бақылау

Емтихан

18/35

Барлығы:

50/100 ұпай

Емтихандағы баға

Бағаның ұпай пайызы (%)

1

3 (қанағаттанарлық)

18/23

2

4(жақсы)

24/29

3

5(өте жақсы)

30/35

13. Студенттердің білімін бағалау шкаласы

Әріптік жүйемен бағалау

Ұпайдың цифрлық баламасы

Ұпайдың проценттік мазмұны

Дәстүрлі жүйемен бағалау

А

4,0

95-100

өте жақсы

А-

3,67

90-94

В+

3,33

85-89

жақсы

В

3,0

80-84

В-

2,67

75-79

С+

2,33

70-74

қанағаттанарлық

С

2,0

65-69

С-

1,67

60-64

Д+

1,33

55-59

Д

1,0

50-54

Ғ

0

0-49

қанағаттанарлықсыз

Практикалық сабақтар

І сабақ. Қазақстанды компьютерлендіру

1. Мәтінге қажетті сөздер мен сөз тіркестері, терминдер:

Дербес компьютерлер, ақпарат, электронды есептеуіш машина, қолданбалы бағдарлама, интернет желісі, еңбек құндылығы, ақпараттық мәдениет, өрмекші тор, білім құндылығы, жүйелілік, аспаптық, мәліметтің сақталуы, табиғи байлықтар, оқу-ағарту саласы, ақпараттандыру туралы, ақпараттарды іздеу, бағалы зат, ақпараттарды өңдеу, бөлменің ауқымындай, пайдаланушылардың жұмыс істеуі үшін, орындау жүйесі, есептеуді жеңілдетуге, мемлекеттің даму деңгейін анықтайды, кәсіби ақпараттық технологиялар, жеке пайдаланылатын компьютерлер.

2. Орыс тілінен қазақ тіліне аударыңыз.

Персональные компьютеры, ақпарат, обработка, прикладная, системные, инструментальные, паутина, ценность труда, определенные инструкции, взять руководство, обеспечивать, компьютерная сеть, природные богатства, цивилизационное развитие.

3. Мәтінді оқыңыз, аударыңыз, Қазақстанды компьютерлендіру

Алғашқы компьютерлер үлкен бөлменің ауқымындай көлемде болды, оны ЭЕМ (электронды есептеуіш машинасы) деп атады.

Дербес компьютерлер ақпараттарды сақтауға, оны өңдеу кезінде есептеуді жеңілдетуге арналған.

Дербес компьютерлердің жұмыс істеуі, оған’’бағдарлама’’ деп аталатын арнайы нұсқауларды ендірмей мүмкін емес.

Бағдарламаның үш түрі бар: қолданбалы – пайдаланушылардың жұмыс істеуі үшін, жүйелілік – қолданбалы бағдарламаның жұмыс істеуі, аспаптық – жаңа бағдарлама жасау үшін. Жүйелілік бағдарламаның ең күрделісі – операция орындау жүйесі (Microsoft фирамсының MS DOS, Windows-95 және Windows NT Workstation). Олар компьютерді басшылыққа алып, бағдарламаларды іске қосады және мәліметтің сақталуын қамтамасыз етеді.

1952 жылы АҚШ–та пайдаланушылардың ақпараттарды іздеуге және өзара алмасуға қолайлы Интернет компьютерлік желісі құралады. Нәтижесінде Интернет планетадағы барлық компьютерлік жүйелердің басын қосатын дүние жүзілік ’’өрмекші торға’’ айналды. 20 ғасырда болашақ қоғамның қалыптасуында шешуші роль информатика мен компьютерлендіруге түсіп отыр. Онда негізгі бағалы заты ақпарат болмақ.

21 ғасырдың бас кезіндегі адамзаттың даму процесі ақпараттық қоғамның қалыптасуымен ерекшеленеді, оның негізгі бағыты ақпарат және оны өңдеу ұғымымен анықталады. Осыған байланысты бірінші кезекке қарапайым еңбек құндылығы мен табиғи байлықтар емес, білім құндылығы шығады. Ақпарат мемлекеттің даму деңгейін анықтайтын стратегиялық ресурсқа айналып, ақпараттық мәдениетті қалыптастыру, яғни мәлімет өңдеу мен оны тасымалдау ісін атқару өркениетті дамудың қажетті шарты болып табылады.

Бұдан былайғы қоғамның жалпы инфрақұрылымын ақпарат жинау, сақтау және тарату құралдары мен тәсілдері анықтайтын болады. Сондықтан біздің елімізде де осы мәселелерге көп көңіл бөлінуде, оның бір айғағы ретінде Қазақстан Республикасының ’’Ақпараттандыру туралы’’ Заңының (8.05.2003 ж.) шыққанын айту жеткілікті шығар.

Соңғы кездегі жеке пайдаланылатын компьютерлердің өндірісте, бизнеске кеңінен қолданыла бастауы жалпы көпшілікке кәсіби ақпараттық технологияларды пайдалана білудің аса қажеттігін көрсетеді. Осы мақсатта ’’ Қазақстанның 2030’’ даму жолындағы президенттік стратегияда елімізде ғылым, басқару және оқу – ағарту салаларында компьютерлік базаны кеңінен ендіру көзделіп отыр.