Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК каза тілі.doc
Скачиваний:
54
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
1.14 Mб
Скачать

IX сабақ. Компьютерлік вирустар

1. Мәтінге қажетті сөздермен, сөз тіркестерін оқыңыз, аударыңыз.

Шағын көлемді, келеңсіз әрекеттер, іске қосу, негізгі функциясы, кері әсер, зиянды іс-әрекеттер, жедел жады, бағдарламаларды бүлдіру, сырт көз, жұмысты басқару, вирус жұқтыру, әсері білінбеуі мүмкін, өзгеше жағдайлар, вирус жұққан бағдарлама, әсерлене әрекет етеді, бірсыпыра уақыт.

2. Жаңа сөздер мен, сөз тіркестерімен танысыңыз.

Қайта жүктеу – перезагрузка

Келеңсіз әрекеттер –непредвиденные действия

Ауру жұққан –болезнотворный

Жұғады - заражать

Бүлінген - поврежденный

Жабысқан – прилепиться

Жасыру – укрыть

Зиян – убыток

Кері әсер - обратное влияние

Әдеттегідей – привычный

Тұрақты сақталу- постоянная

сохранения

Оқтын-оқтын- время от времени

Екпіндету-форсировать,

стремиться вперед

  1. Мәтінді оқыңыз, аударыңыз.

Компьютерлік вирустар

Компьютерлік вирус - арнайы жазылған шағын көлемді (кішігірім) бағдарлама. Ол өздігінен басқа бағдарламалар соңына немесе алдына косымша жазылады да, оларды “бүлдіруге” кіріседі, сондай-ақ компьютерде тағы басқа келеңсіз әрекеттерді істеуі мүмкін. Ішінде осындай вирус табылған бағдарлама “ауру жұққан” немесе “бүлінген” деп аталады. Мұндай бағдарламаны іске қосқанда алдымен вирус жұмысқа кірісіп, оның негізгі функциясы орындалмайды немесе қате орындалады. Вирус іске қосылған бағдарламаларға да кері әсер етіп, оларға да “жұғады” және басқа да зиянды іс-әрекеттер жасай бастайды (мысалы, файлдарды немесе дискідегі файлдардың орналасу кестесін бүлдіреді, жедел жадтағы бос орынды жайлап алады және т.с.с.).

Өзінің жабысқанын жасыру мақсатында вирустың басқа бағдарламаларды бүлдіруі және оларға зиян ету әрекеттері көбінесе сырт көзге біліне бермейді.Оның кері әсері белгілі бір шарттарды орындағанда ғана іске асады. Вирус өзіне қажетті бүлдіру әрекеттерін орындаған соң, жұмысты басқаруды негізгі бағдарламаға береді, ал бағдарлама алғашында әдеттегідей жұмыс істей береді. Сөйтіп ол бағдарлама бұрынғы қалпынша жұмысын жалғастырып, сырт көзге “вирус жұққандығы” бастапқы кезде байқалмай қалады.

Вирустың көптеген түрлері ЭЕМ жадында DOS-ты қайта жүктегенше тұрақты сақталып, оқтын-оқтын өзінің зиянды әсерін тигізіп отырады.

Вирустың зиянды іс-әрекеттері алғашқы кезде жұмыс істеп отырған адамға байқалмайды, өйткені ол өте тез орындалып әсері онша білінбеуі мүмкін, сондықтан көбінесе адамдардың компьютерде әдеттегіден өзгеше жағдайлардың болып жатқанын сезуі өте қиынға соғады.

Қазіргі кездегі вирустар негізгі екі топқа бөлінеді:

  • резиденттік (компьютер жадында тұрақты сақталатын) вирустар;

  • резиденттік емес вирустар.

Вирус жұққан бағдарлама іске қосылғанда резиденттік вирустар әсерлене әрекет етеді, олар жедел жадқа көшіріліп жазылып, алғашқы бірсыпыра уақытта әсері сезілмегенмен, соңынан бірден іске қатты кіріседі. Ал, резиденттік емес вирус жедел жадқа тұрақты күйде жазылмайды, бірақ вирустың әсері тиген бағдарлама іске қосылғанда ол екпіндете түседі де, өзі жұмыс істеп тұрған каталогтан немесе РАТН командасына көрсетілген каталогтардан өзі ішіне байқаусыз еніп кететін файл іздейді.

    1. Сұрақтарға жауап беріңіз.

  1. Компьютерлік вирус қандай бағдарлама?

  2. Компьютерлік вирус қандай әрекеттерді істей алады?

  3. «Ауру жұққан» немесе «бүлінген» бағдарламаны қалай түсінесіз?

  4. Қазіргі кезде вирустар нешеге бөлінеді?

  5. Резиденттік вирустар қандай әрекет жасайды?

  6. Резиденттік емес вирустар қандай әрекеттер жасайды?