Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК каза тілі.doc
Скачиваний:
54
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
1.14 Mб
Скачать

XI сөж тапсырмасы

1. Жаңа сөздерді жаттаңыз.

Қолданушы агент – агент пользователь

Тасымалдау агенттері – агент переноса

Жеткізу агенттері - агент передачи

Алушылар – получатели

Бейнелік мәліметтер – видеосведения

Жүйе –система

Жылдам - быстро

Хабарламаның көшірмесі – ксерокопия сообщения

Жиын – скопление, комплекс

Жөнелту –отправить

Теру – набирать

Тасымалдау – переносить

Нақты тұлға – конкретной фигуре

Тұтынушы - потребитель

2. Мәтінді мазмұндаңыз. Электрондық пошта.

Электрондық поштаның ең елеулі ерекшелігі-оның жылдамдығы. Бірақ оның көпшілік біле бермейтін басқа да ерекшеліктері бар. Электрондық поштаның жылдамдағы телефонмен бірдей, бірақ мұнда екі жақтағы абоненттердің бір сәтте болуы қажет емес. Электрондық поштаның хаттан да басқа сурет, бейнелік мәлімет, дыбыс, программа т.с.с. ақпарат түрлерін де тасылмалдай алатынын айту керек.

Электрондық пошта жүйесі үш бөліктен тұрады:

- қолданушы агенті - әрбір тұтынушыға мәліметтерді оқуға және жанасын құрастыруға мүмкіндік береді;

- тасымалдау агенті - мәліметтерді бір компьютерден екінші компьютерге жеткізеді;

- жеткізу агенті – мәліметтерді оны алушының пошта жәшігіне салып кетеді.

Қолданушы агенті – тұтынушыларға мәліметтерді оқуға және жіберілетін пошталық хабарларды құрастыруға мүмкіндік беретін программалар жиыны. Мұндай агенттерге Windows 95 жүйесіндегі Internet Mail, UNIX жүйсіндегі Mail программалар жатады.

Тасымдалу агенттері - поштаны қолданушы агенттерден қабылдап алып, оны алушылардың адрестерін анықтап, мәліметтерді ары қарай тасымалдау мақсатында басқа компьютерлерге жеткізуді қамтамасыз ететін программалар жиыны.

Sendmail программасы – тасымалдау агенті, ол қолданушы агенті мен жеткізуші агенті арасындағы дәнекер болып табылады. Ал Интернет үшін ол жеткізу агентінің де рөлін атқарады.

Sendmail программасы мынадай міндеттер атқарады:

  • қолданушы теріп даярлаған мәліметтерді басқару;

  • алушылар адрестерін талдау;

  • қажетті жеткізу немесе тасымалдау агентін таңдау;

  • адрестерді жеткізу агентіне түсінікті түрге түрлендіру;

  • тақырыптарды қайта форматтау;

  • түрлендірілген мәліметті жеткізу агентіне жөнелту.

Жеткізу агенттері - поштаны тасымалдау агенттерінен қабылдап алып, оны тиісті пайдаланушыларға жеткізетін программалар тобы. Пошта нақты тұлғаға, таратылу тізімдеріне, файлға, программаға т.с.с. жеткізілуі мүмкін.

3-жаттығу. Аударыңыз. Құрмалас сөйлем құрастырыңыз.

  1. Утром шел дождь. Трава была мокрая.

  2. Солнце зашло за горы. Мы не спешили.

  3. Солнце светило ярко. Днем дождя не было.

  4. Аскар пришел в университет рано. Он подготовился к первой лекции.

  5. Выпал снег. Похолодало.

4-жаттығу. Сөйлемді салалас құрмалас етіп аяқтаңдар.

Мақсат әнді жақсы айтады, ... .

Жангелді әрі реңді, ... .

Қоңырау соғылды да, ... .

Шыңғыс қазақ әндерін де көп біледі және ... .

Қонақта төрде ақсақалдар отыр және ... .

Мына баланың ойы да жақсы, ... .

Алматының жазы да әсем, ... .

Мен мектепті бітірдім де, ... .

Аспирантурада оқыдым және ... .

Қажетті сөздер: төменде жас жігіттер жайғасқан, қысы да ғажап, әрі домбыраны тартады, орыс әндерін де жақсы орындайды, ісі де жақсы, әрі салмақты, сабақ басталды, институтқа түстім, студенттерге сабақ бердім.