Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК каза тілі.doc
Скачиваний:
54
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
1.14 Mб
Скачать

Жаңа ақпараттық технологиялар.

Кәдімгі ақпараттық технологиялар деп, көбінесе қағаз жүзінде әртүрлі иформацияларды дайындау, жинау, өңдеу және жеткізу процестерін айтады.

Жаңа Ақпараттық технологиялар деп, ЭЕМ-дер мен олардың желілері арқылы-әсіресе дербес компьютерлер көмегі арқылы-иформацияны дайындау, жинау, жеткізу және өңдеу технологияларын айтады.

Ақпараттық процестер-адамдар арасында, тірі организмдерде, техникалық құрылғыларда және қоғамдық өмірде ақпаратты жеткізу, жинақтау және түрлендіру процестері.

Дербес ЭЕМ-дер – жұмыста және үйде адамның пайдалануына арналған шағын компьютерлер.

Дербес ЭЕМ-дер журналдар, кітаптар және әр түрлі құжаттар дайындауда мәтін теріп, оны түзету үшін кеңінен қолданылады. Мұндай жұмыста компьютерлердің баспа машинкаларынан артықшылығы талас тудырмайды, олар: қателердің азаюы, материалдарды дайындау жылдамдығының өсуі, оларды безендіру сапасының артуы. Басып шығарылуға тиіс әдебиеттің жоғарғы сапасын қамтамасыз ететін лазерлік принтері бар компьютерлер негізінде істейтін шағын баспа жүйелері, одан да ыңғайлы жабдық болып есептеледі.

Сондай-ақ жаңа ақпараттық технологиялар дегеніміз-ЭЕМ жадында сақталған картотекадағы, каталогтардағы, әр түрлі архивтер мен кітапханалардағы ақпараттарды жинақтауға, біріктіріп сақтауға, керектілерін жылдам іздеп табуға болатын әр түрлі мәліметтер базасы мен ақпараттық жүйелер. Жаңа ақпараттық технологиялардың дамуын ЭЕМ желілерінде негізделген электрондық поштасыз, байланыс желілері мен ақпараттық коммуникацияларсыз көзге елестету мүмкін емес. Қоғамымызды дербес компьютерлермен, ЭЕМ желілерімен, ақпараттық қорлармен толық қамтамасыз етсек, ақпаратты пайдалану, алу және тарату істерін ұйымдастыру жаңа сатыға көтеріледі. Олар бұған дейінгі қолданылған “қағаздағы” ақпаратты алу мен таратуды толықтыра отырып, қоғамымызда ақпараттандыру процестерін арттыра түседі.

Есептеу машиналарын басқару құрылғылары ретінде пайдалану мен автоматтандыруға негізделген осы кездегі жаңа өндіріс технологиялары, оны қайта құру істері мен оған кететін жұмыс көлемін әлдеқайда оңайлатып жіберді. Осыған орай қазіргі “технология” ұғымына, аз дегеннің өзіңде үш компонент - өндіріске керекті жабдықтар, оны құрастыру тәсілдері мен оны ойдағыдай ұйымдастыру жолдары және оның ішіне мәліметтер базасы мен білім базалары, ЭЕМ-да жобалау жабдықтары және т.б. компьютерлік техникалар кіреді.

Кез келген ЭЕМ–мен жұмыс істеу оның бағдарламаларын оқып үйренуден

басталады. Ал әрбір үлкен, орташа, шағын немесе дербес ЭЕМ түрлерінде көптеген бағдарламалық жабдықтар бар, сондықтан ЭЕМ-ді үйрену оның бағдарламаларымен танысудан басталады.

4. Сұрақтарға жауап беріңіз.

1. Кәдімгі ақпараттық технология дегеніміз не?

2.Жаңа ақпараттық технология дегеніміз не?

3. Ақпараттық процестер дегеніміз не?

4. Дербес ЭЕМ дегенімізді қалай түсінесіз?

5. Дербес ЭЕМ-дер не үшін қолданылады?

6. Компьютерлердің баспа машиналардан артықшылығы неде?

7. «Технология» ұғымына неше компонент кіреді?

5-жаттығу. Көп нүктенің орнына тиісті есімдікті қойыңыз. Есімдік барлық жерде бастауыш қызметін атқарып тұр ма?

1. ... іссапарға барғалы жатырмын.

2. Бос уақытымызда ... саябаққа демалуға барамыз.

3. Кеше ... кіре берісте кіммен сөйлестіңіздер?

4. ... Әділет министрлігінде жұмыс істейсіз.

5. ... қазақша еркін сөйлейді.

6. ... мақаланы орыс тіліне аударып отыр.

6-жаттығу. Сөйлемдерден бастауыш пен баяндауыштарды тауып, сұрақтар қойыңыз.

1. Біз жұмысымызды орындадық (выполнили). 2. Директор жиналыс өткізді (проводил). 3. Олар студенттермен сөйлесті (говорили). 4. Дәріс сағат онда басталады. 5. Біз емтиханға дайындалдық (готовились). 6. Біз маусым айында тәжірибе өтуге барамыз. 7. Төрт екіге бөлінеді(делится).