Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ОТВЕТЫ ПО ГОСАМ НА КАЗАХСКОМ 1-6_10-15_23-30.docx
Скачиваний:
81
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
4.09 Mб
Скачать

№ 13 Емтихан билеті

  1. Пәтер типтері, пәтердің функционалды зоналауы.

Элиттік тұрғын үйлер. Қалыптасу орны, архитектурасы бірегейлі. Тұрғын үйде пәтерлер саны 80-нен аспайды. Резервтік жылу жане электро жарылқаушылық системасымен, жабық және қоры-аумағы мен тұрғын үй астында орналасқан автотұрағы болады. Орталық су тазартқыш құрылғымен жабдықталған. Пәтерлер, коридорлар мен баспалдақтардың ауданының арақатынасы 60/40 жақын болуы керек. Төбе биіктігі 3 метрден биік.

Бизнес класс. Пәтерлердің жеке жобасы. Ішкі автотұрағы мен үйге жалғанған жылы өту коридоры. Күзетпен жабдықталған аумақ. Меншікті инфрақұрылым. Ыңғайлы қалыптасу орны.

Комфорт-класс. Бөлме саны бірдей бірақ жобалары бірнеше типті пәтерлердің болуы. Үйдің аумағында автотұрақ орналасады. Аумағы жабық. Балалар ойын алаңымен жабдықталған ауласы бар. Ғимараттың негізгі конструкциясында монолитті темірбетон мен кірпішті қолданған. Меншікті инфрақұрылыммен жабдықталған.

Экономкласс. 90 жылдардын кейін типтік жоба бойынша салынған жаңа үйлер. Совет үкіметі кезіндегі тұрғын үйлерден айырмашылығы ас үй, коридор мен баспалдақ ауласының ауданының кеңдігі. Меншікті инфрақұрылммен жабдықталмаған.

Пәтердің функционалды зоналауы

Пәтерлерді жобалау кезінде тұрмыстық процесстер зоналарын дурыс бақылап орналастырып, кеңістіктің экономиясын қарастырып зоналар бір-біріне сәйкес болуы керек.

Пәтерді зоналау негізгі екі бөлімге бөлінеді. Бір бөлімге жатын бөлмелері мен оларға ілеспелі бөлмелер – дәретханалар, киім ілетін бөлме жатқызады. Ол демалуға, жеке жұмыстар орындауға арналған зона. Бұл зонаны түңгі немесе тыныш зона деп атауға болады, сондықтан кіреберістен алыс және пәтердің түбіне қарай орналастыру қажет. Екінші зона – жанұя жанасушылық, информация қабылдау, қонақ күту үшін арналған зона. Бұл зонаны күндізгі деп атауға болады, кейде пәтердің қоғамдық зонасы деуге де болады. Зонаның құрамына кіреберіс, қонақ бөлме, холл, ас үй, коммуникациялық дәліздері кіреді.

Пәтерді зоналау бір деңгейде кіреберістің екі жағынан көлденең өтуі мүмкін, бірақ бойлы зоналау болғаны қолайлы, сонда тыныш зона пәтердің түбіне қарай орналасады.

Бірнеше қабатты пәтерде зоналау қабат-қабат бойынша орындалады. Жобасы өзгермелі болатын пәтерлер айрықша, оларда қозғалмалы шкаф немесе арақабырғалар көмегімен функционалдық процесске байланысты ішкі кеңістіктің конфигурациясын өзгертуге болады. Мысалы, холл мен тамақ ішу бөлмесін қосу.

  1. Вертикальды коммуникациясы және қоғамдық ғимарат.

Баспалдақ. Вертикальды коммуникациялардың ең маңыздысы баспалдақтар. Олар

  • Кіретін

  • Басты және қызметті

  • Қосалқы (бөлмелер арасында қосымша байланыс үшін)

  • Апат және өрт жағдайына

Баспалдақтарды адамдардың ғимараттан ыңғайлы эвакуациясы мен эксплуатациясына байланысты орнатады.

Басты немесе салтанатты баспалдақтар ғимараттын вестибюль мен орталық бөлімін байланыстырады және ашық болады.

Кіретін баспалдақтар кіреберіс платформа алдында орнатылады.

Қызметтік баспалдақтар қызметтік кіреберіс бар жерде және қвзметкерлер үшін орнатылады. Қосымша баспалдақтар қабаттар арасында қосымша байланыс жасау және қосалқы функционалды процесстерді қамсыздандыру үшін орнатады.

Конструкциясына байланысты:

  • Бірмаршты

  • Екімаршты

  • Үшмаршты

  • Көпмаршты болып бөлінеді

Жобада баспалдақ пішіні марштардың өзара орналасуына байланысты және

  • Тік

  • Тік бұрылыспен

  • Тік айыр

  • Майысқан

  • Сопақ

  • Винтті (см. рис. 7)

Баспалдақтар саны жане орналасу орны ғимараттың сәулеттік-жобалау шешіміне, отқа төзімділігіне, қабат санына және интенсивті халық санына байланысты болады.

Отқа төзімділік үшін баспалдақтар арсында межелі арақашықтық 80 м. Марштың ені 100 адамға 0,6 м есебімен анықталады. Қабат биіктігі 3,3 м болғанда марш ені 1,2 м және баспалдақ торының тереңдігі 5,4 м тең болуы керек, ал егер қабат биіктігі 3,6 болса – 6 м болуы тиіс!

Қоғамдық ғимараттарда басты баспалдақтардың басқыштарының өлшемі 30х15см, қосымша баспалдақтарда – 28х17см. Марш ені мен баспалдақ ауласы баспалдақ қолдануы және қолданатын халық санына байланысты болады. Егер баспалдақты 5 тен көп емес адамдар қолданса, оның марш ені 0,9 м болады. Негізгі баспалдақтар марш ені мин 1,2м, макс 2,4м болуы тиіс. Егер баспалдақ маршының ені одан асқан кезде, баспалдақ бойымен аралық перила орналастырады.

Барлық баспалдақтарда марш ендері бірдей болуы керек, ал баспалдақ ауласының ені марш енімен бірдей немесе одан кең болады. Тек екімаршты айыр баспалдақтарда ортаңғы марштың ені екі шеткі марштарының суммарлы еніне тең болады, ал ортаңғы ауланың ені ортаңғы марш енінің 0,7не тең болады. Марш ені 1,2м баспалдақтарда бір тұтқа орналастырады (түсу қозғалымы бойымен оң жақта).ал егер марш ені 1,5мден асқан жағдайда тұтқа екі жақтан орналастырады. Тұтқа биіктігі басқыштан 0,9м ден кем болмауы тиіс. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін марштардың ені тең және адымдарың биіктігі бірдей болуы тиіс. Бір маршта басқыштар саны 3 тен кем 18 аспауы тиіс. Қоғамдық ғимараттарда баспалдақтармен қатар пандустар орналастырады.

Пандус – адамдардың қозғалысы үшін керек, кабат аралық көлбеу жазық. Өте ыңғайлы вертикалды коммуникация. Орнату ережелері баспалдақ орнату ережелерімен сәйкес. Бірақ көп орынға созылуына байланысты қолдануы шектеулі. Ғимарат ішінде көлбеу 1:7, сыртта 1:8 болады, ең ыңғайлы көлбеу 1:10 мен 1:8 болып келеді. Пандус ені баспалдақтың марш еніне ұйқас келеді. Үлкен, адам көп жүретін ғимараттарды панлус орналастыру тиімді (сауық орталығы, музей, көрме). Бірегей ғимараттарда пандус белсенді шығармашылық рөл атқарады. Ішкі вертикалды механикалық транспорттың негізі түрлері – лифт, экскалаторлар. Олардың қолдану шартын белгілейтін габариттері мен өткізу қабілеті бірнеше түрлі бола алады. 8 рис.

Лифт – вертикалды механикалық транспорттың ең көп тарлған бір түрі. Жолаушылар мен жүк кабинада вертикалды ауыстыруы үшін қатал ереже бойынша, шахтада ғана циклды қозғалатын құрылғы. Лифтті үлкен ғимараттарда: қоғамдық, емхана, және тағы басқаларында қолданады. Түрлері:

  • Жолаушы (жүргінші)

  • Қызмет-шаруашылық

  • Жүк

  • Арнайы емханалық

Жолаушы лифт кәдімгі және шапшаң болып екіге бөлінеді. 5 қабаттан кем емес ғимараттарда орнатылады. Бірақ 5 қабаттан кем емхана, санаториялар және т.б. ғимараттарда қолдануға болады. Жолаушы лифттерінің жүк көтергіштігі 400-750 кг және 4-11 адам сиғызады, жылдамдығы 1-1,5м/с. Жалпы қолданбалы және қызмет-шаруашылық лифттерінде жүк көтергіштігі 1000 – 1500 кг. (14-21 адам), жылдамдығы 1-3,5 м/с. Лифттердің орналасу орны жолаушылардың тез және қатесіз кеңістіктегі ориентациясы мен вестибюлде адам толқының қиылысуларын болдырмау керек. Лифтке өту тез,қолайлы және кіреберіске жақын орналасуы тиіс.

Әдетте 8 қабатты ғимараттарда лифттер баспалдақ торына жақын немесе торы ішінде орналасады. Лифт негізгі, ал баспалдақ қосымша вериткалды коммуникация болып келетін көпқабатты ғимарттарда топталып үйдің түйіндесу бөлімдерінде орналасады. Топтағы лифт саны -8.

Лифт ауласының ені лифт енінен 1,5 дейін кем болмау керек. Үзіліссіз қозғалмалы лифт көпкабиналы үзіліссіз қозғалатын көтергіші 1-2 адам орны бар кабинасы бар лифттер(патерностер). Интервалы, қабат биіктігіне тең, кабиналары шахталық ойықта болат арқандарына ілінген және жолаушылар кіру шығу үшін ойықтары бар. Лифттік шахтаның төбесінде машиналық бөлімше болады, ал астыңғы жақта – бағыттары өзгерген кезде кабиналардың бос қозғалысы үшін түсім орналасады. Рис 8

Экскалатор – басқыштары қозғалмалы адамдарды қабатаралық көтеретін көлбеу механикалық баспалдық. Экскалаторларды әмбебап дүкендерінде, вокзал, метро станциялары сияқты адам толқыны басым жерде қолданады. Экскалаторлардың адамдардың үзіліссіз қозғалысы үшін өнімділігі күшті. Оның өткізу шамасы ендері бірдей кәдімгі баспалдаққа қарағанда 4-5 рет аса тез. Экскалатор лентасы 84,5 см тең өткізу шамасы 4000 адам/сағ. Түрлері:

  • Дара

  • Екі жақты немесе көп ленталы

Түрлері адам толқынына байланысты. Еңіс бұрышы 30°, лента ені – 60-110см (әдетте 80см), жылдамдығы 0,5м/с, адымы – 40см тең.

Әдетте қоғамдық ғимараттарда экскалатор орнатудың үш схемасы қолданылады

  • Параллельді

  • Айқас

  • Ретті марш орнатылуымен

  1. Баухауз- осы заманғы сәулет мектебі

Ба́ухауз (нем. BauhausHochschule für Bau und Gestaltung  - құрылыс және көркем құрастырудың жоғарғы оқу орны. 1919-1933 жылдары аралығында болған Германиядағы оқу орны. Және де осы мекемеде қалыптасқан көркемдік одақ пен оған сәйкес сәулеттегі бағыт.

ХХ ғасырда сәулеттің сыртқы келбетін анықтайтын ХV- XIX ғасырларға дейін болған классикалық ордерлердің жаппай қолдануы күдіктене(под сомнение) бастады: артық әшекейлеу техникалый реалиге сәйкеспей, орнаменттілікті қабылдамай, архитекторлар көпғасырлық дәстүрді өзгертті. Бас кезде жаңа ғимарттарды қабылдау қиын болды, бірақ уақыт өте халық анық келбет пен ұйысқан пішіндерге үйрене бастады. Оның қайнар көзі – Баухауз болды, «функционализм» атына әкелетін теория, яғни не пайдақорлық, не ыңғайлы, сол әдемі. Бірақ бұл толық дұрыс емес: функционализмнің таңдаулы шығармалары күшті, өйткені дизайнерлердің әдемділікті айыра білуі және көркемдік сезімі жақсы болған.

1919 жылы мектепте ашылған «Манифестте» сәулет дизайндағы жетекші бағыт болып саналды, қолданбалы және әсем өнердің арасындағы теңдік принциптері жарияланды, өнеркәсіптік өнімнің сапасын көтеру идеяларын ресми мәлімдеді. Бағыттың негізін салушылар мақсаты халықтың жаппай қажеттілігін қанағаттандыру және өнеркәсіп тауарларын әдемі, бағасы қолайлы және максималды ыңғайлы ету.

Баухауз оқу орны 1919 жылы 25 сәуір Веймар қаласында Саксон-Веймар көркем өнер жоғары мектебі мен Анри Ван де Вельде негізін қалаған Саксон-Веймар қолданбалы өнер мектебінің қосылуы негізінде құрылған.

Веймар республикасы кезінде мұғалімдер мен оқушыларда өнерге деген ерекше және жаңашыл көзқарасы болды. Гропиустың ой-пікірі бойынша, архитектура қатал функционалды, экономды дәне жаппай өндірістік технологияға бағытты болуы керек. Мектеп біраттас журнал мен Баухаус кітап топтамасын шығарған.

1925 жылы Веймар өкіметі мектепті қаражаттандыруды тоқтатты, содан мектеп жабылып Дессау қаласына көшті. 1919-1928 жылдары аралығында мектеп директоры Гропиус болды, кейін оның орнына Ханнес Мейер келді, ал 1930 жылы директор орнына Людвиг Мис Ван дер Роэ болды. Бұлардан тыс көптеген жетекші архитекторлар мен художник-авангардтары мұғалім болып жұмыс істеген, ішінде: И. Иттен, Л. Мохой-Надь, П. Клее, В. Кандинский, Л. Фейнингер, О. Шлеммер, Г. Маркс, Ю. Шмидт, Г. Штёльцль.

1933 жылы нацист өкіметі мектепті жойып тастады. Олар мектепті коммунизм ордасы деп санаған.

Гропиус өндіріспен байланысты бекемдеуді көндіргісі келді. Баухауздың оқу шеберханалары жобалап-эксперименттеу орындарына ауысып кетті. Онда жаппай тұтынушыларға жоғарысапалы, қымбат емес тұрмыстық заттар жасаған. Мысалы, жиһаз шеберханаларында болат құбырын қосып стол мен орындықтар жасаған – ыңғайлы, оңай өзгеретін, арзан.

Баухауздың эстетикалық жаңашылығы, жаппай типті құрылысқа және сериялы өнеркәсіпке деген бейілділігі, әлеуметтік мәселені шешуде қатысуды тілеген.