Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ОТВЕТЫ ПО ГОСАМ НА КАЗАХСКОМ 1-6_10-15_23-30.docx
Скачиваний:
81
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
4.09 Mб
Скачать

3. Афиналық акрополь архитектурасы.

Афиналық акрополь  (греч. Ακρόπολη Αθηνών) — Афина қаласында 156 метр биіктікте орналасқан бекініс. (шамамен ұзындығы 300 м, ені 170 м)

Афиналық акрополь – әлемдегі ең әйгілі акрополь болып табылады. Ол Грецияда Афина қаласындағы Акрополис белесінде теңіз деңгейінен 156 м биіктікте орналасқан. Оның ең алғашқы қамалдары классикалық кезеңге дейін қаланған. Архаика кезеңінде бұл жерлерде атақты шіркеулер, мүсіндер, басқа да әулие жерлер орналасқан. Ал микеналық кезеңде (б.з.д. ХҮ-ХІІІ ғғ) негізгі патшалық орталық орналасқан жер болған. Б.з.д. ҮІІ-ҮІ ғғ Акрополде үлкен құрылыс жұмыстары жүргізілген. Қатыгез билеуші Писистрате (б.з.д. 560-527 жж) кезінде патшалық орталықтың орнына Афиналық әйел құдай Гекатомпедон құрметіне шіркеу салынған болатын. Бірақ бұның бәрі Афинаны б.з.д. 480 жж жаулап алған персиялық патша Ксеркс кезінде жойылды. Жаңа Акропольдың архитектуралық жобасы Перикл кезінде іске асты. Құрылыс 18 жыл бойы Периклдың досы, грекиялық ұлы мүсіншілердің бірі – Фидияның басшылығымен іске асты. Жалпы бұл архитектуралық кешеннің салынуына б.з.д. Ү ғасырдың екінші жартысы кетті.

Акропольге кіретін есікте тереңірек колоннада діңмаңдайша орналасқан. Ондағы жанама есіктер жаяу жүретін адамдарға, ал ортаңғы есік құрбандыққа шалатын жануарларды алып кіретін арбалар өтуге арналған. Пропилеяның сол жағынан пинакотека ғимараты жалғасып салынған. Онда Аттика қаһармандарының суреттері қойылған галлерея орналасқан. Ал оң жағында жеңіс құдай Никаға («Қанатсыз жеңіс») арналған тікбұрышты Ники Аптерос шіркеуі тұрғызылған. Пропилейден кейін белестің жалпақ тасты шыңында Афинаның үлкен қола мүсіні Промахос (Жауынгер әйелдер) тұрғызылған.

Ең басты және ең негізгі назар аударатын ескерткіш – Парфенон болып табылады. Ол – осы жердегі ең үлкен құрылыс, оны Ежелгі Грекияның «әнұраны» және «қарапайымдылық символы» деп те атайды. Парфенон ескерткішін архитекторлар Иктин және Калликрат салған.

Парфенона ғимараты жергілікті ақ мәрмәр тастан тұрғызған. Биік тұғырда архитектор Фидияның жұмысы 12 метрлік Афина-Бикеш мүсіні орналастырылған. Бұл мүсін хризоэлефантин (әдеттегідей қола мен мәрмәр тастан емес, пілдің сүйегі мен алтыннан) жасалған. Шіркеудің ішкі бұйымдары сақталмаған, тек кішкене бөлігін Парфенон артында орналасқан мұражайда көруге болады. Әсіресе түрік шабуылы кезінде шіркеудің қабырғалы көп зақымданған. Түріктер Ника Аптерос шіркеуін қиратып, оның қираған қабырғаларын зеңбіректер оғынан бекініс ретінде пайдаланған. Кейін гректер барлық дерлік қабырғаларды тауып шіркеуді қайта тұрғызған. Парфенон екі мыңжылдық аралығында қираусыз тұрды. Ол басында хритиандық шіркеу болды, кейін мұсылмандық мешітке айналды. Бірақ, түріктер мен венециандықтар арасындағы бір соғыста, 1687 жылы, венециалық ядро Парфенонға түседі.қатты жарылыс кезінде барлық 46 тұғырдың 14-і қирайды. Тұғырлар кейіннен уақыт келе қайта тұрғызылды, бірақ ғимарат шатырсыз қалды. ХІХ ғасырдың бас кезінде Оттоман империясындағы британиялық елші, лорд Эльджин Грецияның билігінің қарамағында болған кезде Парфенонның фризін әшекелейтін 17 пішін сатып алды және оны ағылшын билігіне сатты.Қазыр ол Лондонның Британдық музейінде сақтаулы.Парфеннонның бөліктерін түп-нұсқа арқылы емес,көшірме арқылы қалпына келтірді.Соңғы он жылдықта Акропольдегі мраморларды жейтін және оны гипске айналдырушы, ең басты қас жауы,қышқылды жаңбыр,улы түтін болды.

.

  1. Парфенон

  2. Гекатомпедон

  3. Эрехтейон

  4. Статуя Афины Промахос

  5. Пропилеи

  6. Храм Ники Аптерос

  7. Элевсинион

  8. Бравронейон

  9. Халькоте ка

  10. Пандросейон

  11. Аррефорион

  12. Афинский алтарь

  13. Святилище Зевса Полиея

  14. Святилище Пандиона

  15. Одеон Герода Аттического

  16. Стоа Эвмена

  17. Асклепион

  18. Театр Диониса

  19. Одеон Перикла

  20. Теменос Диониса

  21. Святилище Аглавры

  1. Парфенон

  2. Гекатомпедон

  3. Эрехтейон

  4. Афина Промахос мүсіні

  5. Пропилеи

  6. Ника Аптерос шіркеуі

  7. Элевсинион

  8. Бравронейон

  9. Халькоте ка

  10. Пандросейон

  11. Аррефорион

  12. Афинский алтарь

  13. Зевс Полией құдай үйі

  14. Пандион құдай үйі

  15. Одеон Герода Аттического

  16. Стоа Эвмена

  17. Асклепион

  18. Дионис театры

  19. Одеон Перикла

  20. Теменос Диониса

  21. Аглавр құдай үйі