Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ОТВЕТЫ ПО ГОСАМ НА КАЗАХСКОМ 1-6_10-15_23-30.docx
Скачиваний:
81
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
4.09 Mб
Скачать

Хай-тек стилінің ерекшеліктері

Хай-тек ультразаманауи стильге жатады. Ол өткен ғасырдың 60-жылдары Англияда пайда болды. Орналасу стилі функционалды тағайындауларға бағытталған өндірістік орындардың дизайны арқылы пайда болды, және бастапқы кезде ерекше стиль ретінде емес, архитектуралық тәсіл түрінде ғана болды. Инженерлік жабдықтар ашық болатын интерьерде декор ретінде құрылымдық тораптар, тіреу, барлық буындар мен тойтарма шегелер, шыны және металл бұйымдар қолданылады. Өндірістік ғимарттарға тән металдық дуалдар мен техникалық коммуникация үйлесімі қолданылады. Мұржа, арматура, лифт, сусорғыштар, қосқыштар, бөрене, фермалар, сымдар – көпшілікке көрсетіледі. Жоғары технологиялар мен конструктивизмнің қосындысы шықты. Мұндай конструктивті ашықтық кеңістіктің күрделі құрылымын жасайды. Зерттеушілер оны британдық эмперизмнің философиялық дәстүрімен, эстетикалық брутализммен («дөрекі» архитектура) және радикалды дизайн ағымдарымен байланыстырады. Хай-тектің британдық көшбасшылары – Номан Фостер мен Ричард Роджерс.

Хай-тектің бірінші ғимараты болып Париждегі Жорж Помпид атындағы өнер Орталығы (Ричард Роджерс, Ренцо Пиано. 1972—1977) табылады – алты шыны параллелепипедтерді сыртқы жағынан тіреу етіп салынған құрылыс. Барлық қызметтік коммуникациялар: лифт, эскалатор, құбырлар сыртқы шығарылды (мұндай құрылыс тиімді аймақтың кең көлемді болуын қамтамасыз етті – 40 мың шаршы км.!) және көзге тез түсетін ашық түстерге боялды.

Екінші хай-тек стиліндегі ғимарат Сайнсбери көрінетін өнер Орталығы болды, осы ғимараттан кейін хай-тек стилі ерекше стиль ретінде қалыптасты. Ол 1977 жылы Шығыс Англияның Нориджа шетіндегі университеті үшін Норман Фостермен салынды. Барлық коммуникациялар мен жұмыс орындары үлкен залдың айналысында қоршала салынды. Құрылысқа жаңа материалдар қолданылды: алюминий, болат, шыны, неопрен.

1986 жылы Роджерс жобасы бойынша «Ллойдс» – сақтандыру компаниясының ғимараты салынды, ол ірі металдық құрылыс, мұржалармен және баспалдақтар және лифтпен қоршалған.

Британдық авторлардың еңбектері (көбінесе, париждік Помпид орталығы) француздық архитекторлардың футуристік конструкцияға қызығушылығын оятты. Соның нәтижесінде, 80 жылдары техностильдің англиялық нұсқасымен қатар, тұрақты, әдемі, орнықты француздың нұсқасы да дами бастады. Француз архитекторларынң ішінде ең танымал өкілі – Жан Нувель болды, ол 1987 жылы Париждегі «Араб әлемінің институтын» жобалаушысы болды.

4. Архитектуралық климатология. Архитектуралық жобалауға өте маңызды климаттық факторлар

Архитектуралық климатология – климаттық жағдайлар мен архитектуралық ғимараттар, кешендер салынуындағы байланысты ашушы ғылым.

Өндіріс ғимарттарын жобалаудағы алғашқы жағдай әр түрлі климаттық аудандарда орналасуына байланысты ғимарттардың ерекшеліктері болып табылады.

СНИП-тің климаттық аудандастыруына сай, аймақ 4 құрылыстық-климаттық аумақтарға бөлінеді. Олардың әрқайсысы өз кезегінде бірнеше климаттық аудандарға бөлінеді. Климаттың маңызды құрауыштарының бірі күн радиациясы, жарықтық және ультракүлгін климаты, сыртқы ауа температурасы, жел жылдамдығы, қысқы және жазғы төменгі температура туралы мәліметтер жатады.

Күн радиациясы туралы мәліметтерге жатады: орынды таңдауда күн түсетін жақ, ол қысқы салқында және жазғы ыстықта ғимарты қорғайды; қабырғалар ыстықтан және суықтар қорғайтын материалдармен жабу, сонымен қатар пластикалық және түстік ерекшеліктер.

Сыртқы температураның жылдық мөлшері туралы мәліметтер кезінде есепке алынады: ғимарттың көлеміне байланысты (солтүстікте іргелі ғиарттар, ал оңтүстікте – павильонды шарбақтармен т.б.); терезелер мен жарық түсіргіштерді таңдағанда; сонымен қатар, ауа желдеткіш орнатуда.

Сыртқы жарықтандыру мәліметтері (бұлтты аспаннан түсетін жарықтан түсетін) кезінде ескеріледі: терезелер мен жарық түсіргіштерді таңдағанда жарықтандыру талаптарына орнатқанда; табиғи жарықты (кейде жасанды) қолдану уақытын есептегенде; ғимарттың архитектуралық шешімінің экономикалық қарсылықтарын зерттегенде (мысалы, жоғарыдан жарық түсетін шамыз ғимарат), жасанды және табиғи жарықты бірлестіргенде.

Желдердің бағыты мен жылдамдығы туралы мәліметтер кезінде ескеріледі: ғимараттың ауа жіберу цехы аймағында орналасуы, салқын ауан тазалауы терезе немесе шамдар арасынан өтсе (мысалы, ғимарттың жел бағытына перпендикуляр орналасуы), терезелер мен шамдарды қайта жөндегенде; аэродинамикалық көлеңкелі аймақта орналасқан ғимараттың қорғауын қамтамасыз еткенде, бұл аймақ желдетілген жақта орналасқанда (ғимаратпен немесе ағаштармен) әдетте 6-8 карттық тосқауыл биіктігіндей болады.

Температураның төмендеуі туралы мәліметтер (қысқы және жазғы) кезінде ескеріледі: ғимараттың орналасуы мен профилін таңдаған кезде ғимарат шатырында қар түсуі мен ғимараттар арасында қар үйілуін азайту үшін (қарлы аймақтарда ғимаратты қысқы желдер бағытына параллель орналастыру); шамдардың орналасуы мен түрлерін таңдауда, (профиль мен жабудың аэродинамикалық сипаттамалары өндірістік ғимараттың шатырында көп қар пайда болдырмауы керек), ғимарат шатырында су ағызу құрылғыларының орналасуын таңдау кезінде – нөсерлі және еріген қар суларын алу мақсатында; қарды шатырдан алудың тиімді тәсілін таңдауда.

Ультракүлгін радиация әсері туралы мәліметтерді ескеруде: тұрақты жасанды ультракүлгін сәулеленуді жобалауда және табиғи жарықтың жеткіліксіз мөлшері болған кезде; терезе мен ойықтардың құрылымдарын таңдау кезінде; ультракүлгін сәулелерін терзе, шам және де аэроционды ойықтар арқылы өтуін дұрыс қолдану үшін; өндіріс орынының ультракүлгін радиациясын жоғары дәрежеде тойтарыс беретін ішкі материалдарын әзірлеу кезінде.