Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
учебник меру.doc
Скачиваний:
1988
Добавлен:
06.06.2015
Размер:
4.8 Mб
Скачать

2.4. Егуге арналған дәрілік түрлер

2.4.1. Егуге арналған дәрілер (pro injectionibus) - егу арқылы дәрілік заттарды ағзаға енгізеді: тері астына, бұлшық етке, көк тамырға, күре тамырға, жұлынға ж.т.б. Егуге арналған дәрілік заттарды тікелей қолданар алдында дайындайды. Бұндай жағдайларда дәрілер арнайы залалсыздандырылған шыны ыдыста (ампулада немесе флаконда) ерітінді немесе ұнтақ түрінде шығарлады.

Ампулада (ampullis) 1 мл-ден, 10 және 50 мл-ге дейін, ал ішіндегі дәрі ерітінді немесе ұнтақ түрінде болады.

Rp.: Sol. Novocaini 0,5 % - 5 ml

D.t.d. N. 10 in ampull.

S. Өткізгіштік жансыздандыру үшін.

#

Флакондар (рецептте флакон жазылмайды) 200 мл-ден, 500 және 1000 мл-ге (1 литр) дейін болады. Мысалы: тримекаиннің флаконды жазбасы.

Rp.: Sol. Trimecaini 0,25% - 400 ml

D.t.d. N. 2

S. Инфильтрациялық жансыздандыру үшін.

#

2.5.Аэрозоль және басқада дәрілік түрлер.

2.5.1. Аэрозоль (Aerosolа) – бұл аэродисперсиялық жүйе, онда ауа, газ немесе газ қоспаларынан тұратын дисперсиялық орта мен көлемі 1 мкм-ден бірнеше ондаған микрометрге жететін қатты немесе сұйық дәрілік бөлшектерден тұратын дисперсионды фазадан жасалған. Мысалы: «Эфатин» аэрозоль жазбасы.

Rp.: Aerosolum «Ephatinum» N. 1

D.S. Тәулігіне 3 рет бүркеуге.

#

2.5.2. Көз қаптағыштары (Membranulae ophthalmicae) – көз сұйықтығында еритін, белгілі мөлшердегі дәрілік заттардан тұратын, залалсыздандырылған полимерлі қаптағыштар. Көз тамшыларынан айырмашылығы: дәрілік заттарды дәл мөлшерлейді, препараттың емдік құнарлығын ұзақ сақтайды, залалсыздығын жеңіл сақтайды, тұрақтылығы жоғары.

Басқада түрлер: крем (Crem), гель (Gel), лосьон (Lotionеs), гранулалар (Granulae), карамель (Caramtl), пластырь (Emplastrum), сироп (Sirupus), тамшылар (Guttae), шырыш (Mucilagines), бальзам (Balsama), шырын (Succi) және т. б.

Rp; Crem Clobetasoli 0,05% - 25,0

D.S. Терінің зақымдалған жерлеріне жағу үшін.

#

Rp.: Gel Fiucinolone acetonide 0,025% - 15,0

D.S. Терінің зақымдалған жерлеріне тәулігіне 2 рет жағу үшін.

#

Rp.: Lotionis Mometasone 0,1% - 20 ml

D.S. Терінің зақымдалған жерлеріне жағу үшін.

#

Rp.: Granuli Ibuprofeni 0,6 – 3,0

D.S. Грануланы алдын –ала 100 мл суға ерітіп, күніне 1 шай қасықтан 3 рет.

#

«Жалпы рецептура» тақырыбы бойынша тестік тапсырмалар.

1. Дәрілік түр дегеніміз:

а/ тұнба, қайнатпа, қоспа, ұнтақ, паста//

б/ ықпалды алу үшін қолданылатын біріктірілген препараттар//

в/ қолдануға қолайлы және қалаулы ықпалға қолжеткізуге қажетті дәрілік түр//

г/ әртүрлі агрегаттық жағдайдағы химиялық қосылыстар//

д/ мөлшерленген дәрілік түр//

2. Сыртқа қолдануға арналған ұнтақтар келесі мөлшерде жазылады:

а/ 5,0-100,0//

б/ ,05-0,1//

в/ 0,1-1,0//

г/ 1,0-5,0//

д/ 100,0-500,0//

3. Ресми дәрілердің жазылуы:

а/ саны 100мл аспайды//

б/ құнарлығы мен жалпы саны көрсетілмейді//

в/ құнарлығы мен ерітіндінің жалпы мөлшері көрсетіледі//

г/ мөлшері мен жалпы саны көрсетіледі//

д/ құнарлығын қатынастық түрде көрсетеді//

4. Новогаленді препараттарды жазған кезде көрсетеді:

а/ дәрінің түрі, атауы және саны көрсетіледі//

б/ дәрілік түрі, атауы, құнарлығы және саны көрсетіледі//

в/ атауы, құнарлығы және бейтарап заттардың саны көрсетіледі//

г/ атауы мен саны көрсетіледі//

д/ атауы, құнарлығы және балласты заттар саны көрсетіледі//

5. Мемлекеттік Фармакопея – бұл:

а/ препараттарды қолдану әдісі туралы дәрілерді зерттеу ғылым бөлімі//

б/ аталған елдің аймағында қолдануға рұқсат етілген препараттар тізімі//

в/ бір реттік, тәуліктік және улылық мөлшерді анықтайтын үлгіқалып пен нормалар//

г/ дәрілік препараттарды дайындау әдісін зерттейтін фармакология бөлімі//

д/ аталған елде рұқсат етілген препараттардың үлгіқалпы, нормасы мен сапасының жиынтығы//

6. Ұнтақтың мөлшерленген түріне жазылған дұрыс рецептті көрсетіңіз:

а/Rp.: Anaesthesini 0,3

D.t.d. N.10 in pulvis

S. 1 ұнтақтан күніне 3 реттен

#

б/ Rp.: Anaesthesini 0,3

D.t.d. N.10

S. 1 ұнтақтан күніне 3 реттен

#

в/ Rp.: Anaesthesini 0,3 N. 10

D.S. 1 ұнтақтан күніне 3 реттен

#

г/ Rp.: Pulvis Anaesthesini 0,3

D.t.d. N.10

S. 1 ұнтақтан күніне 3 реттен

#

д/ Rp.: Pulvis Anaesthesini 0,3

D. S. 1 ұнтақтан күніне 3 реттен

#