Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
учебник меру.doc
Скачиваний:
1988
Добавлен:
06.06.2015
Размер:
4.8 Mб
Скачать

3.1.1. Беткейлік жансыздандыру үшін қолданылатын дәрілер (кокаин, бензокаин, тетракаин, лидокаин, бумекаин)

Кокаин – жансыздандыруы жағынан басқа анестетиктерден әсері жоғары, бірақ өте улы. Кокаинді көбінесе көзге операция жасағанда үстіртін анестезия ретінде пайданылады. Қазіргі кезде улылығына байланысты кокаинді сирек қолданады, тіпті үстірт жансыздандырудың өзіне оны мұқият қолдану керек, өйткені қысқа уақыт ішінде құмарлыққа (кокаинизм) әкеледі, осыған байланысты кейінгі кездері көп қолданбайды.

Кокаиннің айқын тамырларды тарылту әсері миокард инфаркты мен инсультке әкелетін жедел гипертензия синдромының дамуына әкеледі. Кокаинді мөлшерден тыс қолданғанда өлімге әкеледі және адам бірнеше минуттың ішінде аритмиядан, тыныстың тарылуынан және тырысулардан өледі.

Бензокаин (Benzocainum), анестезин. Бензокаин басқа жергілікті жансыздандырғыштарға қарағанда суда аз ериді, спиртте, майлы ерітінділерде жақсы ериді. Сол себепі бензокаин май, паста, сеппе, сонымен қатар дайын біріктірілген препараттардың құрамына кіреді (Алмагель-А, Меновазин, Ампровизоль, Анестезол).

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі. Шырышты қабатты жансыздандыру үшін 5% май және паста түрінде, қышымамен жүретін тері ауруларында сеппе түрінде, жаралар мен ойық жаралар беткейін ауырсыздандыру үшін, күн сәулесі мен термиялық І дәрежелі күйіктерде, тік ішектің аурулары кезінде (тілік, қышыну, көтеу) 5% май түрінде, асқазанның ауруы мен тарылуы кездерінде ішке ұнтақ және 0,3 г № 10 таблетка түрінде шығарлады.

Кері көрсеткіштері. Препаратқа сезімталдығы жоғары науқастар, көз эпидермисінің шырышты қабатының зақымдалуы, ІІ және ІІІ дәрежелі термиялық күйіктерде.

Жанама әсерлері. Аллергиялық реакциялар мен жоғары сезімталдық.

Шығарылу түрі. 300 мг таблеткасы және ұнтағы N.10; 5% майы және гель 10-30 г.

Рецепт үлгісі. Rp.: Ung. Benzocaini 5%-10,0

D.S. Жарақат беткейіне жағу үшін май.

#

Тетракаин (Tetracainum), дикаин. Беткейлік жансыздандыру үшін қолданатын дәрі. Кокаиннен 10 есе күшті, бірақ 2-3 есе улы, сондықтан қолданылуы шектеулі. Ішкі көз қысымына әсер етпейді, қарашықты кеңейтпейді. Жергілікті ұсақ тамырларды кеңейтеді, сондықтан қан тамырына жылдам сіңіріліп кетпеуі үшін адреналинмен қосып беру керек.

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі. Тетракаинді жергілікті жансыздандырғыш зат ретінде, беткейлік жансыздандыру үшін офтальмологияда және отоларингологияда амбулаториялық жағдайларда қолданады. 0,3% ерітіндісі (көз тамшысы) 5 және 10 мл флаконда болады. Операция кезінде, көз қысымын өлшеу үшін 1 тамшыдан 2-3 тамшыға дейін беріледі.

Кері көрсеткіштогері. Бұны жергілікті сілекейлі қабықшаның қабыну кезінде, аллергиялық жағдай болса және сульфаниламидтік дәрілермен бірге қолданбайды. Бронхоскопия мен цитоскопияда, 10 жасқа дейінгі балаларға болмайды. Қайталап беруге болмайды , құмарлыққа соқтыруы мүмкін.

Жанама әсерлері. Бұл өте улы болғандықтан, мұқият болу керек, көбінесе пайыздық мөлшері асып кеткенде және қайта қолданғанда көздің қасаң қабақ эпителиясын зақымдайды және конъюнктива тамырларын кеңейтеді, эритемаға, ісінуге, қышынуға әкеледі, жүйелік улылық реакциялар: көгеру, құсу, көрудің бұзылуы, аритмия болуы мүмкін.

Шығарылу түрі. 0,1; 0,2 және 0,3% ерітіндісі 5 және 10 мл флаконы (көз тамшысы).

Рецепт үлгісі. Rp.: Sol. Tetrakaine 0,3%-5 ml

Sol. Adrenalini hydrochloridі 0,1% gtts Ш

M.D.S. Көз тамшысы.

#

Бумекаин (Bumecainum), пиромекаин. Химиялық құрылысы бойынша тримекаинге ұқсас, көбінесе офтальмологиялық және оториноларингологиялық операция және жүрек ырғағының бұзылуы кезінде қолданады.

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі. Тек беткейлік жансыздандырушы ретінде: офтальмологиялық тәжірибеде 0,5% ерітінді түрінде 1-2 тамшыдан қолданылады; оториноларингологиялық тәжірибеде 1%-2% ерітінді түрінде 1-5 мл (қажет жағдайларда 0,1% эпинефринді 1 тамшыдан әр бір бумекаиннің 2-3 мл қосады); стоматологияда 1%-2% ерітінді түрде 1-5 мл немесе 5% май түрінде қолданады; эндоскопиялық зерттеулерде 2% ерітінді түрде 2-5 мл. Аритмияға қарсы дәрі ретінде стационарлық жағдайларда қарынша аритмиясы кезінде көк тамырға 50-100 мг 5% глюкоза ерітіндісінде қолданады. Шығарылу түрі 0,5; 1 және 2% - 1, 3 және 5 мл; 5% май 30 г.

Кері көрсеткіші. Препаратқа жоғары сезімталдық.

Жанама әсерлері. Жалпы әлсіздік, жүректің айнуы, құсу, бастың айналуы, қан қысымының төмендеуі, коллаптоидты жағдай.

Шығарылу түрі. 0,5; 1 және 2% ерітіндісі 1; 3 және 5 мл ампулсы; 5% майы 30 г.

Рецепт үлгісі. Rp.: Sol. Bumecainі 1% - 2 ml

D.t.d. N. 10 in amp.

S. Өткізгіштік жансыздандыру үшін.

#

Лидокаин (Lidocainum), Ксикаин. ең көп қолданылатын анестетиктің бірі болып табылады. Новокаиннен 2-5 есе күшті және 2 есе ұзақ әсер етеді. Бірақ ерітінді құнарлығын 1-2% жоғарлатса улылығы артады. Адреномиметиктермен бірге қолданғанда лидокаиннің әсерін ұзартады.

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі. Қарынша аритмияларын емдеу және алдын алу шараларында (экстрасистолия, тахикардия, дірілдеу, фибрилляция), сонымен қатар жедел миокардтың инфаркты кезінде, жасанды ырғақ жүргізушіні орнатуда, гликозидтермен улануда, наркозда. Хирургияда терминальды, инфильтрациялық, өткізгіштік, жұлын ми (эпидуральды) жансыздандыруында, офтальмологияда, стоматологияда, оториноларингологияда қолданылады. Шеткі жүйке және жүйке түйіндерін тежегенде. Стоматологияда: егу алдында беткейлік ауырсынуды басу, рентгендік зерттеулерде, тіс тастарын алғанда. ЛОР‑тәжірибелерінде: синусты пункция жасар алдында, мұрын қуыстарына, өңеш және жұтқыншаққа емшаралар жасар алдында. Акушерлікте: босанудың соңғы сатысында, сонымен қатар эпизитомия алдында және тігу кезде. Жергілікті жансыздандыруда: өткізгіштік жансыздандыру үшін 5‑10 мл 2% немесе 10‑20 мл 1% ерітінді қолданылады; хирургиялық тәжірибе үшін жұлын ми жансыздандыруда 1,5‑2 мл 5% ерітінді енгізіледі. Акушерлік тәжірибеде – 0,5‑1 мл 5% ертінді. Ең жоғарғы мөлшері 5% лидокаинның ерітіндісі 4 мл құрайды.

Кері көрсеткіштері. Айқын брадикардия, айқын артериалды гипотония, кардиогенді шок, созылмалы жүрек жетіспеушілігінің ауыр түрлерінде, препаратқа жоғары сезімталдық.

Жанама әсерлері. Лидокаинді көбірек пайдаланғанда қан қысымының төмендеуі, кейде аллергия, ұйқышылдық, құсу, көру қабілетінің төмендеуі пайда болады. Бұл кезде ең төменгі пайыздығын қолданып және көлемі азайтылады. Кілегейлі қабықшаның қабыну жағдайында бұның сіңірілуі арта түседі, сондықтан улылық әсері басым болғандықтан мөлшерін азайтқан жөн. Соның ішінде кәрі адамдарға 1/3 кем беру керек. Ең басымдығы бастың ауруы және айналуы, ұйқының бұзылуы, мазасыздану. К/т тез енгізілген кезде және сезімтал науқастарда тырысулар, дірілдеу, парестезия, дезорентация, эйфория, құлақтың шулауы, сөйлеудің баяулауы болады. Лидокаиннің үлкен мөлшерін қолданғанда брадикардия, өткізгіштің баяулауы, артери­алды гипотензия. Аллергиялық реакциялар болады.

Шығарылу түрі. 1 және 2% ерітіндісі 5 және 10 мл ампуласы және 50, 100 флаконы; 10% аэрозоль 50 мл; 2% - 4% ерітіндісі 5 мл (көз тамшысы); 1% гель тубасы 30, 50, 100 г.

Рецепт үлгісі. Rp.: Sol. Lidocaini 1%-10 ml

D.t.d. N. 10 in amp.

S. Өткізгіштік жансыздандыру үшін.

#