Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
учебник меру.doc
Скачиваний:
1988
Добавлен:
06.06.2015
Размер:
4.8 Mб
Скачать

10.3.3. Безгекке қарсы дәрілер Хлорохин, гидроксихлорохин (Безгекке қарсы дәрілер 2-ші бөлімді қара)

«Қабынуға қарсы дәрілер» тақырыбы бойынша тестік тапсырмалар

1. Қабынуға қарсы құрылымы стероидты дәрілерді белгілеңіз:

а) супрастин, дипразин;

б) гидрокортинзон, тавегил;

в) преднизолон, гидрокортизон;

г) димедрол, преднизолон;

д) интал, гидрокортизон;

***

2. Стероидты қабынуға қарсы дәрілерді қолданғаннан кейінгі болатын асқынулар:

а) ісіктер, АҚ жоғарлауы, гипергликемия, остеопороз;

б) жүрек айну, құсу, бас ауруы;

в) жүрек айну, құсу, гипогликемия, ісік;

г) АҚ-ның төмендеуі, кахексия, тері қышымасы;

д) ісіктер, АҚ-ның төмендеуі, гипогликемия.

***

3. Стероидты емес қабынуға қарсы дәрілерді белгілеңіз:

а) супрастин, фенилбутазон;

б) синафлан, ранитидин;

в) предгизолон, тавегил;

г) аспирин, диклофенак;

д) пирензепин, метамизол.

***

4. Асқазан ойық жарасы СЕҚҚД-дің қай түрімен байланысты:

а) М-холинотежегіштер қозғалысы;

б) Простргландиндерге әсері;

в) Альфа - адреномиметиктердің әсері;

г) Антицидтік әсері;

д) Н2 гистаминді тежегіш әсері;

***

5. Ревматизмге қарсы қасиетке ие препарат:

а) Минтал;

б) Гистамин;

в) Пирацетам;

г) Пирензепин;

д) Индометацин;

***

6. Пироксикам емдік дәрісінің көрсетеді:

а) Ревматизмге қарсы әсері;

б) Гипотензивті әсері;

в) Шокқа қарсы әсері;

г) Рефлекторлық әсері;

д) Антитоксикалық әсері;

***

7. Глюкокортикостероидтарды атаңыз:

а) Прогестерин;

б) Пропранолол;

в) Преднизолон;

г) Метамизол;

д) Ибупрофен;

***

8. Глюкокортикоидтар жайлы мына тұжырымдамалардың қайсысы дұрыс:

а) Бауырда микросомальды ферменттердің қышқылдануын төмендетеді;

б) Қабынудың барлық фазасын төмендетеді;

в) ОЖЖ-нің импульстарының өткізілуін төмендетеді;

г) Простагландиндердің өндірілуін төмендетеді;

д) Иммунобелсендіруші әсер көрсетеді;

***

9. Глюкокортикостероидтарды тағайындайды:

а) Асқазанның ойық жарасында;

б) Иммунды жетіспеушілік;

в) Гипертоникалық ауруда;

г) Туберкулезде;

д) Бронх демікпесі;

***

10. Глюкокортикостероидтардың әсері:

а) Аллергияға қарсы;

б) Ангинаға қарсы;

в) Иммунды белсендіруші;

г) Антацидтер;

д) Қанайналымын реттейді;

***

11. Глюкокортикоидтарды қолданудағы асқынулар:

а) Тіндердің регенерациясын төмендету, гипогликемия, АҚ-ның төмендеуі;

б) Бас айналу, жүрек айну, құсу, аллергия;

в) Гипергликемия, гиперхолистеринемия, ісінулер, АҚ жоғарлауы;

г) Гиполикемия, тіндердің регенерациясының төмендеуі;

д) Гипохолистеринемия, иммунобелсендіруші;

***

12. Глюкокортикостероидтардың қолданылуын көрсетіңіз:

а) Коллагеноздар, бронх демікпесі, анафилактикалық шок;

б) Ревматоидты артрит, бас сақинасы, остеопороз;

в) Қант диабеті, остеопороз, ойық жара аурулары;

г) Гипертониялық ауру, ревмотидты артрит, қант диабеті;

д) Асқазанның ойық жарасы, ревматизм;

***

13. Глюкокортикоидтарды тағайындауда қолданылмайтын жағдайлар:

а) Ревматизм;

б) Он екі елі ішек және асқазанның ойық жарасы;

в) Бронх демікпесі;

г) Анафилактикалық шок;

д) Ревматоидты артрит;

***

14. Қабынуға қарсы алтын препараттарын көрсетіңіз:

а) Метамизол;

б) Индометацин;

в) Диклофенак;

г) Ауронофин;

д) Целококсид;

***

15. Алканон туындысы, қабынуға қарсы дәрі:

а) Синофлан

б) Преднизолон;

в) Набуметон;

г) Диклофенак;

д) Метамизол;

***

16. СЕҚҚД-ге кері көрсеткіштер:

а) Бауыр қызметінің бұзылыстары және бронх демікпесі;

б) Он екі елі ішек және асқазанның ойық жара ауруы;

в) Портальды гипертензия және ревматизм;

г) Қанның ұю бұзылысы және ревматоидты артрит;

д) Қант диабеті және остеопороз;

***

17. СЕҚҚД-нің негізгі жанама әсерінің белгілері:

а) Бронх демікпесі, анафилактикалық шок;

б) Ревматоидты артрит, бас сақинасы;

в) Қант диабеті, остеопороз;

г) Гипертониялық ауру, анафилактикалық шок;

д) Ульцерогенді әсері, асқазан ішек жолдарынан қан кетулер;

***

18. Фенил сірке қышқылының туындысына жататын СЕҚҚД белгілеңіз:

а) Диклофенак;

б) Гидрокортизон;

в) Преднизолон;

г) Метамизол;

д) Нимесулид.

***

19. Қай препарат бәсекелестік талдамды цилооксигеназа-2 баяулатқышына жатады:

а) Преднизолон;

б) Гидрокотизон;

в) Нимесулид;

г) Индометацин;

д) Диклофенак;

***

20. Қандай препарат циклооксигеназа-1 және циклооксигеназа-2–ні талдамсыз тежейді:

а) Метамизол;

б) Ибупрофен;

в) Аспирин;

г) Пироксикам;

д) Диклофенак;

***

21. Индометацинге қарағанда Ацетилсалицил қышқылында айқын көрінеді:

а) Простагландиндердің синтезінің төмендеуі;

б) Ауыруды басатын әсері;

в) Тромбоциттерге антиагрегаттық әсері;

г) Қызбаны түсіретін әсері;

д) Фагоцитозды белсендіреді;

***

22. СЕҚҚД-дің негізгі әсер ету механизміне жататындар:

а) Простагландиндерге қарсы;

б) Бактерияларға қарсы;

в) Гистаминдерге қарсы;

г) Антиген- антиденелердің реакциясының төмендеуі;

д) Анаболикалық;

***

23. СЕҚҚД барлық қасиеті бар, тек мынадан басқасынан:

а) Қызуды басатын;

б) Қабынуға қарсы;

в) Ауыруды басатын;

г) Ульцерогендік;

д) Анаболикалық;

***

24. Әсері ұзартылған СЕҚҚД-ді көрсетіңіз:

а) Ибупрофен;

б) Дифлунизал;

в)Теноксикам; г) Нимесудид;

д) Набуметон;

***

25. СЕҚҚД алканон туындысы:

а) Диклофенак;

б) Метамизол;

в) Целококсид;

г) Набуметон;

д) Метамизол;

11 Тарау. Иммунотропты дәрілер

Иммунды жүйе әдетте қабыну ошағында жұмыс істейді, оған иммунды жасушалар қаннан түседі, қабынудың себептері болатын микробтарды, вирустарды және басқа да агенттерді жояды. Егер иммунды жүйе қалыпты қызмет атқарса, сонымен қатар жедел немесе созылмалы аурулар жақсы болжаммен аяқталып, сауығуға алып келеді. Және керісінше ағзаның иммунитеті әлсіреген кезде ауру созылуы мүмкін, әлде жедел аурулар созылмалы барысқа өтеді.

Бірақ, иммунды жүйе белгілі бір азғырған реакциялар агенттеріне жауап береді - мысалы, оның күшеюі әртүрлі аллергиялық ауруларға және ауыр өтетін аутоиммунды ауруларға алып келеді. Иммунитеттің әлсіреуі кезінде - әртүрлі қатерлі ісіктер дамиды, әлде бұл жағдайларда иммунды жүйе түрлендірілген қатерлі жасушаларды жою қабілетін орындамайды.

Иммунды қорғаудың екі түрін ажыратады: жасушалық иммунитет, онда лейкоциттер белсенді қатысады және гуморальды – онда ағзаның қорғанысына қатысатын қарапайымдардан күрделі молекулалар қатысады: бұл иммуноглобулиндер, комплемент жүйесі, ферменттер, интерферондар, бактериялардың, вирустардың және басқа да бөгде агенттердің белсенділігін басатын ферменттерді баяулатқыштар.

Қазіргі кезде иммунокоррекция әдістерін иммунофармакология қарастырады. Иммунофармакологияның негізгі мақсаты иммунобелсенді (иммунотропты) заттарды қолдана отырып, иммунды жүйенің бұзылған қызметін фармакологиялық реттеу болып табылады. Бұл заттардың әсері иммунды жауапқа қатысатын жасуша қызметін жақсарту. Науқастың иммунды жауабына байланысты клиникада екі модуляциялық жағдай болуы мүмкін, ол иммуносупрессия немесе иммуностимуляция. Осыған байланысты модуляциялық иммунитетті клиникалық жағдайда емдеу барысынды, тиімді иммунотерапия жүргізу қиынға соқтырады. Иммунотерапияның басты мақсаты – науқастың ағзасына қабілетті әсерлерді иммунды жауапқа беттеу. Жоғарыда айтылған жағдайларды ескере отырып, дәрігер иммуносупрессивті және иммунды белсендіруші терапияны жүргізуі қажет, сондықтан барлық иммунды белсендіруші дәрілер иммуносупрессорлар мен иммунды белсендірушілер деп бөлінген.