Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
учебник меру.doc
Скачиваний:
1988
Добавлен:
06.06.2015
Размер:
4.8 Mб
Скачать

8.2.3. Психомоторлы эквивалент кезінде қолданылатын дәрілер

Габапентин (Gabapenrinum), нейронтин. Габапентин химиялық құрлымы бойынша ОЖЖ тежеуші медиатор қызметін атқаратын ГАМҚ-на ұқсас. Габапентин әсер ету механизмі бойынша ГАМҚ синапсы арқылы әсер ететін басқа тырысуға қарсы дәрілерден (вальпроат, барбитураттар, бензодиазепиндер, ГАМҚ-трансаминаза баяулатқыштары, ГАМҚ ұстап қалушылардың баяулатқыштары, ГАМҚ агонисттері, ГАМҚ продәрілері) айырмашылығы бар. Габапентиннің соңғы әсер ету механизмі әлі анықталынбаған.

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі. 18 жастан асқан ересек адамдардағы нейропатиялық ауырусыну сезімін емдеу үшін; ересектер мен 12 жастана асқан балалардағы екіншілікті жалпыланған және жалпыланбаған тырысуларының монотерапиясында, сонымен қатар ересектер мен 3 жас және 3 жастана асқан балалардағы екіншілікті жалпыланған және жалпыланбаған парциялды тырысуларды емдеудегі қосымша зат ретінде қолданылады. Мөлшерлеу тәртібі жекешеленген емді тағайындау көрсеткіші және емдеу кестесіне тәуелді. Қояншықты емдеуде (қосымша зат ретінде): 12 ден асқан науқастарға - 900–1800 мг/тәулігіне (3 рет қабылдауға). Бастапқы мөлшері  - 300 мг тәулігіне 3 рет қабылдауға. 3-12 жастан асқан балаларға — бастапқы мөлшері 10–15 мг/кг/тәулігіне (3 рет қабылдауға). 5 жас және 5 жастана асқан балалар үшін тиімділік мөлшері — 25–35 мг/кг/тәулігіне, 3-4 жастағы балалар үшін — 40 мг/кг/тәулігіне (3 рет қабылдауға).

Кері көрсеткіштері. Жоғары сезімталдылық, 3 жасқа дейінгі балалардағы парциалды қояншық ұстамалары кезінде (қосымша зат ретінде емдеудің сапасы анықталмаған) және 12 жасқа дейінгі ұшықтан кейінгі невралгияларда (тиімділігі және қауіпсіздігі жайында зерттеулер жүргізілмеген).

Жанама әсерлері. Амнезия, атаксия, естің шатасуы, қозғалыс координациясының бұзылыстары, депрессия, бастың айналуы, дизартрия, жоғарылаған жүйкелік қозу, нистагм, ұйқышылдық, ойлау қабілетінің бұзылыстары, дірілдеу, тырысулар, амблиопия, диплопия, гиперкинезия, рефлекстердің күшейуі, әлсіреуі, болмауы, парестезия, үрей, жүрістің бұзылысы; тіс түсінің өзгеруі, іштің өтуі, тәбеттің жоғарылауы, ауыздың құрғауы, лоқсу, құсу, метеоризм, анорексия, гингивит, іштің ауырсынуы, панкреатит, бауырдың қызметтік сынамасының өзгеруі; лейкопения, терінің мацерациясы, акне, қышыну, бөртпе.

Шығарылу түрі. 100, 300 және 400 мг капсуладан және 600 және 800 мг таблеткада N. 10, 20, 50, 100.

8.2.4. Миаклонуста қолданылатын дәрілер

Вольпрое қышқылы мен ламотриджин. (8.2.1. Үлкен тырысулы ұстамаларда қолданылатын заттар. қара)

Клоназепам (8.2.2. Кіші тырысулы ұстамаларда қолданылатын заттар. қара)

8.2.5. Қояншық статусын шеттетуде қолданылатын дәрілер

Диазепам (8.1.1. ГАМК агонисттері (бензодиазепинді рецепторлар) қара).

Лоразепам (Lorazepamum), лорам, лорафен. Лоразепам анксиолитикалық, тыныштандыратын, ұйықтататын, миорелаксациялаушы, тырысуға қарсы зат. ГАМҚ бензодиазепинді рецепторлық кешенмен, өзіндік бензодиазепинді ГАМҚ рецепторларымен байланыса отырып, ГАМҚ рецепторлардың ГАМҚ-на сезімталдығын жоғарылатады. Нәтижесінде хлор иондары үшін, трансмембраналық өзекшелердің ашылу жиілігі жоғарылайды, постсинаптикалық мембрана нейрондарын гиперполяризациялайды, нейроналды белсенділік тежеледі және ОЖЖ нейрон аралық берілуі тежеледі.

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі. Үрей, толқыныспен жүретін невроздарда, сондай–ақ жалпыланған үрейлі бұзылыстарда, жарақаттан кейінгі күйзелісті жағдайларда, фобиялар, обсессивті-компульсивті бұзылыстарда, психо-реактивті жағдайларда, эмоционалды-психо-реактивті жағдайларда, генезі әртүрлі депрессивті жағдайларда болатын үрейленуде, ұйқысыздық, психо-соматикалық бұзылыстар, хирургиялық және диагностика алды шараларда, бастың күшті ауыруында, лоқсу, құсу, химиотерапия салдарынан болатын қояншықта, маскүнемдік делирий, созылмалы маскүнемділікте болатын абстинентті синдромда (біріктірілген емнің құрамына кіреді). Мөлшерлеу тәртібі және емдеу курсының ұзақтылығы, қатаң тәртіппен жеке дара тағайындалады. Неврологиялық тәжірибеде — 1 мг-нан тәулігіне 2–3 реттен тағайындалады; психиатриялық тәжірибеде — 4–6 мг/тәулігіне; ұйқысыздықта — 1–2 мг ұйықтар алдында 30 минут бұрын тағайындалады.

Кері көрсеткіштері. Жоғары сезімталдылық, сондай ақ, басқа бензодиазепиндерге жоғары сезімталдылық, миастения, жабық бұрышты глаукома, ОЖЖ қызметін тежейтін заттармен жедел улануда, тыныс, бауыр жетіспеушілігі, жүктілік (әсіресе I үш айында), емшекпен емізу, 18 жасқа дейін.

Жанама әсерлері. Жүйке жүйесі және сезім мүшелері жағынан: әлсіздік, енжарлық, ұйқышылдық, дезориентация, бастың ауруы, бастың айналуы, депрессия, атаксия, ұйқының бұзылысы, ажитация, көрудің бұзылылысы, амнезияның эпизодтары. АІЖ жағынан: ауыздың құрғауы, лоқсу, құсу, іштің өтуі, тәбеттің өзгеруі. Тері-қабаты жағыныан: эритема, есекжем. Үйренгіштік, дәріге тәуелділік дамуы мүмкін, айыру синдромы rebound-синдром дамуы мүмкін.

Шығарылу түрі. 0,5, 1, 2 және 2,5 мг таблеткада N.10, 20, 100; 1 және 2,5 мг N.25.