Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
учебник меру.doc
Скачиваний:
1988
Добавлен:
06.06.2015
Размер:
4.8 Mб
Скачать

3.1.3. Өткізгіштік жансыздандыру үшін қолданылатын дәрілер (прокаин, лидокаин, тримекаин, бупивакаин, артикаин)

Артикаин (Articaine), ультракаин. Артикаин лидокаинге қарағанда тез және орташа ұзақты әсері бар (1-3 сағат). Артикаин басқа анестетиктерге қарағанда гематоэнцефалды тосқауыл арқылы айрықша аз мөлшерде өтеді, сондықтан акушерлік тәжірибеде таңдамалы препарат болып табылады.

Қолдану көрсеткіштері және мөлшерленуі. Жансыздандырудың беткейлік түрінен басқасының барлық түрлерінде қолданылады. Стоматология тәжірибесінде ауыз қуысының қабыну ауруларында қолданады. Инфильтрациялық жансыздандыруда 1%, 1,7; 1,8; ерітінді 5 - 20 мл эпинефринмен (1:200000) бірге және эпинефринсіз; өткізгіштік және эпидуралды жансыздандыруда 1%-2% ерітінді және жұлынды жансыздандыруда 10% глюкоза негізіндегі 5% ерітіндіде.

Қолдануға қарсы көрсеткіш. Бронх демікпесі, аритмияларда, жабықбұрышты глаукома кезінде қолдануға болмайды.

Жанама әсері. Бас ауыруы, көздің бұлынғырлауы, бұлшықеттердің тартылуы, сананың бұзылуы, сирек аллергиялық реакциялар – егу аймағында терінің қызаруы, ісінуі және ангионевротикалық ісінулер және т.б.

Шығарылу түрі. 1 және 2% ерітіндісі – 1,7; 1,8; 2 ; 5; 20 мл және 4% - 1,7 мл ампуласы.

Рецепт үлгісі. Rp.: Sol. Articainі 2% - 1,8 ml

D.t.d. N. 10 in amp.

S. Өткізгіштік жансыздандыру үшін.

#

3.1.4. Мидың өрмек қабықшасының астындағы кеңістікті жансыздандыру үшін қолданылатын дәрілер (лидокаин, тримекаин, артикаин, бупивакаин жоғарыда 3.1.1.; 3.1.2. Және 3.1.3 қара)

3.1.5. Эпидуральды және каудальды жансыздандыру үшін қолданылатын

Дәрілер (лидокаин, бупивакаин, ропивакаин).

Ропивакаин (Ropivacainum) наропин. Ропивакаин жергілікті жансыздандырушы, әсері ұзақ, амид тобының соңғы ұрпағына жатады, лидокаинге қарағанда 4 есе белсенді, бірақ улылығы 3 есе күшті және қысқа латенттік кезеңге ие. Қан мен ми арасындағы, плацентарлық тосқауылдан және шамалы төс сүтіне де өтеді.

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі. Эпидуральды жансыздандыру (өткір ауыруды шеттету үшін) 0,2% ерітіндіні енгізеді, бір рет 10-20 мл; инфильтрациялық және өткізгіштік жансыздандыруда 0,75% ерітінді 15-20 мл. Ұзақ инфузияда бел деңгейінде (босану кезінде ауырсынуды және операциядан кейінгі ауырсынуды басу) 0,2% ерітінді 10-20 мл және аяқ пен кіші жамбас мүшелерінің ауыруларын басу және тежеу үшін қолданады.

Кері көрсеткіштер. Препаратқа жоғары сезімталдық, көк тамырларға, аймақтық жансыздандыру, артериалды гипотензия, гиповолемия, орталық жүйке жүйесінің аурулары, 12 жасқа дейінгі балаларға.

Жанама әсерлері. Бастың ауыруы, бастың айналуы, парестезия, нейропатия, жұлын ми қызметінің бұзылыстары, жүректің айнуы, құсу, гипертермия, несептің ұсталуы, аллергиялық реакциялар.

Шығарылу түрі. 0,2; 0,75 және 1% ерітіндісі – 10; 20 мл флаконда және 0,2% - 100; 200 мл ерітінді N.5 пакетте.

Рецепт үлгісі. Rp.: Sol. Ropivacainі 0,75% - 20 ml

D.t.d. N. 10

S. Өткізгіштік жансыздандыру үшін.

#