Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
учебник меру.doc
Скачиваний:
1988
Добавлен:
06.06.2015
Размер:
4.8 Mб
Скачать

10.2.2. Стреоидты емес қабынуға қарсы – қышқылдық емес топтар

10.2.2.1 Алканон туындысы

Набуметон (Nabumetonum), релафен. Набуметон – қабынуға қарсы, ауыруды басатын, қызбаны түсіруші. Әсер ету механизімі циклооксигеназаны тежеуімен байланысты, ол арахидон қышқылының метаболизмінің бұзылуына және ПГ, тромбоксан шоғырымын төмендетеді. Қабыну ошағында экссудативті және пролиферативті үрдістерді басады, брадикининдер мен гистаминдердің шоғырымын төмендетеді, сонымен қатар ауыру рецепторларының сезімталдық шегін жоғарылатады. Гипотермиялық әсері ликворда және гипоталамиялық аймақта пирогенді шоғырымның төмендеуімен және жылу беруінің жоғарылауымен байланысты.

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі. Остеоартрит, ревмотоидті артрит және басқа да ревмотоидты аурулар. Ішке қабылдау мөлшері 1000-2000 мг 1-2 реттен тәулігіне.

Кері көрсеткіштері. Жоғары сезімталдық, он екі елі ішек және асқазанның ойық жарасы, бронх демікпесі, мұрын полипозы, жүрек жетіспеушілігі, шеткі ісінулер, бауыр-бүйрек жетіспеушілігі, гемофилия, гипокоагуляциялық жағдайлар.

Жанама әсері. Басқа да СЕҚҚД ұқсас.

Шығарылу түрі. 500, 750 және 1000 мг таблеткаларда N.20, 100.

10.2.2.2. Сульфонамид туындысы

Нимесулид (Nimesulidum), апонил, найз, нимесил. Нимесулид - циклооксигеназа-2 (ЦОГ-2) - ферментінің талдамды бәсекелестік баяулатқышы болып табылады, простогландиндердің, ісіну, қабыну және ауыру медиаторының синтезіне қатысады. Қабынуға қарсы, ауыруды басатын және қызбаны түсіретін әсер көрсетеді. Қабыну ошағында, сол сияқты ноцицептивті жүйенің өрлеуші жолында, жұлын миының ауыру импульстарын өткізуі бойынша простагландин Е2–нің түзілуін қайтымды баяулатады.

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі. Ревматоидты артрит, бурситтер, ауыру мен қабыну үрдістері – операциядан кейінгі кезеңдегі жарақаттар мен гинекологиялық ауруларда. Ішке қабылдауға арналған мөлшері тамақтан кейін 100-200мг 1-2 реттен тәулігіне, трансдермальды гельден 1% терінің ауырған аймағына 2-3 реттен тәулігіне.

Кері көрсеткіштері. Басқа да СЕҚҚД ұқсас, сонымен қатар жүктілік, емшекпен емізу кезінде, 14 жасқа дейінгі балаларға.

Жанама әсері. Басқа да СЕҚҚД ұқсас, бірақ кейде диспепсиялық бұзылыстар байқалады.

Шығарылу түрі. 50, 100 және 200 мг таблеткалар N.10, 20, 30, 100; гранула (суспензияға арналған ерітінді) 2 г (100 мг) N.30 ішке қолдануға арналған пакетте; 1% 30 және 60 мл ішке қолдануға арналған флакондағы ерітінді және 5% – 30 мл ерітінді; 1% 10, 20 және 30 г тубадағы трансдермальды гель.

Целекоксиб (Celecoxibum), целебрекс. Целококсиб – қабынуға қарсы, ауыруды басатын, қызуды түсіруші дәрі. ЦОГ-2–ні талдамды баяулатады және қабынуға дейінгі простагландин ПГ түзілуін тежейді. Терапиялық шоғырымы ЦОГ-1–ді баяулатады.

Қолдану көрсеткіші мен мөлшерлеуі. Ревматоидты артрит, остеоартрит. Ішке қабылдауға арналған мөлшері 100-200мг тәулігіне 1-2 реттен.

Кері көрсеткіштері. Басқа да СЕҚҚД сияқты.

Жанама әсері. Басқа да СЕҚҚД ұқсас, бірақ сирек диспепсиялық бұзылыстар байқалады, ұзақ және үлкен мөлшерде қабылдағанда асқазан-ішек жолының шырышты қабығының жаралануы мүмкін.

Шығарылу түрі. 100 және 200 мг капсулада N.10, 20.

Рофекоксиб (Rofecoxibum), виокс. Рофекоксиб – қабынуға қарсы, ауыруды басатын, қызуды түсіретін дәрі. ЦОГ-2-ні жоғары өзіндік баяулайды, қабынуға дейінгі простагландиннің өндірілуін төмендетеді. Тераптиялық шоғырымда адамда ЦОГ-1-дің белсенділігіне әсер етпейді.

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі. Остеоартрит, ауыру синдромы, аменорея. Ішке қабылдау үшін мөлшері күніне 1 реттен 12,5 % мг қабылдайды.

Кері көрсеткіштері. Жүктілік, емшекпен емізу кезінде.

Жанама әсері. Басқа да СЕҚҚД сияқты, бірақ сирек.

Шығарылу түрі. 12,5 және 25 мг таблеткалар N. 7, 14, 28; 0,25 және 0,5% 150 мл флакондағы суспензия ішке қолдануға арналған.