Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
учебник меру.doc
Скачиваний:
1988
Добавлен:
06.06.2015
Размер:
4.8 Mб
Скачать

5.1.2. Α - адреномиметиктер

Фенилэфрин (Phenylephrinum), мезатон. Фенилэфрин - α-адренорецепторларға тікелей әсер етеді, адреналинге ұқсас, қан тамырларын тарылтып, қан қысымын ұзақ жоғарылатады, жүректің соғуын жиілетеді, қолқаны кеңейтеді. Қарашықтың кеңеюін және көз қысымының жоғарылауын туғызады.

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі. Коллапс, тамырлардың тонусы төмендеумен байланысты гипотензияда, операция кезінде, гипертониялық аурулар кезінде, инфекциялық аурулардағы артериалды қысымды жоғарылату үшін, вазомоторлы және пішенді тұмау кезінде тамырларды тарылту үшін, коньюнктивитте, иритте және басқа да тамырлар жүйесінің тонусы төмендеумен байланысты жағдайларда. Көк тамырға баяу немесе тамшылатып 0,1-0,5 мл 1% ерітіндісін 40 мл глюкозаның 5-20-40% қосып енгізеді.

Кері көрсеткіштері. Гипертониялық ауру, атеросклероз, тамырладың тарылуына бейімділік, брадикардия, ангиоспазмға бейімділік, декомпенсирленген жүрек жеткіліксіздігі, аталық безінің гипертрофиясы, жүктілік және 15 жасқа дейінгі балалар. Гипертиреоз және кәрі адамдарға сақтықпен тағайындау қажет.

Жанама әсерлері. Бас ауыру, қозу, брадикардия, аритмия, жүрек тұсының ауыруы, олигурия, тыныстың тежелуі, дірілдеу және т.б.

Шығарылу түрі. Егуге арналған 1% ерітінді 1 мл ампулада шығарылады, инфизионды ерітіндіге қосып қолданады.

Рецепт үлгісі. Rp.: Sol. Phenylephrini 1%-1 ml

D.t.d. № 6 in amр.

S. Көк тамырға, тамшы.

#

Нафазолин нитрат (Naphazolini nitras), нафтиазин, санорин. Нафазолин нитраты α – адреномиметикалық әсер көрсетеді және шеткері тамырлардың ұзақ уақыт тарылуын шақырады, қан қысымын жоғарылатады және көз қарашығын кеңейтеді.

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі. Жедел ринит, поллиноз, синусит, гайморит, мұрыннан қан кетулерді тоқтату, және аллергиялық коньюнктивит кездерінде 0,05% ерітіндісін 1-2 тамшыдан күніне 2-3 реттен қолданады.

Кері көрсеткіштері. Артериалды гипертензия, тахикардия, айқын атеросклероз, қант диабеті, гипертензия.

Жанама әсерлері. Шырышты қабатты тітіркендіру, гиперемия, ұзақ қолданғанда — шырышты қабаттың ісінуі. Жүйелік реакциялар: жүректің айнуы, бастың ауруы, АҚ жоғарлауы, тахикардия.

Шығарылу түрі. 0,05 және 0,1% ерітінді тюбик-тамшылатқышта 1,5 мл және 5, 10, 15 және 20 мл флаконда; Санарин – 0,1% эмульсия түрінде 10 мл флаконда.

Рецепт үлгісі. Rp.: Sol. Naphthyzini nitratis 0,05% - 10 ml

D.S. Мұрын қуысына 1-2 тамшыдан.

#

Ксилометазолин (Xylometazolinum), галазолин, ксилен. Ксилометазолин химиялық құрамы және әсері бойынша нафтизинге ұқсас және жергілікті сіңірілмейді.

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі. Ринит, ларингит, синусит, гайморит, тұмау, орта отитте және мұрын мен жұтқыншақтың аллергиялық ауруларында қолданады. Ересектерге 1-3 тамшыдан 0,1% ерітіндіні әр мұрын қуысына күніне 3-4 рет тамызады, ал 6 жасқа дейінгі балаларға 1-2 тамшыдан 0,05% ерітіндісін күніне 1-2 рет тағайындайды.

Кері көрсеткіштері. Артериялық гипертензия, тахикардия, айқын атеросклероз, глаукома, атрофиялық ринит, гипертериоз, жүктілік.

Жанама әсерлері. Мұрын және жұтқыншақтың әлсіз ашуы.

Шығарылу түрі. 0,05 және 0,1% ерітінді интраназалды енгізуге арналған 10 мл флаконда; 0,05% гель тубада 5 және 10 г және 0,1% - 10 г флаконда шығарылады.