- •Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі
- •615.1 (075.8)
- •Мазмұны
- •1 Тарау. Жалпы фармакология...............................................................11
- •2 Тарау. Жалпы рецептура.....................................................................32
- •3 Тарау. Афференттік иннервацияға әсер ететін дәрілер...............48
- •4 Тарау. Эфференттік иннервацияға әсер ететін дәрілер. Холинорецепторларға әсер ететін дәрілер
- •5 Тарау. Адренорецепторларға әсер ететін дәрілер
- •6 Тарау. Жалпы медиаторлық әсерлі дәрілер.................................137
- •7 Тарау. Наркозға арналған дәрілер. Этил спирті........................157
- •8 Тарау. Гамқ (гамма-аминомайлы қышқылы) рецепторларына
- •9 Тарау. Ауыруды басатын дәрілер................................................224
- •11 Тарау. Иммунотропты дәрілер..........................................................292
- •1 Тарау. Жалпы фармакология.
- •Фармакокинетикалық кезең
- •1.1.2. Дәрілердің сіңірілуі
- •1.1.3. Дәрілердің таралуы
- •1.1.4. Дәрілердің өзгеруі
- •1.1.5. Дәрілердің шығарылуы (экскреция)
- •Негізгі фармакокинетикалық өлшемдер.
- •Фармакодинамикалық кезең
- •Фармакодинамика мен фармакокинетиканың арасындағы байланыс
- •1.3.1. Сурет Дәрі мен жүктілік
- •1.4. Дәрілердің негізгі ықпалдары
- •1.5. Дәрілердің жанама әсерлерінің көрінісі
- •1.6. Фармацевтикалық кезең
- •13. “Аффинитет” – бұл:
- •15. «Биотрансформация» дегеніміз:
- •17. «А» тізіміне жататын дәрілер:
- •18. Дәріге тәуелділік – бұл:
- •19. Рецептор – бұл:
- •22. Ағзаға дәрілерді энтералді жолмен енгізу:
- •29. Фармакодинамика – бұл фармакологияның зерттейтін бөлімі:
- •30. Мутагендік – бұл фармакологияның зерттейтін бөлімі //
- •2. Тарау Жалпы рецептура
- •2.1. Қатты дәрілік түрлер
- •2.2. Жұмсақ дәрілік түрлер
- •2.3. Сұйық дәрілік түрлер.
- •2.4. Егуге арналған дәрілік түрлер
- •2.5.Аэрозоль және басқада дәрілік түрлер.
- •2. Сыртқа қолдануға арналған ұнтақтар келесі мөлшерде жазылады:
- •7. Наркотикалық және соларға теңестірілген дәрілерге рецептті жазудың ерекшеліктері:
- •8. Флакон түріндегі шығатын мөлшерленген дәріге жазылған дұрыс рецептті көрсетіңіз:
- •9. Суспензия – бұл:
- •10. Драже – бұл:
- •11. Драженің мөлшерленген түріне жазылған дұрыс рецептті көрсетіңіз:
- •12. Рецепт – бұл дәрігердің жазбаша жүгінуі:
- •І бөлім. Шеткі жүйке жүйесінің бөліміне әсер ететін дәрілер.
- •3 Тарау. Афференттік иннервацияға әсер ететін дәрілер
- •3.1.1. Беткейлік жансыздандыру үшін қолданылатын дәрілер (кокаин, бензокаин, тетракаин, лидокаин, бумекаин)
- •3.1.2. Инфильтрациялық жансыздандыру үшін қолданылатын дәрілер (прокаин, лидокаин, бупивакаин, тримекаин)
- •3.1.3. Өткізгіштік жансыздандыру үшін қолданылатын дәрілер (прокаин, лидокаин, тримекаин, бупивакаин, артикаин)
- •3.1.4. Мидың өрмек қабықшасының астындағы кеңістікті жансыздандыру үшін қолданылатын дәрілер (лидокаин, тримекаин, артикаин, бупивакаин жоғарыда 3.1.1.; 3.1.2. Және 3.1.3 қара)
- •3.1.5. Эпидуральды және каудальды жансыздандыру үшін қолданылатын
- •Дәрілер (лидокаин, бупивакаин, ропивакаин).
- •Тұтқыр, қаптағыш және сорғыш дәрілер.
- •3.2.1. Тұтқыр дәрілер
- •3.2.2. Қармаушы дәрілер
- •3.2.3. Сорғыш дәрілер
- •3.2.4. Тітіркендіргіш дәрілер
- •«Афференттік иннервацияға әсер ететін дәрілер» тақырыбы бойынша тестік тапсырмалар
- •4.1. Антихолинэстеразды дәрілер
- •4.1.1 Кесте. Антихолинэстеразды дәрілермен жедел улану (прозерин, фоқ).
- •4.2. М-холиномиметиктер
- •4.3. Н-холиномиметиктер
- •4.4. М-холинотежегіштер
- •4.5. Ганглиотежегіштер
- •4.6. Миорелаксанттар
- •«Холинорецепторларға әсер ететін заттар» тақырыбы бойынша тестілік тапсырмалар.
- •14. Ганглиотежегіштерге жатады:
- •5.1. Адреномиметиктер
- •5.1.1. Α - және β – адреномиметиктер
- •5.1.2. Α - адреномиметиктер
- •5.1.3. Β – адреномиметиктер
- •5.2. Адренотежегіштер
- •5.2.1. Α - адренотежегіштер
- •5.2.2. Β – адренотежегіштер
- •Симпатомиметикалық және симпатолитикалық дәрілер
- •Симпатомиметикалық дәрілер
- •5.3.2. Симпатолитикалық дәрілер
- •«Адренорецепторларға әсер ететін дәрілер» тақырыбы бойынша тест сұрақтары.
- •Іі бөлім. Орталық жүйке жүйесіне әсер ететін дәрілер
- •6 Тарау. Жалпы медиаторлық әсері дәрілер (дофаминді, серотонинді және пкринергиялық рецепторлар)
- •6.1. Дофаминергиялық дәрілер
- •6.2. Серотонинергиялық дәрілер
- •6.3. Пуринергиялық дәрілер
- •1. Бас ми қабығына айқын қоздырушы әсер береді:
- •7.1.1. Тыныс арқылы берілетін наркозды дәрілер
- •7.1.2 Тыныс арқылы берілмейтін наркозды дәрілер
- •7.2. Этил спирті
- •«Наркозға арналған заттар мен этил спирті» тақырыбы бойынша тестік тапсырмалар
- •8.1.Ұйықтататын дәрілер
- •8.1.1. Гамқ (бензодиазепиндерге ұқсас болып келеді) рецепторларының агонисттері
- •8.1.2. Наркотикалық типті әсері бар ұйықтататын дәрілер
- •8.1.3. Әр түрлі топтағы ұйықтататын дәрілер
- •8.2. Қояншыққа қарсы дәрілер
- •8.2.1.Үлкен тырысу ұстамаларында қолданылатын дәрілер
- •8.2.2. Кіші тырысу ұстамаларында қолданылатын дәрілер
- •8.2.3. Психомоторлы эквивалент кезінде қолданылатын дәрілер
- •8.2.4. Миаклонуста қолданылатын дәрілер
- •8.2.5. Қояншық статусын шеттетуде қолданылатын дәрілер
- •8. 3. Паркинсонизмге қарсы дәрілер
- •8.3.1. Холинергиялық дәрілер
- •8.3.2. Дофаминергиялық дәрілер
- •«Гамқ-рецепторларына әсер ететін дәрілер» тақырыбы бойынша тестік тапсырмалар
- •9 Тарау. Ауыруды басатын дәрілер
- •Ағзадағы ауыруды жалпыландыратын және басатын механиз
- •9.1. Орталыққа әсер ететін наркотикалық (опиоидтық) ауыруды басатын дәрілер
- •9.1.1. Опиоидты рецепторлардың (табиғи анальгетиктер) толық агонисттері
- •9.1.2. Опиоидты рецепторлардың – (жасанды анальгетиктер) толық агонисттері
- •9.1.3. Опиоидты рецепторлардың жартылай агонисттері мен агонист-антагонисттері
- •9.1.4. Наркотикалық ауыруды басатындардың антагонистері
- •9.2. Орталыққа әсері ететін наркотикалық емес ауыруды басатын дәрілер
- •9.2.1. Қызуды және ауырсынуды басатын ықпал әсері бар дәрілер
- •9.2.2. Ауырсынуды басатын ықпал әсері бар әртүрлі топтағы дәрілер
- •9.2.3. Әсер ету механизмі аралас ауыруды басатын дәрілер
- •9.3. Шетке әсер ететін ауыруды басатын дәрілер (стероидты емес қабынуға қарсы дәрілер)
- •Ііі бөлім. Қабынуды тежейтін және иммундық үрдістерге әсер ететін дәрілер
- •10 Тарау. Қабынуға қарсы дәрілер
- •10.1. Стероидты қабынуға қарсы дәрілер
- •10.1.1. Бүйрек үсті безінің қыртысты қабатының табиғи гормондары
- •10.1.2. Бүйрек үсті безінің қыртысты қабатының жасанды гормондары
- •10.1.3. Бүйрек үсті безінің қыртысты қабатының фтордан тұратын гормондары
- •10.1.4. Ингаляциялық жолмен қолдануға арналған глюкокортикоидты препараттар
- •10.1.5. Жергілікті қолдануға арналған глюкокортикоидты препараттар
- •10.2.1. Стероидты емес қабынуға қарсы қышқылдар тобының дәрілері
- •10.2.1.1 Салицил қышқылының туындысы
- •10.2.1 Пиразолидин туындысы
- •10.2.1.3. Индол сірке қышқылының туындысы
- •10.2.1.4. Фенил сірке қышқылының туындысы
- •10.2.1.5. Оксикам туындысы
- •10.2.1.6. Пропион қышқылының туындысы
- •10.2.2. Стреоидты емес қабынуға қарсы – қышқылдық емес топтар
- •10.2.2.1 Алканон туындысы
- •10.2.2.2. Сульфонамид туындысы
- •10.3. Әртүрлі топтардағы қабынуға қарсы дәрілер
- •10.3.1. Алтын препараттары
- •10.3.2. Жиынақ түзеуші қосылыстар
- •10.3.3. Безгекке қарсы дәрілер Хлорохин, гидроксихлорохин (Безгекке қарсы дәрілер 2-ші бөлімді қара)
- •11.1. Иммуносупрессорлы дәрілер
- •11.1.1. Цитостатикалық дәрілер
- •11.1.2. Глюкокортикоидтар
- •Антибиотиктер
- •Антиденелер препараттары
- •Иммунды белсендіруші дәрілер
- •11.2.1. Эндогенді жолмен алынған полипептидтер және олардың үйлестері
- •11.2.2. Жасанды препараттар
- •Микробтардан алынған препараттар және олардың үйлестері
- •Интерферондар (ифн)
- •Интерферонның индукторлары (интерфероногендер)
- •Интерлейкиндер
- •11.2.7. Иммуноглобулин препараттары
- •11.3. Аллергияға қарсы дәрілер
- •11.3.1. Гистаминге қарсы дәрілер
- •11.3.2. Мес жасушасының түйіршіксізденуіне кедергі жасайтын дәрілер
- •11.3.3. Глюкокортикоидтар (10.1. Стероидты қабынуға қарсы қолданылатын дәрілер тақырыбын қарау)
- •11.3.4. Симптоматикалық аллергияға қарсы қолданылатын дәрілер
- •«Иммунотропты дәрілер» тақырыбы бойынша тестік тапсырмалар
- •Пәндік көрсеткіш
- •Е ж з
11.3.1. Гистаминге қарсы дәрілер
Дифенгидрамин (Diphenhydraminum), димедрол. Дифенгидрамин Н1- рецепторларын тежейтін гистаминге қарсы заттардың негізгі ізашары болып табылады. Сонымен қатар жергілікті жансыздандырушы әсер көрсетеді, вегетативті жүйке түйіндерінің холинорецепторларын әлсіз дәрежеде тежеп, спазмолитикалық әсеріне байланысты, бірыңғай салалы бұлшық етті босаңсытады. Дифенгидраминнің басты ерекшелігіннің бірі тыныштандыратын әсер көрсетуі. Қажет ететін мөлшерде ұйықтататын әсер көрсетеді. Әлсіз құсуға қарсы зат болып табылады.
Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі. Аллергиялық аурулар, аллергодерматоздар, ұйқысыздық.. Ересектерге ішке қабылдау мөлшері 25-50 мг (таблеткалар 25; 50; 100 мг №10) күніне 1-3 рет, бұлшық етке 10-50 мг (ерітінді 1%-1мл ампулалар).
Кері көрсеткіштері. Жабық бұрышты глаукома, қуық асты безінің қатерсіз гиперплазиясы, жүктілік, лактация, бала жасы.
Жанама әсері. Тыныштандыратын әсері, ауыз қуысының шырышты қабатының ұюы, бас айналу, әлсіздік, атаксия, дірілдеу, көру және естудің бұзылуы, артериалды гипотензиясы, аритмия, қаназдық, агранулоцитоз, тромбоцитопения, ауыз қуысының құрғауы, диспепсиялық бұзылыстар, аллергиялық реакциялар.
Шығарылу түрі. Балаларға арналған 20 мг таблеткалар және 25, 30, 50 және 100 мг таблеткалар N.10; 5 мг гранулалар; 1% 1 мл ампуладағы және шприц-тюбиктағы егуге арналған ерітінді; 10 мг балаларға арналған тік ішек балауыздары N. 5.
Рецепт үлгісі. Rp.: Diphenhydraminі 0,02
D.t.d N. 10 in tаb
S. ½ –1½ таблеткадан тәулігіне 1 – 3 рет.
#
Мебгидролин (Mebhydrolinum), диазолин. Мебгидромин - Н1- гистаминді рецепторларының тежегіші. Аллергияға қарсы, қышымаға қарсы, экссудацияға қарсы және әлсіз тыныштандыратын әсер көрсетеді.
Қолдану көрсеткіштері және мөлшерлеуі. Аллергиялық ринит (маусымдық, созылмалы), поллиноз, аллергиялық конъюктивит, есекжем, терінің созылмалы ауруы (экзема), жәндіктердің шағуына тері реакциясы; қышыма дерматоздарға және бронх демікпесіне үйлесімді емді ішке және тамақтан кейін тағайындайды. Ересектерге және 10 жастан асқан балаларға: күніне 100-300 мг (таблеткалар, дражелер 50; 100 мг №10; 20 ). 5-10 жастағы балаларға: күніне 100-200 мг. 2-5 жастағы балаларға: күніне 50-150 мг. 2 жасқа дейінгі балаларға: күніне 50-100 мг.
Кері көрсеткіштері. Жоғары сезімталдық, асқазан және он екі елі ішектің ойық жара ауруы (қозу сатысында), АІЖ-ның қабыну аурулары, қуық асты безінің гипертрофиясы.
Жанама әсері. Асқазан-ішек жолдарының бұзылыстары, асқазанның шырышты қабығының тітіркенуі, ауыз қуысының құрғауы болуы мүмкін; агранулоцитоз.
Шығарылу түрі. 50 және 100 мг таблеткада және дражеде N. 10, 20.
Квифенадин (Quifenadinum), фенкарол. Квифенадин - аллергияға қарсы әсер көрсететін гистаминге қарсы зат. Гистаминнің әсерін әлсіретеді (оның бронхоспастикалық әсерін, ішектің бірыңғай салалы бұлшық етінің спазмогенді әсерін және тамырлардың өткізгіштігіне әсерін төмендетеді). Инактивациялайтын гистамин Н1-рецепторларын тежеп қана қоймай, тіндердегі гистамин шоғырымын төмендетеді және фермент – диаминоксидазаны белсендендіреді. Серотонинге қарсы әлсіз М – холинотежеуші әсер көрсетеді. ОЖЖ-ін тежемейді.
Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі. Поллиноз, есекжем, ангионевротикалық ісік, аллергиялық ринопатия, дерматоздар (экзема, псориаз (теңге қотыр), атопиялық дерматит, тері қышымасы), бронхоспастикалық құрамы бар инфекциялық-аллергиялық реакциялар. Ересектерге 25-50 мг күніне 3-4 рет (таблеткалар 25; 50 мг №20). Балаларға: 3 жасқа дейінгі 5 мг күніне 2-3 рет; 3-7 жастағы 10 мг күніне 2 рет; 7-12 жастағы 10-15 мг күніне 2-3 рет; 12 жастан жоғары 25 мг күніне 2-3 рет.
Кері көрсеткіштері. Сезімталдықтың жоғарлауы, жүктілік (І үшайында).
Жанама әсері. Ауыз қуысының шырышты қабығының құрғауы, диспепсия, жүрек айнуы, құсу, ұйқышылдық.
Шығарылу түрі. 10 мг балаларға арналған таблеткалар және ересектерге арналған таблеткалар 25 және 50 мг N. 20.
Хлоропирамин (Chloropyraminum), супрастин. Хлоропирамин Н1-гистамин рецепторларын тежеу арқылы гистаминнің фармакологиялық әсерлерін тежейді. Атропин препаратының әсеріне ұқсас орталық (ынталандыратын және тежейтін) және шеткі әсер көрсетеді.
Қолдану көрсеткіштері және мөлшерлеу. Аллергиялық конъюктивит, аллергиялық ринит, вазомоторлы ринит, поллиноз, уртикария, ангионевротикалық ісіну, қан сарысулық ауруы, аллергиялық дерматит, экзема, аллергиялық медикаментозды реакциялар, қан құю кезіндегі реакциялар, анафилактикалық реакциялар, есекжем. Ересектерге арналған мөлшері 25 мг (таблеткалар 25 мг №10; 20), балаларға 5-12 мг (1/4 және 1/2 таблеткалар) күніне 2-3 рет.
Кері көрсеткіштері. Жүктілік, лактация, жаңа және шала туылған нәрестелер, глаукома, қуық үсті безінің гипертрофиясы, препаратқа сезімталдықтың жоғарлауы.
Жанама әсері. Ұйқышылдық, жалпы әлсіздік, асқазан-ішек жолдарының бұзылыстары.
Шығарылу түрі. 25 мг таблеткада N. 10, 20; 2% 1 мл егуге арналған ампуладағы ерітінді.
Прометазин (Promethazinum), дипразин, пипольфен. Препараттың гистаминге қарсы белсенділігі жоғары (димедролмен салыстырғанда белсенділігі жоғары). Н1-гистамин рецепторларын тежейді. Тыныштандыратын әсер көрсетеді.
Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі. Аллергиялық аурулар, айқын аллергиялық құрамымен жүретін ревматизм ауруы, дәрілік заттармен шақырылған аллергиялық асқынулар, қышыма дерматоздар (тері аурулары), Меньер ауруы. Сонымен қатар хирургияда наркотикалық анальгетиктер және жергілікті анестетиктердің әсерін арттыру, наркоз әсерін ұзарту үшін литикалық қоспаның құрам бөлігі болып табылады. Ішке 0,025 гр (драже 25 мг №10) күніне 2-3 рет, бұлшық етке және көктамырға 2,5 % 1-2 мл ерітінді.
Кері көрсеткіштері. Алкогольді мастық жағдайы, көлік жүргізушілерге жұмыс барысында тағайындауға болмайды.
Жанама әсері. Ауыз қуысының құрғауы, жүрек айнуы. Бұлшық етке енгізгенде ауырсыну шақыратын инфильтраттар, ал көктамырға енгізгенде артериялық қысымның күрт төмендеуі байқалады.
Шығарылу түрі. 25 мг драже N. 20; 2,5% 2 мл егуге арналған ерітінді.
Рецепт үлгісі. Rp.: Dragee Promethazinі 0,025
D.t.d N. 20
S. 1 – 2 дражеден күніне 2 – 3 рет.
#
Клемастин (Clemastinum), тавегил. Клемастин Н1-гистамин рецепторларының тежегіші – этаноламиннің туындысы. Аллергияға қарсы әсері бар, тамырлардың өткізгіштігін төмендетеді, тыныштандырғыш және М-холинотежеуші әсер көрсетеді, ұйықтататын белсенділігі жоқ. Гистаминмен шақырылған вазодилятация дамуын және бірыңғай салалы бұлшық еттің жиырылуының алдын алады. Капиллярлардың өткізгіштігін төмендетеді, экссудацияны және ісіктің қалыптасуын тежейді, қышыманы азайтады, жергілікті анестезиялаушы әсер көрсетеді.
Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі. Поллиноз, аллергиялық ринит, есекжем, қышыма дерматоздары, жанасқан дерматит, дәрілік аллергия, жәндіктердің шағуы, ангионевротикалық ісіну, анафилактикалық шок және анафилактоидты реакциялар, аллергиялық және псевдоаллергиялық реакциялар, қан сары сулық ауру, геморрагиялық васкулит, жедел иридоциклит. Ересектерге және 12 жастан асқан балаларға 1 мг (таблеткалар №10, 20, 30), 6-12 жастағы балаларға 0,5-1 мг күніне 2 рет, 1-6 жасқа дейінгі балаларға 1 шай қасықтан (шырын 0,013%); көктамырға және бұлшық етке ересектерге 2 мг (0,1% – 2 мл ампула) күніне 1 рет, балаларға күніне 0,025 мг/дене салмағына.
Кері көрсеткіштері. Жоғары сезімталдық, жүктілік, лактация кезеңі, бала жасы (1 жасқа дейін), 6 жасқа дейінгі балаларға таблетка түрінде.
Жанама әсері. Жоғары күйзеліс, ұйқышылдық, бас ауыруы, бас айналуы, дірілдеу, әлсіздік, шаршау сезімі, тежелу белгілері, қозғалыстыға бұзылу, аритмия, бронхоспазм, ауыз қуысының құрғауы, тәбеттің төмендеуі, жүрек айнуы, іштің өтуі немесе іш қатуы, гастралгия, зәр шығарудың қиындауы, гемолитикалық қаназдық, тромбоцитопения, агранулоцитоз, аллергиялық реакциялар.
Шығарылу түрі. 1 мг таблеткада N.10; 0,01% 60 және 100 мл флакондағы шырын; 0,1% 2 мл егуге арналған ампуладағы ерітінді N. 5.
Астемизол (Astemizolum), асмовал, гисталонг. Астемизол ұзақ әсер көрсететін гистаминге қарсы дәрі. Шеткі Н1-гистамин рецепторларын тежейді, гистаминмен шақырылатын бірыңғай салалы бұлшық ет спазмын тоқтатады, капиллярлардың өткізгіштігін төмендетеді. Физикалық жүктемемен және өкпе гипервентиляциясымен шақырылған бронхоспазмды әлсіретеді. Әлсіз серотонинге қарсы белсенділігі бар. Тыныштандыратын және холинотежеуші әсер көрсетпейді.
Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі. Аллергиялық ринит, аллергиялық конъюктивит, аллергиялық тері реакциялары, ангионевротикалық ісіну, анафилактоидты реакциялар, бронх демікпесі. Ересектерге және 12 жастан асқан балаларға – 10 мг күніне 1 рет, 6-12 жастағы балаларға 5 мг күніне 1 рет, 6 жастан төмен балаларға 2 мг/10 дене салмағына 1 рет қолдануға арналған суспензия түрінде.
Кері көрсеткіштері. Жоғары сезімталдық, жүктілік, лактация, 2 жасқа дейінгі балалар, бауыр жетіспеушілігі, гипокалиемия.
Жанама әсері. Тыныштандыратын әсер, тыныс алу жолдарының шырышты қабатының құрғауы, тәбетінің және дене салмағының жоғарлауы, тахикардия, қарыншаның фибрилляциясы, тырыспалар, коллапстық жағдайлар.
Шығарылу түрі. 5 мг N.20 және 10 мг таблеткалар N.10, 20, 100; 0,1% ішке қолдануға арналған 50 және 100 мл флакондағы суспензия.
Цетиризин (Сetirizinum), зиртек, зетринал, зодак, цетрин, парлазин. Цетиризин - Н1-гистамин рецепторларын тежейтін, гистаминнің бәсекелестік антагонисті, гидроксизин метаболиті. Аллергиялық реакциялардың ағымын алдын алады және жеңілдетеді. Қышымаға және экссудацияға қарсы әсер көрсетеді. Аллергиялық реакциялардың бастапқы сатысына әсер етеді, аллергиялық реакциялардың соңғы сатысында қабыну медиаторының босап шығуына кедергі жасайды және эозинофилдердің, нейтрофилдердің және базофилдердің көшуін төмендетеді.
Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі. Маусымдық және жылдық аллергиялық ринит; аллергиялық конъюктивит; поллиноз; есекжем, сонымен бірге созылмалы идиопатиялық есекжем; аллергиялық дерматит, тері қышымасы, ангионевротикалық ісіну, атопиялық бронх демікпесі (үйлесімді терапиямен бірге). Ересектер және 6 жастан асқан балаларға 10 мг күніне 1 рет немесе 5 мг күніне 2 рет (10 мг таблеткалар), 2-6 жастағы балаларға 5 мг күніне 1 рет немесе 2,5 мг күніне 2 рет, 1-2 жастағы балаларға 2,5 мг (5 тамшы) күніне 2 рет (0,1% шырын).
Кері көрсеткіштері. Жоғары сезімталдық (сонымен қоса гидрокортизонға), жүктілік, лактация кезеңі.
Жанама әсері. Ұйқышылдық, ауыз қуысының құрғауы, сирек бас ауыруы, бас айналуы, бас сақинасы, асқазан-ішек жолындағы жайсыздық, аллергиялық реакциялар (ангионевротикалық ісіну, бөртпе, есекжем, қышыма).
Шығарылу түрі. 10мг таблетка N. 5, 7, 10, 20; 1% 10 және 20 мл ішке қолдануға арналған флакондағы ерітінді; 0,1% 60, 75, 100 және 150 мл флакондағы ерітінді.
Лоратадин (Loratadinum), кларитин, лоратин. Лоратадин аллергияға қарсы және қышымаға қарсы әсер көрсетеді. Үйренуді шақырмайды. Алкоголь әсерін күшейтпейді, тыныштандыратын және орталық жүйке жүйесіне байланысты әсерлер көрсетпейді.
Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі. Есекжем, Квинке ісігі, қан сарысулық ауру, аллергиялық ринит, конъюктивит, дерматит, бронх демікпесінің инфекциялық емес аллергиялық түрі, медикаментозды аллергия. Жәндіктер шағуынан болған аллергиялық реакцияны басады. Ересектер және 12 жастан асқан балаларға ішке 1 таблеткадан (10 мг) күніне 1 рет. 2-12 жастағы балаларға: дене салмағы 30 кг 1/2 таблетка, ал 30 кг артық болса 1 таблеткадан күніне 1 рет.
Кері көрсеткіштері. Жоғары сезімталдық, лактация кезеңі. 2 жасқа дейінгі балаларға таблетка түрінде рұқсат берілмейді.
Жанама әсері. Құсу және ауыз қуысының құрғауын сирек шақырады.
Шығарылу түрі. 10 мг таблеткада N. 7, 10, 12; 0,1% 50, 60, 100, 120 және 125 мл флакондағы шырын; 0,1% 30 және 100 мл ішке қолдануға арналған флакондағы суспензия.