Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
учебник меру.doc
Скачиваний:
1988
Добавлен:
06.06.2015
Размер:
4.8 Mб
Скачать

8.3.1. Холинергиялық дәрілер

Тригексифенидил (Trihexyphenidylum), циклодол. Препарат орталыққа әсер ететін паркинсонизмге қарсы дәрі. Ол паркинсонизммен ауыратын науқастардағы бұлшықеттің тарылуын, қозғалыстың шектеулерін, сілекейдің ағуын, тершеңдікті азайтады, дірілдеуге әлсіз әсер етеді. Циклодол әлсіз спазмолитикалық әсер көрсетеді.

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі. Мұны жиі Паркинсон ауруында, кез келген жағдайдан туындаған, сонымен қатар дәрілік паркинсонизмде қолданады. Сол сияқты Литтля ауруын емдеу үшін, бас миының ауруларымен байланысты спастикалық салдануларда тағайындайды. Қабылдауды 0,0005 г күніне тамақпен бірге немесе тамақтан соң күніне 1-2 реттен тағайындайды. Циклодолдың әсері 1 сағаттан кейін басталады және 6-12 сағатқа созылады.

Кері көрсеткіштері. Зәрдің ұсталуы, аталық безінің аденомасы, глаукома, жүрекшенің фибрилляциясы, АІЖ обструтивті аурулары, жүктілік.

Жанама әсерлері. Ауыздың құрғауы, зәрдің ұсталуы, жүрек соғуының жиілуі. Көз қарашығының ұлғаюы, көзбен қабылдаудың анық болмауы, көз ішілік қысымның жоғарлауы, көздің ауырсынуы мүмкін. 60 жастан үлкен адамдарда, сонымен қатар атеросклероз кезінде препаратқа жоғары сезімталдық болуы мүмкін. Препаратты мөлшерден жоғары қабылдаған кезде лоқсу, құсу, мазасыздану, психикалық және қозғалыс қозулары, елестер, сандырақтар болады.

Шығарылу түрі. Таблетка 1, 2 және 5 мг N. 50.

Рецепт үлгісі. Rp.: Trihexyphenidyli 0,001

D.t.d. N. 50 in tab.

S. 1 таблеткадан күніне 2-3 реттен.

#

Тремблекс (Tremblіx), дексатимид. Трембликс орталық холинотежегішке әсері бар, қыртыс асты қозғалтқыш орталықтарын тежейді және паркинсонизммен ауыратын науқастарға қолайлы әсер етеді. Препарат сонымен қатар, спазмолитикалық және ауыру сезімін басатын қасиетке ие. Әсер етуі ұзартылған преперат. Әсер ету ұзақтығы бір рет бұлшықетке енгізгеннен кейін 2-4 күннен кейін ғана дамиды.

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі. Паркинсонизмде және әсіресе нейролептикалық препараттарды қолданудан туындаған, экстрапирамидалық бұзылыстарды емдеуде, сондай ақ алдын алуы үшін қолданылады. Ересектерге нейролептиктермен бірге препаратты 0,125-0,375мг (1-3мл) мөлшерде бұлшықетке енгізеді.

Кері көрсеткіштері. Басқа холинолитикалық препараттардың кері көрсеткіштеріне ұқсас. Глаукомамен, аталық безінің аденомасы бар науқастарға сақтықпен тағайындайды, жүктілік кезеңінде, Паркинсон ауруында.

Жанама әсерлері. Ауыздың құрғауы, сусау, аккомадацияның бұзылыстары, тахикардия, несеп шығуының қиындауы, ішек атониясы, бас айналу, бас ауыру, фотофобия.

Шығарылу түрі. Көктамыр ішілік егуге арналған ампуладағы 0,125% ерітінді 2 мл (0,125 мг/мл).

Биперидин (Biperidenum), акинетон. Биперидин - орталықты әсер ететін холинотежегіштер, әсер ету қасиеті бойынша тригексифенидилге ұқсас.

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі. Паркинсон ауруында, нейролептикалық заттармен емдеу кезіндегі экстрапирамидалық бұзылыстарда қолданылады. Ішке 1-2 мг–нан тәулігіне 2 реттен 16 мг-нан тағайындайды; бұлшықет ішілік және көктамыр ішілік 2,5-5 мг-нан енгізіледі.

Кері көрсеткіштері. Глаукома, аталық безінің қатерсіз гиперплазиясында, жүктілік, емшекпен емізу.

Жанама әсерлері. Ауыздың құрғауы, аккомадация бұзылыстары, диспепсиялық бұзылыстар, тахикардия, ұйқышылдық, елестер, есте сақтау қабілетінің бұзылыстары.

Шығарылу түрі. Таблеткада 2 мг N.20, таблетка ретард 4 мг N. 10, 20, 30, 60; ампуладағы 0,5%-1 мл ерітінді N.5.