Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
учебник меру.doc
Скачиваний:
1988
Добавлен:
06.06.2015
Размер:
4.8 Mб
Скачать

11.2.7. Иммуноглобулин препараттары

Иммуноглобулиндер ағзада антидене қызметін атқарады; антигенді белсенділік пен хелперлік белгі нәтижесінде пайда болатын В-лимфоциттердің дифференцировкасының соңғы сатысы болып табылатын плазматикалық жасушалармен өндіріледі. Олар жартылай қызметтік ақуыздарға жатады және келесі негізгі қызметтерді іске асырады:

  1. өзіндік әртүрлі антигендер мен гаптендерді (толық емес антиген) табады;

  2. өзіне сәйкес рецепторлары бар басқа иммунокомпетентті жасушалармен әсерлеседі;

  3. комплемент жүйесін белсендіреді. Түрлі иммуноглобулиндердің қызметіне жауапты құрылымдар, бұл ақуыздық молекулалардың түрлі бөлігінде орналасқан.

Қазіргі кезде адам иммуноглобулиндерінің бес түрі белгілі:

IgM комплемент жүйесін белсендіреді;

IgE мес жасушалары мен базофильдердің бетіндегі арнайы рецепторлар мен әсерлеседі және бұл жасушалардан аллергия медиаторларын бөледі;

IgA адам ағзасындағы түрлі сұйықтарына бөлінеді, секреторлық иммунитетті қамтамасыз етеді;

IgD антиген үшін мембраналық рецептор ретінде әрекет етеді;

IgG түрлі белсенділік көрсетеді; соның ішінде плацента арқылы өту мүмкіндігі.

Адамның қалыпты иммуноглобулині (Immunoglobulinum humanum normal) иммунды белсендіруші дәрі болып табылады. Ағзада антиденелердің мөлшерін жоғарылатады. Бактерия, вирус және басқа да қоздырғыштарға қарсы опсонизирлеуші және нейтрализдеуші антиденелердің өндірілуін қамтамасыз етеді. Біріншілік және екіншілік иммуно тапшылықпен зардап шегетін ауруларда, IgG класындағы жетіспейтін антиденелердің өндірілуін қамтамасыз ету арқылы инфекцияның туындауын төмендетеді.

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі. Біріншілік иммуно тапшылық синдромдары кезіндегі инфекциялық пролиферациясы: агаммаглобулинемияда, қарапайым вариабельды иммуно тапшылықта, а– немесе гипогаммаглобулинемиямен байланысты кезінде; IgG класының тапшылығы, созылмалы лимфолейкозбен, балалардағы АИЖТ-мен шақырылған екіншілік иммуно тапшылық синдромының алдын алу шараларында, идиопатиялық тромбоцитопениялық пурпура, ауыр бактериялық сонымен қоса сепсис және вирусты инфекция, жетілмеген балалардың инфекциялық алдын алу шараларында, аутоиммунды нейтропения, қан жасаудың қызыл жасушаларының парциялды аплазиясы, иммунды пайда болатын тромбтоцитопения, жаңа туған нәрестелердегі изоиммунды тромбоцитопения, гемофилия, цитостатиктер және иммунодепресанттармен емдеу және инфекцияларды емдеу, біріншілік түсік тастаудың алдын алу шаралары. 1 рет қолданылатын мөлшер иммуноглобулиннің 0,05-0,2 г/кг дене салмағына (2,5-10 г) құрайды. Жеке жағдайларда, септико-токсиемиялық жағдайларда, күнделікті иммуноглобулин мөлшері 1г/кг дене салмағына дейін ұлғаюы мүмкін. Емдеу уақыты 3-10 трансфузиялардан тұрады.

Кері көрсеткіштері. Адам ағзасындағы иммуноглобулиндерге сезімталдықтың жоғарлауы, әсіресе IgA тапшылығы бар науқастарда.

Жанама әсерлері. Бас ауыруы, лоқсу, бас айналу, іш ауыруы, іштің өтуі, гипо- және гипертензия, тахикардия, цианоз, ентігу, қысу сезімі, гипотония, коллапс, есін жоғалту, гипертермия, қалтырау, тершеңдік, әлсіздік, арқаның ауыруы, миалгия, қызу толқулары немесе суық сезімінің болуы.

Адамдағы қалыпты иммуноглобулин [IgG+IgA+IgM] (Immunoglobulinum humanum normal [IgG+IgA+IgM]) IgG сияқты бактерияға, олардың токсиндеріне және вирустарға қарсы әр түрлі антиеденелер жатады. Бұл жалғыз Ig плацента арқылы енеді және жаңа туған нәрестенің иммунды қорғанысын қамтамасыз етеді. IgM пентамер болып табылады, яғни 5 төрт тізбекті құрылымнан тұрады. IgM жататын антиденелер, иммундық жауаптың ерте деңгейінде көрінеді, ол инфекциялық қабынудың бастапқы фазасында қорғаныстық қызмет атқарады. IgA қан сарысуында сонымен қатар, әр түрлі секреттерде болады, ол шырышты қабықтарды патогенді микроорганизмдерден қорғайды. Ig препараттарының бірнеше фармакологиялық әсер көрсететін механизмдері белгілі, аутоантиденелердің антиидиотипиялық антиденелермен өнімінің нейтролизациясын тежейді және Т-жасушалардың қызметіне цитокиндердің өніміне және белсенділігіне әсер етеді.

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі. Біріншілік және екіншілік иммуно тапшылық. Тромбоцитопениялық пурпура, Кавасанис синдромы, аутоиммунды гемолитикалық қаназдық. Мөлшері енгізілетін препараттардың қасиетіне байланысты және 100-ден 500 мг/кг жұмасына қамтиды. Аутоиммунды ауруларды емдеу үшін өте жоғары мөлшерлер 500-ден 1000 мг/кг 2-5 күн аралығында емдейді.

Кері көрсеткіштері. Анафилаксиялық шок немесе ауыр жүйелі жауап к/т немесе б/е Ig препараттарының енгізуі науқас анамнезінде. Құрамында IgA класы бар Ig препараттары IgA жетіспеушілі бар науқастарға тиым салынады (себебі бұл науқастарда IgA қарсы антиденелер болады).

Жанама әсерлері. Жанама әсерлер баяу дамиды, бірақ-та бастапқы енгізгенде тахикардия, жүрек айнуы, енсенің түсуі, дене қызуының көтерілуі, артралгия байқалуы мүмкін. Айқын әсерлерден кейін препаратты енгізуді тоқтату керек.

Цитомегаловирустарға қарсы иммунолобулин (Immunoglobulinum anticytomegalovirus) - бұл адамның Ig, цитомегаловирусқа қарсы өзіндік антиденесі бар.

Қолдану көрсеткіштері және мөлшерлеуі. Иммунды жетіспеушілігі бар науқастарда цитомегаловирусты инфекцияны емдеу және алдын-алу шаралы (сонымен қатар басқа да себептермен пайда болған, жаңа туған нәрестелерде, дәрілік иммунодепрессиясы бар иммунды жетіспеушілігі бар науқастарда мысалы, АИВ). Бір реттік қолданылатын мөлшері – 50 МЕ/кг. Енгізу жылдамдығы 20 тамшы/мин (1 мл/мин).

Кері көрсеткіштері. Адам Ig-не жоғары сезімталдықтығы. Сирек жағдайларда IgА жетіспеушілігінде және IgА-ға қарсы антиденелердің көптігі, жүктілік, лактация кезеңінде.

Жанама әсерлері. Қалтырау, бас ауыруы, гипертермия, жүрек айнуы, құсу, аллергиялық реакциялар, буынның қақсауы, арқаның ауыруы. Кейбір жағдайларда – анафилаксиялық шоқ.

Гепатит В-ға қарсы иммуноглобулин. (Immunoglobulinum antihepatitis B) иммунизирленген рекомбинантты гепатит В вакцинасының донорлық қан сарысуынан алынған иммунологиялық белсенді ақуыздың фракциясы болып табылады. Препараттың бастапқы әсері гепатит В вирусының беткей антигеніне антидене болып табылады. Ол вирустың рецепторларын бөгеттеп және сонымен инфекция дамуының қаупін төмендетеді.

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі. Балалар мен ересектерде гепатит В-ның жедел алдын алу шараларында. Препарат мөлшері белгілі бір кесте бойынша қолдануға байланысты (иммуноглобулинді енгізу бекітілген тіркеу түрлерінде серияның номері, шығарылу күні, жарамдық мерзімі, шығарушының мекемесі, енгізу күні, мөлшері, енгізуге әсері).

Кері көрсеткіштері. Адам қанының препаратын енгізгенде ауыр аллергиялық әсерлері дамитын адамдарға. Иммунопатологиялық жүйелік аурулардан зардап шегетін адамдар (қан, дәнекер тін аурулары, нефрит және т.б.)

Жанама әсерлері. Жергілікті әсерлері: ауырсыну, енгізген жерде сезімталдықтың жоғарлауы, қалтырау, эритема, экхимоздар, ісіну, жылулық және түйіндердің түзілуі. Кейде бас ауыруы, бас айналуы, парестезиялар, жүрек айнуы, іштің өтуі, құсу, іштің ауыруы, диспепсиялық бұзылыстар.