Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
лекция МКТ.doc
Скачиваний:
569
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
928.77 Кб
Скачать

18. Мемлекеттік аппарат түсінігі. Қазақстан Республикасының мемлекеттік аппарат құрылымы.

Мемлекеттік аппарат – мемлекет өз міндеттері мен функцияларын осының көмегімен орындайтын, өзара байланысќан мемлекеттік органдар мен мекемелер ж‰йесі.

Бұл шынайы материалды және ұйымдастырушылық күш, яғни осы арқылы мемлекет билікті жүзеге асырады, кез келген саясатты жүргізеді.

Заң ғылымында “мемлекеттік аппарат “ және “ мемлекет механизмі” деген ұғымдар синоним ретінде қолданылады, бірақ мемлекеттік аппарат ұғымына, тікелей басқару қызметін жүзеге асыратын және осы үшін билік құзыреттілігі берілген органдар жүйесін жатқызады, ал “мемлекет механизмі” түсінігіне мемлекеттік аппаратпен қоса, тағы мемлекеттік ұйымдар мен мекемелерді, сонымен қоса «материалдық жылауық» мемлекеттік аппаратты (қарулы күш, милиция, түзеу мекемелері және т.б.) жатқызады.

Мынадай ғылыми көзқарас бар, осыған орай мемлекет аппараты дегеніміз статикадағы барлық мемлекеттік органдар, ал, мемлекеттік механизмі дегеніміз тек динамикадағы сол орғандар. Мемлекеттік аппаратты зерттеуде, қандай да болсын мемлекеттік органның тағайндалуы туралы, пайда болу тәртібі, құзыретті жайлы бірінші сөз қозғайды, ал мемлекеттік механизмін зерттегенде, мемлекеттік органдардың тікелей қызметі туралы, қандай да бір мемлекеттік функцияны жүзеге асыру үрдісіндегі олардың өзара байланысы туралы айтылады.

Мемлекеттік аппараттың өзіне тән белгілері:

а) ол өзара байланысты мемлекеттік органдардың реттелген жиынтығы яғни, жүйесін кұрайды. Мемлекет механизміне Президент, заң шығарушы органдар (Парламент, Конгресс, Сейм...), аткарушы органдар (үкімет, министірліктер, ведомствалар, мемлекеттік комитеттер, әкімшіліктер және т.с.с.) сот органдары (конституциялық, жоғарғы және басқа да соттар), прокурорлық және басқа да қадағалаушы органдар, полиция, қарулы күштер және т.б. Барлығы бірігіп биліктің біртұтас жүйесін құрайды;

б) оның бүтіндігі мақсаты мен міндеттердің біртұтастығын қамтамасыз етеді;

в) мемлекет аппараттың негізгі элементі билік өкілеттілігіне ие мемлекеттік органдар;

г) мемлекет ол арқылы өз билігін жұзеге асыратын, нақты нәтижелерге жететін материалдық және ұйымдастырушылық күш(тетік) болып табылады.

Мемлекеттік аппараттың құрылымы ретінде, оның ішкі құрылысын, олардың элементерінің- сатылық орналасу тәртібін, олардың өзара байланысын, қатынасын және өзара бағыныштылығын түсінеміз.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік аппаратының құрылымы Қазақстан Республикасының Конституциясында бекітілген.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік аппаратының құқықтық мәртебесі еліміздің қолданыстағы құқығында(“Қазақстан Республикасының Президенті туралы”, “Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы”, “Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы” және т.б. конституциялық заңдарда, “Қазақстан Республикасының Прокуратурасы туралы”, “ Жергілікті мемлекеттік басқару туралы” заңдарда, Қазақстан Республикасының Президентінің заңдық күші бар “Қазақстан Республикасының ішкі істер орғандары туралы”жарлығында) анықталады.