Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
лекция МКТ.doc
Скачиваний:
569
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
928.77 Кб
Скачать

20.Қазақстан Республикасының мемлекеттік аппаратын ұйымдастыру қағидалары және қызметі.

Мемлекет аппараты дегеніміз ұйымдасуының жалпы қағидалары мен атқаратын қызметтері өзара байланысқан мемлекеттік органдар жүйесі.

Қағидалар – бұл мемлекеттік органдардың қалыптасуы мен қызмет атқаруына деген негізгі бағыттарды анықтайтын бастама идеялар.

Мұндай қағидалар ретінде:

  1. мемлекеттік қызметкерлеріне қойылатын міндеттерінің мойындалуын, сақталуын және олардың қорғалуының алдын алатын адам және азамат құқықтары мен бостандығының басымдылығы;

  2. демократизм, мемлекеттік органдарды ұйымдастыру мен қалыптастыруда бәрінен бұрын азаматтардың кең қатысуымен көрініс табады;

  3. биліктің бөлінуі (заң шығарушы, атқарушы және сот);

  4. заңдылық, яғни барлық мемлекеттік қызметкерлердің Конституцияны, заңдарды және заңға бағынышты актілерді міндетті түрде сақтауын білдіреді;

  5. жариялылық, құқық субъектілерін нақты мемлекеттік органдардың тәжірибелік қызметі туралы ақпараттылықпен қамтамасыз етеді;

  6. кәсібилік, мемлекеттік аппарат қызметінде әлде қайда білікті қызметкерлерді пайдалану үшін қолайлы жағдай туғызады, елдің тұрғындары мүддесіне қатысты мемлекеттік өмірдің негізгі сұрақтарын жоғары деңгейде шешуге кепілдік береді;

Мемлекеттік органдардың құрылуында аталмыш функцияларды жан-жақты есепке алу, сондай-ақ олардың осы үрдісте қызмет атқаруы қоғамды мемлекеттік басқарудың ең жоғаргы тиімділігін қамтамасыз етуге мүмкіндік туғызады.

21. Қазақстан Республиканың ішкі істер органдарының мемлекет аппаратындағы орны.

Мемлекет аппаратында ерекше орын Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарына берілген, заңдық белгілі құзыретке және осы құзырет шегінде мемлекет атынан әрекет ету құқығына ие, қажет деп таныған жағдайда мәжбүрлеу аппаратының іс қимылына жүгінетін, оның кұрамдас бөлігі.

Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарының мемлекеттік аппаратындағы орны ең алдымен, мемлекеттің әлеуметтік тағайындалуын жүзеге асырудағы оның рөлімен сипатталады.

Ішкі істер органдары мемлекеттік билік өкілі ретінде арнайы функцияларды жүзеге асырады. Ішкі стер органдары қызметінің жан-жақтылығы, қоғамдық өмірдің сай салаларына таралады. Бұл органдар тұрғындардың барлық қабаттарының көпшілігімен тікелей және тұрақты қатынасты жүзеге асыратын мемлекеттік аппараттың бөлігі болып табылады.

Қазақстан Республикасы Президентінің заңдық күшіне ие «Қазақстан Республикасының ішкі істер органы туралы» жарлығының 1 бабында мынадай анықтама бекіген: «Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес анықтау, алдын ала тергеу мен жедел іздестіру қызметін, сондай-ақ қоғамдық тәртіпті сақтау мен қауіпсіздікті қамтамасыз ету, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандығына, қоғам мен мемлекеттің мүдделеріне қылмыстық және өзге де заңға қарсы қол сұғушылықтардың алдын алу және жолын кесу жөніндегі атқарушылық және өкім етушілік функцияларын жүзеге асыратын арнайы мемлекеттік орган болып табылады».

Ішкі істер органдарының қызметіне деген функциональдық көзқарас әкімшілік-регламенттік, әкімшілік-атқарушылық, қылмыстық-процессуальдық, жедел-іздестірушілік нысандар мен қоса олардың қызметінің қағидалық мәнді жаңа нысанын бөліп көрсетуге мүмкіндік туғызады. Демек, «құқыққа қайшы қол сұғудан, жазатайым және оқыс оқиғалардан зардап шеккен, сондай-ақ денсаулығы мен өмірі үшін қауіпті дәрменсіз...» (10бап, 15тар.), « хабар ошарсыз жоғалып кеткен адамдарды іздестіру... » (10бап, 9тар.), «өрт қауіпсіздігі жай-күйіне бақылау жасауды жүзеге асыруға жәрдем көрсетуге...» (10бап, 19тар.), «арнаулы және әскери тасымалдарды ұйымдастыруға» (10бап, 26тар.), «карантиндік ... іс шараларды өткізуге қатысуға» (10бап, 27тар.), «азаматтар мен лауазымды тұлғалардың паспорт жүйесінің белгіленген ережелерін сақтауын, сондай-ақ шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың олар үшін белгіленген келу, кету, болу және Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитті өту ережелерін сақтауын бақылауға» (10бап, 25тар.) сияқты міндеттер ішкі істер органдарын қоғамдағы әлеуметтік қызмет ретінде қарастыруға негіз болады. Бұдан басқа ішкі істер органдарының қызметі басым мәжбүрлеу немесе жазалаушы сипатта болады, құқық нормаларын бұзушылықтан қорғау және бұзылған құқықты қалпына келтіруге бағытталған, қажет болған жағдайда – заңдық міндеттерді орындауы үшін мәжбүрлеумен қамтамасыз етіледі және құқық нормалары бұзылған үшін жазалау шараларын қолданады. Жекелеп алғанда, қоғамдық қауіпсіздікті және қоғамдық тәртіпті қорғау барысында әртүрлі құқықтық институттарды қолдануы бойынша әкімшілік құқық нормалары ішкі істер органдарының құқықтары мен міндеттерін нақтылайды.

Қазақстан Республикасы Президентінің заңдық күшіне ие «Қазақстан Республикасының ішкі істер органы туралы» жарлығына сәйкес азаматтардан қоғамдық тәртіпті сақтауды талап етуге, құқыққа қарсы іс-қимылдар мен ішкі істер органдарының өкілеттігін жүзеге асыруға кедергі келтіретін әрекеттерді тоқтатуды талап етуге құқығы бар. Бұл талаптар орындалмаған жағдайларда тиісті мәжбүрлеу шараларын қолдануға құқылы: ішкі істер органдарының қызметкерлері күш пен арнайы құралдарды және атыс қаруын қолдануға, (11бап.1тар.;13-14 бап); құқық бұзған әскери қызметшілерді ұстауға және, қылмыстық процессуальдық заңнамаларға сәйкес қылмысқа сезіктілерді, сондай-ақ заңға сәйкес жеке бостандықты шектеудің белгілі түрі қолданылған тұлғаларды уақытша оқшаулауға (11бап; 7-9тар.); құқықбұзушыларды ішкі істер органдарына жеткізуге, оларды ұстауға, кісінің жеке басын тексеруге, сондай-ақ заттары мен көлік құралдарын тексеруге және заттары мен құжаттарын алып қоюға, әкімшілік құқықбұзушылық бойынша істерді жүргізуді қамтамасыз ететін заңмен қарастырылған басқа да шараларды қолдану ( 11бап, 6 тар.). Демек, ішкі істер органдарының қызметінің кейбір түрлері жабық немесе жартылай жабық сипатта болады. Қоғам және мем лекеттің ұлттық қауіпсіздігін қылмыстық қол сұғушылықтан қорғау мақсатында өз құзыры шегінде Конституцияға және өзге де нормативтік актілеріне сәйкес ішкі істер органдарына қылмыстарды анықтау, алдын алу, ашу үшін жария және жария емес жедел- іздестіру шараларын жүзеге асыру құқығы беріледі.

Демек, Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары мемлекеттік механизмнің бөлігі бола отырып, мемлекеттік басқару органдарының (яғни, атқарушы органдарға жатады)жүйесіне кіреді және бір уақытта мемлекеттің құқық қорғау органдар жүйесінің және оның құқыққорғау қызметінің бір тармақшасы болып табылады. Олар жалпы ережелерге, біздің қоғамның, мемлекеттің және құқықтың ұйымдастырушылық және функционалдық қағидаларына сәйкес оларды құру және жүзеге асыруы арқылы құқықтық қызметтің барлық нысандарын жүзеге асырады.