Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
лекция МКТ.doc
Скачиваний:
569
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
928.77 Кб
Скачать

14.Мемлекеттің міндеттері және функциялары: түсінігі, мазмұны және жіктелуі.

Мемлекеттің міндеттері және функциялары деген өзара ажырамас ұғымдар. Сондықтан құқықтық ғылым мемлекеттің міндетері мен функцияларын құрамдас өзара байланысты , бірақ бір мағыналы емес аралас категория ретінде толық негізде қарастырады. Мемлекет және қоғам алдында белгілі міндеттерді қою осыған сәйкес функцияларды жүзеге асыру қажеттілігін тудырады. Мемлекеттің міндеттері – обьективтік фактор, олар оның мақсатымен байланысты болатын мемлекет типі, оның мәнімен және әлеуметтік тағайындалуымен негізделеді.

Мемлекеттің міндеттері – қоғамның түбегейлі мәселелері, яғни мемлекет өз функцияларын жүзеге асыру арқылы ұмтылатын ең соңғы мақсаттары.

Сөйтіп, Казақстанның міндеттері Қ.Р. Конституциясында, ҚР Президентінің «Қазақстан – 2030. Барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы» халқына жолдауында нақты анықталған. («ҚР Президенті жолдауындағы «Қазақстан – 2030» мемлекет және құқық мәселелері» толығырақ қараңыздар)

Мемлекет функциялары – бұл мемлекеттің алдында тұрған міндеттерін шешуде оның әлеуметтік мәнін өрнектейтін мемлекет қызметтерінің негізгі бағыттары. Функциялар - бұл мемлекет айналысатын істер.

Мемлекеттің функциясының белгілері:

  1. тікелей оның таптық және жалпы әлеуметтік мәнін өрнектейді және нақтылайды;

  2. оның тарихи міндеттері мен мақсаттары арқылы пайда болады және дамиды;

Мемлекет функциясының әрекет ету созылмалылығына байланысты олар тұрақты (мемлекет дамуының барлық этаптарында жүзеге асырылады) және уақытша (өз әрекетін белгілі міндеттерді орындауымен байланысты тоқтатады, әдетте, төтенше сипатқа ие) болып бөлінеді;

  • мағынасына қарай – негізгі, негізгі емес деп бөлінеді. Негізгі еместер негізгінің бір түрі болып табылады. Мысалы: Мемлекеттің экономикалық функциясы негізгі және тұрақты, ал мемлекетсіздендіру жекешелендіру және ұлттандыру үрдістері елдің дамысының әр этаптарына тән экономикалық функция құрылымында тұрақсыз;

  • Қоғамдық өмірдің қай саласында жүзеге асырылуына байланысты ішкі және сыртқы болып бөлінеді.

Қазіргі мемлекетердің ішкі функцияларына келесілерді жатқызуға болады:

  1. экономикалық;

  2. құқыққорғаушы – адам және азаматтардың құқықтар мен бостандықтарын қорғау, құқықтық тәртіптілікті қамтамасыз ету;

  3. саяси;

  4. әлеуметтік;

  5. экологиялық;

  6. мәдени.

Қазіргі мемлекетердің сыртқы функцияларына келесілерді жатқызуға болады:

  1. елдің қорғанысы;

  2. басқа мемлекеттермен достастығы және т.с.с.

        1. Мемлекеттің функцияларын жүзеге асыру нысаны – бұл оның функцияларын жүзеге асырушы мемлекеттік органдар қызметінің түрлері.

Құқықтық және ұйымдастырушылық нысандарын бөліп көрсетеді.

Бастапқысы соңғысына қарағанда, бұл құқықтық актілер қабылдаумен байланысты және заңдық салдар тудыратын мемлекеттік органдар қызметінің біртектілігі. Құқықтық нысандарға жатқызылады:

  1. құқықшығармашылық(нормативтік актілерді әзірлеу және шығару қызметі);

  2. құқыққолданушылық(құқық қолдану актісін қабылдау арқылы нормативтік актілерді жүзеге асыру қызметі, бұл заңдарды орындау бойынша және басқарушылық сипаттағы әр түрлі сұрақтарды шешу барысындағы күнделікті жұмыстар);

  3. құқыққорғаушылық(адам мен азаматтардын құқығы мен бостандығын қорғау, құқықбұзушылықтың алдын-алу және кінәлі адамдарды заңды жауапкершілікке тарту бойынша және т.с.с. қызметі).

Ұйымдастырушылық нысандарға жатқызылады:

  1. Ұйымдастырушы-реттеуші(құжаттар жобасын әзірлеумен, сайлауды ұйымдастырумен және т.с.с. байланысты мемлекет органдарының қызмет етуін қамтамасыз ету бойынша белгілі құрылымдардың ағымдағы жұмысы);

  2. шаруашылық-ұйымдастырушылық(бухгалтерлік есеппен, статистикамен, қамсыздандырумен және т.б. байланысты жедел-техникалық және шаруашылық жұмыстар);

  3. идеологиялық-ұйымдастырушылық(жаңа басылған нормативтік актілерді түсіндірумен, қоғамдық пікірді қалыптастырумен және өзгелермен байланысты мемлекеттің түрлі функцияларын орындаудыа идеологиямен қамтамсыз етудегі күнделікті тәрбиелік жұмыс).

Мемлекет функцияларын жүзеге асыру тәсілдері – бұл әдіс және тәсілдер, олардың көмегімен мемлекеттің функциясын мемлекет органдары іске асырады. Осындай әдістердің ішінен: сендіру мен көндіру, көтермелеу мен жазалау және т.б. бөліп қарастырады.

  1. Мемлекеттің ішкі функциялары