Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
лекция МКТ.doc
Скачиваний:
569
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
928.77 Кб
Скачать

43. Қазақстан Республикасының қолданылатын құқығының түсінігі

Қазақстан Республикасында қолданылатын құқық Конституцияның, соған сәйкес заңдардың, өзге де нормативтік құқықтық актілердің Республиканың халықаралық шарттық және өзге де міндеттемелерінің, сондай – ақ Республика Конституциялық Кеңесінің және Жоғарғы Соты нормативтік қаулыларының нормалары болып табылады.(ҚР Конституциясының 4 бабының 1 тарм.).

«Қолданылатын құқық» заңдық түсінігі категориясы нормативтік құқықтық актілердің айқын жіктелуіне, Конституция мен мемлекет заңдарының беделінің өсуіне және басым және негізгі реттеу рөлін күшейтуіне септігін тигізу үшін ҚР Конституциясының айналымына 1995 жылы енгізілген.

Сонымен бірге Котов А., және Котов Д. пікірлері бойынша қолданылатын құқықтағы негізгі элементтерінің констатациясы осы категорияның мазмұнын шын мәнінде қанағаттандырмайды. Олар қолданылатын құқықтың нақты актілерін әр топтың ішіндегі құқықтық сатыдағы орнының тәртібі бойынша жіктейді.

А. Заңнамалық актілерге және заңнамаға мыналар жатады:

  1. 1995 жылғы ҚР Конституциясы;

  2. әр палата депутаттарының жалпы санының 3/4 даусымен қабылданатын ҚР Конституциясына өзгертулер мен толықтырулар енгізетін заңдар;

  3. Парламенттің әрбір палатасы депутатарының жалпы санының 2/3 даусымен Парламенттің бірлескен отырысында, ережеге сай Конституция (оны жалғастырушы ретінде) мәтінінің өзінен туындайтын констиуциялық құрылыс және мемлекет институттары негізіндегі сұрақтар бойынша шығарылатын конситуциялық заңдар және ҚР Президентінің конституциялық заң күші бар жарлықтары;

  4. ҚР кодекстері;

  5. ҚР заңдары және ҚР Президентінің заң күші бар жарлықтары;

  6. ҚР Президентінің нормативтік жарлықтары;

  7. ҚР Парламентінің нормативтік қаулылары;

  8. ҚР Үкіметінің нормативтік қаулылары (ҚР АК 3 бабы бойынша).

Б. ҚР-да ратификациаланған және күшіне енген халықаралық құқықтық актілер деңгейі «оның заңдары алдында» басымдылыққа ие Конституциямен сондай-ақ «халықаралық шарттан оның қолданылуы үшін заң шығаруды қажет ететін жағдайды қоспағанда тікелей қолданылатын» (Конституцияның 4 бабы 3 тарм.) сонымен қатар 12 желтоқсан 1995 жылғы «ҚР халықаралық шарттарын бекіту, орындау және денонсациялау тәртібі туралы» ҚР Президентінің заң күші бар жарлығымен анықталады.

В. Заңға бағынышты нормативтік құқықтық актілерге мыналар жатады:

  1. министірліктердің, өзге орталық мемлекеттік органдардың нормативтік бұйрықтары;

  2. мәслихаттар мен әкімдердің нормативтік шешімдері.

Г. 1) қабылдаған күннен бастап күшіне енетін, республиканың барлық территориясында жалпыға міндетті, соңғы және шағымдануға жатпайтын ҚР Конституциялық кеңестің қорытынды шешімдері (қаулылары). Олар ҚР Конституциясына негізделеді, және барлық өзге нормативтік құқықтық актілер оларға қайшы бола алмайды;

2) азаматтық, қылмыстық, әкімшілік және өзге соттық істерді қарастыруда заңнаманы қолдану сұрақтары бойынша соттарға міндетті түсіндірулер беретін ҚР Жоғарғы Сотының нормативтік қаулылары;

3) орталық сайлау комиссиясының қаулылары (республикалық референдум өткізу комиссиялары), Қазақстанның барлық территориясында міндетті және мына сұрақтар бойынша құзырлы органдармен қабылданған, Парламент Мәжіліс депутаттарының әкімшілік–территориялық бірліктен сайланушылар санын анықтау немесе республикалық референдумде сайлау қорытындысы жайлы ресми хабарлама, өйткені референдум арқылы қабылданған акт елдің барлық территориясында міндетті күші болады және мемлекеттік органдар тарапынан әлде кімнің бекітуін қажет етпейді, ол өз күшіне референдумдегі сайлау қорытындысын ресми жариялағаннан бастап енеді.

Д. Нормативтік емес (жеке) заңдық актілер;

  1. ұйымдастырушылық - жедел сұрақтар және тұлғалардың санының шектеулігі бойынша ҚР Президентінің өкімдері және бұрын (1995 жылдың 30 тамызына дейін) қабылданған әрекет етуші қаулылар;

  2. Парламенттің жеке қаулылары және оның Палаталарының қаулылары; Мәжіліс және Сенат төрағаларының өкімдері;

  3. Конституцияға, заң актілеріне. ҚР Президентінің жарлықтары мен өкімдеріне қайшы келмейтін өз құзыреті шегінде оның жеке өзімен қабылданатын, Премьер- Министрдің өкімі.Жедел басқару актілері сипатында болады, әрекетті орындалумен қанағаттандырады;

  4. Үкімет, Қазақстан кәсіподақ Федерациясы және республикалық жұмыс берушілер бірлестіктері арасындағы генеральді келісімдер. Олар орындалу үшін әлеуметтік достастық (партнерлық) бойынша Республикалық үш жақты комиссияның, региондық органдар мен салалық басқарман, мемлекеттік ұйымның басшылары, меншік нысанына қарамастан шаруашылық етуші субъектілерінің жүмыс берушілері үшін міндетті. Бірақ олардың әрекет ету мерзімі жаңа генеральді келісім жасау кезімен шектеледі. Және олар негізінен жалпы құқықтын емес, олардың сақталуы мен орындалуы бойынша өзіне міндет алатын нақты жағдайдан, іс шарадан және тараптардың ниетінен тұрады;

  5. әкімдердің өкімдері;

  6. ішкі салалық мәнге ие, орталық атқарушы органдарының жедел басқару актілері.

  7. Қазақстанның бүкіл аумағында міндетті қуатты соттардың үкімдері мен өзге де қаулылары (Конституцияның 76 бабының 3 тарм. қараңыз).

Е. Ұйымдардың жарлықтары, олардың құрылымдық бөлімшелері немесе тәртіптік жауапкершілік, сыйақы беру туралы және т.с.с ережелері, ішкі еңбек тәртіп ережелері және т.б. локальді нормативтік емес заңдық актілер. Олар тек нақты ұйым шегінде ғана әрекет етеді және міндетті және қалған нормаларға, қолданудағы құқықтың әлде қайда жоғары актілеріне сәйкес келуі керек.