Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
лекция МКТ.doc
Скачиваний:
569
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
928.77 Кб
Скачать

19.Мемлекеттік орған: түсінігі және белгілері.

Мемлекеттік орган – мемлекеттің белгілі функциясын жүзеге асыруға қатысатын және осыған орай билік құзыры берілген мемлекеттік аппарат бөлігі.

Мемлекет органының белгілері:

  1. біртұтас мемлекеттік организмінің құрамдас бөлшегі ретінде, соның ішінде өзінің айрықша орны бар, мемлекеттік аппаратын дербес бір элементі;

  2. мемлекет атынан және оның тапсырмасымен әрекеттенеді;

  3. нормативтік құқықтық құжаттар (конституция, заңдар және заңға тәуелді актілер) негізінде құрылған және әрекет етеді.

  4. өзіне ғана тән міндеттер мен функцияларды орындайды, ол үшін сәйкес келетін нысандар мен әдістерді (осыған орай билік өкілеттіліктері берілген, соның ішінде қажет болған жағдайда мәжбүрлеу шараларын қолдану мүмкіндігі бар) пайдаланады.

  5. құрылғандағы мақсатына жету үшін бірлескен мемлекеттік қызметкерлер және оларға сай бөліктерінен (бөлім, басқарма, аппарат, канцелярия және т.с.с.) тұрады.

  6. оның мақсаты мен міндеттерін жүзеге асыру талабына сай келетін, материалды базасының (ғимарат, транспорт, ұйымдастырушылық техника және с.с.) және қаражат құралының (банктегі есеп шоты, қажетті ақша қорлары) болуы.

  7. аталмыш мемлекеттік органның жағдайы және оның нақты әлеуметтік мазмұны өрнектелген, белгілі құқықтық мәртебеге ие.

  8. белгілі шеңбердегі мемлекеттік немесе қоғамдық-мәнді міндеттерді орындауға және осыған сай функцияны жүзеге асыруға қатысты нақты органға немесе лауазымды тұлғаға берілген, заңнамаларда(құқық пен міндеттер) бекіген өкілттіліктердің жиынтығы ретінде түсіндірілетін, яғни папа-пар құзыреттілікке(басқару шеңбері) ие.

  9. өзі құзыреттілігін 3 тәсілмен жүзеге асырады:

    1. нормативтік актілер қабылдау жолымен(жалпы сипаттағы нұсқаулар);

    2. құқық қолданушы актілер қабылдау жолымен(жеке сипаттағы нұсқаулар);

    3. нақты – ұйымдастырушылық қызметі жолымен;

  10. мүліктік құқықты іске асыру үрдісінде заңды тұлға ретінде қатыса алады, яғни өзінің міндеттемелері мен сеніп тапсырған мүліктерге жауап бере алады, сонымен қоса, өз атынан мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтар иеленеді және жүзеге асырады, міндет жүктеледі, сотта талапкер және жауапкер болады.

  11. Белгілі бір аумақта әрекет етеді (қызметінің аумақтық масштабы бар).

Мемлекеттік органдар әртүрлі. Олар келесі өлшемдер бойынша бөлінеді:

  • құрылу тәртібі бойынша – тікелей халықпен сайланатын органдар (ҚР Президенті, ҚР Парламенті) және басқа мемлекеттік органдармен қалыптасатын органдар (ҚР Үкіметі, ҚР Конституциялық Кеңесі және т. б.)

  • биліктің бөліну қағидасы бойынша – заң шығарушы(ҚР Парламенті), атқарушы (ҚР Үкіметі, министрліктер, ведомствалар, агенттіктер, Әкімдер) және сот.

  • өкілеттік мерзімі бойынша – тұрақты, сондай-ақ, әрекет ету мерзімі шектеусіз (мысалы, прокуратура, полиция, сот) және уақытша, сондай-ақ, нақты істі шешу үшін құрылады (төтенше жағдай режиміндегі уақытша әкімшілік).

  • шешім қабылдау тәсілдері бойынша – алқалы (ҚР Парламенті, маслихат) және дербес басқаратын (ҚР Президенті, министр, әкім және т.с.с).

  • қызметінің құқықтық нысаны бойынша-құқықшығармашылық (ҚР Парламенті, ҚР Үкіметі), құқыққолданушы (ҚР білім Министрлігі, облыстық әділет басқармасы...) және құқық қорғаушы (ішкі істер органдары және т.б.);

  • құзырлық сипатына қарай – өз өкілеттілігі шегінде кез келген сұрақ бойынша шешім қабылдайтын жалпы құзырлы органдар (ҚР Парламенті, ҚР Үкіметі және басқалар) және қоғамдық өмірдің кез келген бір саласында өз қызметін жүзеге асыратын арнайы құзырлы органдар(министрліктер, ведомствалар, агенттіктер және т.б.), және т.с.с.