Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
лекция МКТ.doc
Скачиваний:
569
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
928.77 Кб
Скачать

38. Келісім шарт құқық қайнар көзі ретінде

Мемлекеттік ерікті енгізу тәсіліне қарай құқық нысанының (қайнар көздерінің) келесі түрлері бар:

1. нормативті-құқықтық акт

2. құқықтық әдет – ғұрып (санкциаланған)

3. сот прецеденті

4.нормативтік келісім шарт

Құқықтың қайнар көздерінің ішінде нормативтік келісім шарт – құқық нормасы баяндалған екі немесе көп жақты келісім ерекше орынға ие. Нормативті келісім шартқа мемлекет аралық және халықаралық ұйымдар аралық халықаралық шарттарды жатқызуға болады. Мысалы, ТМД елдері бекіткен азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек және құқықтық қатынастар туралы Конвенция, «азаматтық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек туралы» Қазақстан Республикасы мен Түркия Республикасы арасындағы келісім шарт және т.б.

Құқықтың қайнар көзі тек нормативтік келісім шарт болып табылатынын ескеру қажет. Егер шарт – келісім қызметкер мен әкімшілік арасында жасалған болса онда көрсетілген жағдайда құқықтың қайнар көзі шарттың негізі болатын нормативтік құқықтық акт болады. Шарт бұндай жағдайда жеке акт деп аталады, ал нормативтік шартта құқықтың қайнар көзі ретінде әрқашан құқық нормалары болады.

ҚР Конституциясының 4 бабында бекітілген:

3 тарм. Республика бекіткен халықаралық шарттардың Республика заңдарынан басымдығы болады және халықаралық шарт бойынша оны қолдану үшін заң шығару, талап етілетін жағдайдан басқа реттерде, тікелей қолданылады.

4 тарм. Барлық заңдар, Республика қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттар жарияланады. Азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты нормативтік құқықтық актілерді реми түрде жариялау, оларды қолданудың міндетті шарты болып табылады.

39. Нормативтік - құқықтық акт: түсінігі және түрлері

Мемлекеттік ерікті енгізу тәсіліне қарай құқық нысанының (қайнар көздерінің) келесі түрлері бар:

1. нормативті-құқықтық акт

2. құқықтық әдет – ғұрып (санкциаланған)

3. сот прецеденті

4.нормативтік келісім шарт

Нормативтік- құқықтық акт–әлемнің барлық құқықтық жүйесінде басымдылық танытатын құқықтың қайнар көзі. Олармен біз әрқашан кездесеміз, олар бізбен барлық жағдайда бірге болады: жұмыста, демалыста, емделуде. Бұл Конституция, заңдар, нормативтік сипаттағы Президенттің дарлықтары және т.б. Нормативтік-құқықтық акт бірқатар даусыз қасиеттерге ие.1

  1. Нормативтік акт жедел түрде шығарылып, өзінің кезкелген бөлігінде өзгеруі мүмкін, бұл әлеуметтік үрдістерге салыстырмалы шапшаң көңіл бөлуге мүмкіндік береді.

  2. Нормативтік актілер, ережеге сай, белгілі түрде жүйелендірілген, бұл қолдану және жүзеге асыру үшін қажетті құжатты тез арада іздестіруге мүмкіндік береді.

  3. Нормативтік актілер құқық нормасының мазмұнын нақты бекітуге мүмкіндік береді, бұл бірыңғай саясатты жүргізуге, ерікті талқылауға және қолдануға жол бермеуге әкеп соқтырады.

  4. Нормативтік актілер мемлекеттен қолдау табады, онымен қорғалады. Нормативтік акті талаптары бұзылған жағдайда бұзушылар заңның негізінде қудаланады және жазаланады.

Доцент Кулапов сондай-ақ нормативтік құқықтық актінің белгілерін бөліп көрсеткен1:

  1. нормативтік акт мемлекеттің құзыретті органдар мен лауазымды тұлғалардың құқықшығармашылық қызметінің нәтижесі:

  2. олар жалпыға міндетті мінез құлық ережесінен тұрады;

  3. ондағы нұсқаулар мемлекеттік ерікті сипаттау болып табылады;

  4. негізгі процессуалдық тәртіпте қабылданып, жүзеге асырылады;

  5. қатаң анықталған құжаттық нысанға (заң, жарлық, қаулы) ие;

  6. нақты өмірлік жағдайларды (олар персонифицирленбеген, субъектілердің анықталмаған санына бағытталады) емес, ұқсас, бұқаралық қатынастарды реттеуге бағытталған;

  7. тұрақты не ұзақ уақытқа есептелген.

«Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 1 бабында оның түсінігі бекітілген: нормативтік құқықтық акт – референдумда қабылданған не уәкілетті орган немесе мемлекеттің лауазымды адамы қабылдаған, құқықтық нормаларды белгілейтін, олардың қолданылуын өзгертетін, тоқтататын немесе тоқтата тұратын белгіленген нысандағы жазбаша ресми құжат.

Құқықтың барлық қайнар көздері екі топқа жіктелуі мүмкін: нормативтік – құқықтық актілер (заңдар, жарлықтар, қаулылар, ережелер, шарттар) және нормативтік емес сипаттағы басқа құқықтың қайнар көздері (құқықтық әдет – ғұрыптар, сот прецеденттері және шешімдері). Аталмыш жағдайда нормативтілік заңдық актілерді шектеудің критериі ретінде болып және заңдық құжаттар құқық нормасынан, мемлекетпен бекітілген жалпы мінез құлық ережелерінен тұрады.

Нормативтік- құқықтық актілер:

  • дифференцинделген, өйткені мемлекет механизмі, заңдық актілерді шығарумен жүзеге асырылатын, белгілі құқықшығармашылық құзіреттері мен маңызды көлемді басқа қызметтері бар тармақталған құрылым болып табылады;

  • сатыланған, (мемлекет Конституциясы бас рөлде болғанда), не бұл жүйе түрлі ұлы заңдық актінің күші негізінде құрылады, оның нәтижесінде төменгі тұрған құқықтың қайнар көздері жоғары тұрғандарға қатысты тәуелді болады және оларға қайшы келмеуі керек. Көрсетілгендерден байқайтынымыз, кезкелген алдыңғы қатарлы мемлекеттерде құқықтың қайнар көздері реттелген, бірақ сонымен қатар олар қатаң жүйе құруы екіталай, әсіресе заңға бағынышты құқықшығармашылық актілері, құқықтық әдет ғұрыптар және прецеденттер. Бәрінен бұрын бұл белгілі бір құқықтық тәртіпті орнататын нормативтік және өзге заңдық актілердің жиынтығы.

Сонымен, нормативтік акт – бұл жалпыға міндетті заңдық нормалардан (мінез құлық ережесі) тұратын және мемлекеттің құзырлы органдарымен құрылған ресми құжат. Өз кезегінде нормативтік-құқықтық актілер мынандай түрлерге бөлінеді:

  • құқық теориясының көзқарасынан, заңдық күші бойынша заңдар және заңға бағынышты актілер. «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Заңға сәйкес негізгі және туынды болып бөлінеді;

  • әрекет ету саласы бойынша;

Нормативтік актілер құқық жүйесінде өзара белгілі бір бағыныштылықта болады және сондықтан да бірдей емес заңдық күшке ие. Нормативтік актінің заңдық күші қандай орган қабылдағанына және бұл орган мемлекет механизмі жүйесінде қандай орын алатына байланысты. Мемлекеттік аппарат жүйесінде мемлекеттік органның орны жоғары болған сайын қабылданған нормативтік құқықтық актінің заңдық күшінің дәрежесі соншалықты жоғары болады. Нормативтік құқықтық актінің заңдық күшін басқа да нормативтік құқықтық актілердің мүмкіндігімен салыстырған кезде оның құқықтық мүмкіндігі ретінде түсінуге болады. Нормативтік құқықтық акт заңдық күші бойынша заңдар және заңға бағынышты актілер деп бөлінеді. Заң түсінігі «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 1 бабының 7 тарм. бекітілген. Құқық теориясында келесі анықтама берілген: заң – мемлекеттің және қоғамдық өмірдің әлде қайда маңызды саласын реттейтін және ерекше тәртіппен қабылданатын, жоғары заңдық күшке ие нормативтік- құқықтық акт.

Заңға негізделген және оған қайшы келмейтін барлық қалған нормативтік актілер заңға бағынышты деп аталады. Конституцияға қайшы келетін заңға бағынышты актілердің заңдық күші болмайды. Заңға бағынышты актілерге жатады: Президент жарлықтары, Үкімет қаулылары, министірліктердің, ведомствалардың, департаменттердің нұсқаулықтары, жергілікті өкілді және атқарушы органдарының қаулылары мен шешімдері.

«Нормативтік құқықтық актілер туралы» ҚР заңының 3 бабына сәйкес нормативтік құқықтық актілер негізгі және туынды болып бөлінеді.

Негізгі түрлеріне мыналар жатады:

  1. Конституция, конституциялық заңдар, кодекстер, заңдар;

  2. ҚР Президентінің Конституциялық Заң күші бар Жарлықтары; ҚР Президентінің Заң күші бар жарлықтары; ҚР Президентінің өзге де нормативтік құқықтық Жарлықтары;

  3. ҚР Парламенті мен оның палаталарының нормативтік қаулылары;

  4. ҚР Үкіметінің нормативтік қаулылары;

  5. ҚР Конституциялық Кеңесінің, Жоғарғы Сотының және ҚР Орталық сайлау комиссиясының нормативтік қаулылары;

  6. ҚР министрлері мен өзге де орталық мемлекттік органдар басшыларының нормативтік бұйрықтары;

  7. мемлекеттік комитеттердің нормативтік қаулылары, өзге де орталық мемлекеттік органдардың нормативтік қаулылары;

  8. мәслихаттардың нормативтік құқықтық шешімдері, әкімияттардың нормативтік құқықтық қаулылары, әкімдердің нормативтік құқықтық шешімдері.

Нормативтік құқықтық актілердің туынды түрлеріне мыналар жатады:

  1. регламент – қандай да бір мемлекеттік орган мен оның құрылымдық бөлімшелері қызметінің ішкі тәртібін реттейтін нормативтік құқықтық акт;

  2. ереже – қандай да бір мемлекеттік органның немесе оның құрылымдық бөлімшесінің мәртебесі мен өкілеттігін белгілейтін нормативтік құқықтық акт;

  3. қағида – қандай да бір қызмет түрін ұйымдастыру және жүзеге асыру тәртібін белгілейтін нормативтік құқықтық акт;

  4. нұсқаулық – заңдардың қоғамдық қатынастардың қандай да бір саласында қолданылуын егжей-тегжейлі көрсететін нормативтік құқықтық акт.

Туынды түрлердегі нормативтік құқықтық актілер негізгі түрлердегі нормативтік құқықтық актілер арқылы қабылданады немесе бекітіледі және олармен бір тұтастық құрайды. Туынды түрдегі нормативтік құқықтық актінің нормативтік құқықтық актілер сатысында алатын орны негізгі түрдегі актінің деңгейімен анықталады. Нормативтік құқықтық актілер сатысы көрсетілген заңның 4 бабында көрсетілген.

Нормативтік құқықтық актілер әрекет ету мерзіміне байланысты былайша жіктеледі:

  • анықталмаған – ұзақ әрекет етуші нормативтік актілер;

  • уақытша нормативтік актілер.