Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
лекция МКТ.doc
Скачиваний:
569
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
928.77 Кб
Скачать

68. Құқықтағы мирасқорлық және жаңару. Құқық рецепциясы.

Құқықтағы мирасқорлық дегеніміз бұрынғы немесе қазіргі құқық жүйесінің жағдайын құқықтық ауыстыру. Құқықтағы мирасқорлыққа диалектика заңының бірі тән, яғни екі өзара байланыстағы аспектіні қамтитын отрицания иотрицания: өзгерген жағдайға сай келмейтін ескіні жою және сонымен қоса құқықтың прогресті дамуына қажет және құнды, ескінің жақсылықтарын сақтау.

Кез келген соңғы құқықтық жүйе өткен құқықтық жағдаяттарды қабылдап және оны өз міндеттерін шешуге жұмсайды. Ең көрнекті құқықтық жүйелердің өзаралық мирасқорлығы мысалдардың бірі, Еуропа елдеріндегі ХІІ ғасырда бастау алған рим құқық рецепциясы. Рим құқығының көптеген институттары өз ерекшелігі бар алғашқы қайнар көз ретінде қолданылған және әлі де романа-германдық құқық жүйесіндегі мемлекеттердің азаматтық кодексін және басқа да нормативтік құқықтық актілерін әзірлеу барысында қолданылуда. Көптеген елдердің құқықтық жүйесіне деген Рим құқығының осындай ықпалын, осы жүйенің мазмұнына және сипатына елеулі көлемде сіңіскен, ал құқық ұғымы туралы анықтамасына әсерін тигізген, әлде қайда маңызды институттары мен оның қағидаларын заң әдебиеттерінде рим құқығының рецепциясы деп атайды. Өткен жүз жылдықтың өкілі неміс заңгер-ғалымы Р. Иеринг былай деп айтуға негіз бар. Оның айтқан сөзі қанатты сөздердің біріне айналды: Рим үш рет бүкіл әлемді жаулап алды: біріншісінде – қарудың күшімен, екіншісінде – діннің күшімен, үшіншісінде – құқық көмегімен.

Құқық адамзат өркениетінің жетістіктерінің бірі. Оның мұрасын пайдаланбау дегеніміз құқықтық қозғалыста кері қарай қадам жасаумен тең. Кеңестік құқық жүйесінің үлкен қателігі мынада, әлемдік қауымдастықта мойындалған Адам Құқығы, мемлекеттік биліктің бөлінуі және оның заңмен шектелетіндігі жайлы анафемді сатқандығы. Бұл саясат кеңес халқына каторгтік лагерлер және геноцид, азық түліктің созылмалы дефициді, идеологиялық тұйықтық және ұлттың жеке потенциалына қысым көрсету сияқты жағымсыз құбылыстарды әкелді. Құқықтағы мирасқорлық және жаңару ынадай жағдайларда мүмкін:

  1. құқық мазмұнында – бұл жерде құқықтық норманың немесе құқықтық институттың прогрессивті мазмұны, жалпы демократиясы туралы сөз қозғалады;

  2. құқық нысанында – бұрынғы немесе қазіргі құқық жүйесінің құқық қайнар көздері сияқты қайнар көздермен қабыстыру: «заң», «қаулы», «указ» сияқты құқық қайнар көздерінің құқықтық мәртебесін және атауын айырбастау;

  3. заңды техника саласында – нормативтік актілердегі құқық нормасын сипаттау және көрініс табу нысандары, заңға ерік енгізу тәсілдер мен ережелерді пайдалану. Соымен қатар заңды терминдерді жаңа мазмұнмен толықтыру немесе интерпретациялау мүмкіндігінен айырылмайды. Егер кейбір заңды терминдер бұрынғы мағынасын сақтаған болса, мысалы, «казус», «арбитр», «презумпция», ал кейбір терминдер басқа мағына білдіреді, мысалы «алимент» деген ұғым бұрын римляндарда тамақ, үй жай, киім деген ұғымдарды білдірген болса, қазіргі заңнамада алимент дегеніміз асырау қаражаты деген мағынаға ие.

Басқа елдердің конституцияларындағыдай ҚР Конституциясында қазақстан болмысын есепке ала отырып, адамның ажырамайтын құқығы және құқықтық мемлекет тұжырымдамасы, биліктің бөлінуінің француз моделі және Конституциялық Кеңес мәртебесі ауыстырылғанған.