Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
лекция МКТ.doc
Скачиваний:
569
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
928.77 Кб
Скачать

29. Құқықтың мәні және оның қоғам мен мемлекет өміріндегі рөлі.

Құқық мәні туралы айтпастан бұрын заңдық мағынада оның түсінігін анықтау қажет.

Құқық – мемлекетпен бекітілген, санкцияланған және қорғалатын және қоғамдық қатынастарды реттеуге бағытталған жалпыға міндетті, формалді анықталған заңдық нормалар жүйесі.

Құқық анықтамасынан шығып оның келесі белгілерін бөліп көрсетуге болады:

  1. мемлекетпен байланысы – құқық қоғамнан емес мемлекеттен туындайды, қоғам еркінің емес мемлекет еркінің жүзеге асырылуы ретінде, яғни билік басында тұрған саяси күштердің мемлекеттік еркі; тек мемлекет арнайы құзырлы орган атынан құқық нормаларын қабылдай алады;

  2. жалпыға міндеттілік – құқық жалпы сипатқа ие, құқық нормалары олардың алдын ала көрсеткен жағдайына тап болғандардың барлығына және әр қайсысына бағыталған; құқықтық норма кімге бағытталса соларға орындау үшін міндетті, құқықтық норма талаптарын орындамаған жағдайда заңдық жауапкершілік түрінде мемлекеттік мәжбүрлеу шарасы қолданылуы мүмкін;

  3. формальды анықталғандық – құқық нормалары нақты құрастырылған және жазбаша нысанда бекітілген, жүйеленген түрде заңдарда, жинақтарда, прецеденттерде берілген, осы арқылы құқық тағдырлық өзгертулерден қорғалып, оның белгілі бір тұрақтылығы қамтамасыз етіледі.

Құқықтың мәні дегеніміз қоғамдағы тағайындалуын және шынайы табиғатын өрнектейтін негізгі ішкі, қатысты тұрақты сапалық тұғыры. (Мемлекет және құқық теориясы. ред. жетек. Лазарев В.В. Оқулық. – М., 1994, 119 бет)

Құқықтың мәнін қарастырғанда келесі екі аспектіні ескеру қажет:

  1. қандай да құқық бәрінен бұрын қоғамдық қатынастардың реттеушісі болып табылатындығы;

  2. кімнің мүддесін білдіретіні және қорғайтыны.

Құқықтың мәніне деген таптық және жалпы әлеуметтік көзқарастар бар:

1.Таптыќ ќµзќарас, онда ќ±ќыќ экономикалыќ ‰стем таптыњ зањдастырылѓан еркін білдіретін, мемлекетпен кепілдендірілген нормалар ж‰йесі ролін атќарады.

2.Жалпы єлеуметтік кµзќарас бойынша ќ±ќыќ ќоѓамныњ єр т‰рлі топтарыныњ, таптардыњ арасындаѓы келістіруші ролін атќарады.

Осы т±рѓыдан ќ±ќыќтыњ діни, ±лттыќ, нєсілдік жєне таѓы да басќа мєні болатындыѓын атап µту ќажет. Ќ±ќыќ мєнін аныќтайтын нормативистік, табиѓи-ќ±ќыќтыќ, тарихи-материалистік, социологиялыќ теориялар бар.

Дегенмен де, ќ±ќыќ т‰сінігі тєріздес, оныњ мєнініњ де жан-жаќты кµп ќырлы екендігін естен шыѓармауымыз ќажет. Ол тек таптық және жалпы әлеуметтік бастаумен ғана сабақтаспайды.

Қоғам және мемлекет өміріндегі құқықтың рөлі, оның тағайындалуы реттеушілік және қорғашы функциялар арқылы көрініс табады. (Құқық функциясы дегеніміз қоғамдық қатынастарды реттке келтірудегі құқықтың рөлін өрнектейтін, құқықтың ықпал етуінің негізгі бағыттары.)

Құқық қоғамдық қатынасты реттеуші ретінде, бірінші кезекте қоғам мен мемлекет үшін әлдеқайда құнды әлеуметтік байланыстарды дамытуға ықпал етуді көздейді. Реттеуші функциясын, ережеге сай көтермелеу, шегерімдер, рұқсат беру, ұсыныс білдіру сияқты құқықтық стимулдар қамтамасыз етеді. Олардың белсенділігі, бастамалығы, ыждағаттылығы үшін кең өріс аша отырып, тұлға мүдделерін қанағаттандыруға әсер етеді.

Егер қоғамдық қатынастардың дамуына белгілі бір кедергілер кауіпі төнсе, онда міндеттер, тыйымдар, жазалар сияқты құқықтық шектеулер арқылы жүзеге асатын қорғаушы функция іске қосылады. Қорғаушы функция реттеуші функциядан туындайды және оны қамтамасыз етуге арналған немесе қандай да әлеуметтік байланыстардың дамуының қалыпты үрдісі бұзылған жағдайда қорғау және сақтау әрекет етеді.