Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
лекция МКТ.doc
Скачиваний:
569
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
928.77 Кб
Скачать

6. Мемлекет ұғымы және оның белгілері.

Мемлекет – басқару-қамтамасыз ету, қорғау қызметін жүзеге асыру мақсатындағы арнайы аппараты бар, өз әмірін елдің барлық халқы үшін міндетті ете алатын жария биліктің саяси-аумақтық егеменді ұйымы.

Мемлекет – белгілі бір аумақтың шегінде нақты бір мүдделердің (таптық, жалпыадамзаттық, діни, ұлттық және т.б.) жүзеге асырылуына септігін тигізетін саяси биліктің ұйымы.

Мемлекет оны рулық құрылыстың әлеуметтік билігінен айыруға мүмкіндік беретін келесі белгілермен сипатталады:

  1. қоғамнан бөлініп алынған және елдің халқымен сәйкес келмейтін (яғни саяси билікті орындау мемлекеттік қызметкерлердің ерекше аппаратымен жүзеге асырылады) жария биліктің болуы;

  2. мемлекет міндетті түрде мәжбүрлеу және күштеу аппаратына ие болады (саяси билікті шешуді қамтамасыз ету үшін – армия, полиция, сондай-ақ түрмелер мен басқа да мекемелер);

  3. салық жүйесі, төлемдер, алымдар (мемлекеттік аппаратты, материалдық құндылықтарды өндірмейтін және тек билік ету қызметімен ғана айналысатын адамдарды қамтамасыз етуге қажет);

  4. тұрғылықты халықты аумақтық белгісі бойынша бөлу (мемлекет өзінің билігімен және қорғауымен оның территориясын жайлаған барлық халықтарды олардың қандай да бір руға немесе тайпаға жататындығына қарамастан біріктіреді);

  5. егемендік (өзінің аумағында мемлекетке тән үстемділігі және халықаралық қатынастардағы тәуелсіздігі);

  6. құқық (мемлекет құқықсыз өмір сүре алмайды, себебі соңғысы мемлекеттік билікті заңды түрде жабдықтайды және сол арқылы оны легитимді қылады, мемлекет функцияларының жүзеге асырылуының заңды шектері мен нысандарын белгілейді, т.б.).

Қоғамда билік әрқалай түрде болуы мүмкін: партиялық, отбасылық, діни және т.б. Алайда шешімі барлық азаматтар, ұйымдар және мекемелер үшін міндетті болатын жоғарғы билікке тек мемлекет қана ие.

Мемлекет жоғары билікті өзінің шекарасының шегінде жүзеге асырады. Басқа мемлекеттермен қарым-қатынастары қандай болатынын ол өзі шешеді, ал соңғыларының оның ішкі жұмыстарына араласуына құқығы жоқ. Территориясының үлкендігіне, халқының санына, саяси режиміне тәуелсіз түрде мемлекет егемендікке ие болады.

Мемлекеттік биліктің үстемділігі:

  1. оның барлық тұрғылықты халыққа және қоғамның барлық әлеуметтік құрылымына еш күмәнсіз таралуын;

  2. саясаттың басқа субъектілерінің қолында жоқ әсер ету құралдарын қолданудың монополистік мүмкіндігін (мәжбүрлеу, күштеу тәсілдері, тіпті өлім жазасына дейін);

  3. билік өкілеттіктерін өзіне тән нысандарда, ең алдымен заңдық нысанда жүзеге асыруын (құқықшығармашылық, құқыққолдану және құқыққорғау);

  4. егер де мемлекеттің нұсқауларына сәйкес келмесе, мемлекеттің бастамасын жоққа шығарып, саясаттың басқа субъектілерінің түкке тұрғысыз актілерін тануын білдіреді.

Мемлекеттік егемендік аумақтың бір тұтастығы мен бөлінбейтіндігі, аумақтық шекараларға қол сұғылмау және ішкі істеріне араласпау секілді мемлекеттің тұғырын калайтын принциптерді қамтиды. Егер қандай да бір шетелдік мемлекет немесе сыртқы күш бір мемлекеттің шекарасын бұзса немесе оны сол мемлекеттің халқының ұлттық мүдделеріне сәйкес келмейтін қандай да бір шешімді қабылдауға мәжбүр етсе, бұл жағдай оның егемендігінің бұзылғандығын білдіреді. Ал бұл дегеніміз осы мемлекеттің әлсіздігін және оның өзінің егемендігін және ұлттық-мемлекеттік мүдделерін қамтамасыз ете алмайтындығының белгісі.

Мемлекет үшін «егемендік» ұғымы, адам үшін «құқықтар мен бостандықтар» ұғымының түсінігімен бірдей. Мемлекеттің егемендігі экономикалық, саяси және құқықтық аспектілерді қамтиды.

Мемлекеттің егемендігінің экономикалық негізі аумаққа, белгілі бір меншікке, мәдени құндылықтарға және т.б. ие болу болып табылады.

Егемендіктің саяси негізі – тұрақты, қалыптасқан мемлекеттің өмір сүруі, биліктің жеткілікті дамыған саяси ұйымының бар болуы.

Егемендіктің құқықтық негізі конституциялар, заңнамалар, декларациялар, мемлекеттердің тең құқылығын, олардың аумақтық тұтастығын, ішкі және сыртқы істеріне араласпаушылықты, ұлттардың өзін өзі белгілеу құқығын білдіретін халықаралық құқықтың жалпыға бірдей қағидалары болып табылады.

Мемлекеттің белгісі ретінде егемендік оны саяси қарым-қатынастардың ерекше субъектісі, қоғамның саяси жүйесінің басты бөлігі ретінде сипаттайды.