Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
лекция МКТ.doc
Скачиваний:
569
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
928.77 Кб
Скачать

44. Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары қызметінің нормативтік – құқықтық негізі.

Кез келген мемлекеттік органның соның ішінде Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарының қызметі заңнамамен қатаң регламенттелген.

«Қазақстан Республикасының Ішкі істер органдары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Заң күші бар жарлығының 9 бабына сәйкес Ішкі істер органдары қызметінің құқықтық негізін мыналар құрайды:

  1. Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдары. Қазақстан Республикасының Конституциясы елдің ең қымбат қазынасы адам және оның өмірі, құқықтары мен бостандықтарын заңнамалық түрде бекітті (1 бап). Бұл, елдің барлық мемлекеттік органдарының соның ішінде ішкі істер органдарының қызметі ҚР Конституциясында бекітілген адам және азамат құқықтары мен бостандықтарын толық жүзеге асыруына бағытталуы қажет екенін білдіреді. Ішкі істер органдарының қызметін реттейтін заңдардың бірінші тобына «Ұлттық қауіпсіздік туралы» және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасының заңдары жатады. Екінші топтағы нормаларға ішкі істер органдарының құқық қолданушылық үрдісінде қолданылатын негіз салушы нормативтік құқықтық актілер жатады: ҚР қылмыстық кодексі, ҚР қылмыстық – процессуалдық кодексі, әкімшілік құқық бұзушылық туралы, жедел – іздестіру қызметі туралы және т.б. ҚР кодексі.

  2. «Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің заң күші бар жарлығын ерекше бөліп көрсету қажет, оның 1 бабында «Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес анықтау, алдын ала тергеу мен жедел іздестіру қызметін, сондай-ақ қоғамдық тәртіпті сақтау мен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандығына, қоғам мен мемлкеттің мүдделеріне қылмыстық және өзге де заңға қарсы қол сұғушылықтардың алдын алу және жолын кесу жөніндегі атқарушылық және өкім етушілік функцияларын жүзеге асыратын арнайы мемлекеттік орган болып табылады» деп бекітілген. Көрсетілген жарлықтың 2 бабында ҚР ішкі істер органдарының міндеттері бекітілген. Заңнамалық түрде ҚР ішкі істер органдарының қызметінің қағидалары мен жүйесі бекітілген. Жарлықта, ҚР ішкі істер органдарының міндеттері (10 бап) мен құқықтарының (11 бап) тізімі басымдылықты орын алады. ІІІ тарау ішкі істер органдары қызметкерлерінің атыс қаруын, арнайы құралдар мен күш қолдануын регламенттейді. Сонымен қатар аталған Жарлық Қазақстан Республикасы ішкі істер органы қызметкерлерінің әскери борышын өтеу, құқықтық жағдайы мен әлеуметтік қорғау сұрақтарын да реттейді.

  3. Бұл сұраққа жауап беру барысында Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарының құрылымында «Қазақстан Республикасының ішкі әскерлері туралы» Қазақстан Республикасының заңында тапсырмалар мен функцияларының айласы және ерекшеліктерін ескере отырып құқықтық мәртебесі нақтыланатын ішкі әскерлер әрекет ететінін есте сақтау қажет.

  4. «Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы» Қазақстан Респуликасы Президентінің заң күші бар жарлығына қайшы келмейтін және реттелмеген Қазақстан Республикасының басқа нормативтік құқықтық актілерінің бөліктері, сонымен қатар ведомствалық (ІІМ шығаратын) актілер.

  5. Халықаралық шарттар және Қазақстан Республикасының өзге міндеттемелері.

  6. Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесінің және Жоғарғы Сотының нормативтік қаулылары, кейде елдегі қолданылатын құқыққа түсініктеме нормалары.

  7. Қазақстан Республикасының Үкіметімен бекітілетін Қазақстан Республикасының ішкі істер Министрлігі туралы, Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарының қатардағы және басшы құрамдағы тұлғалардың борышын өтеуі туралы ережелері.