Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
лекция МКТ.doc
Скачиваний:
569
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
928.77 Кб
Скачать

7. Мемлекеттің мәні. Мемлекеттің мәніне деген таптық және жалпы әлеуметтік көзқарастар.

Мемлекеттің түсінігі оның мәнінің сипатын, яғни осы құбылыстағы ең бастысын, анықтаушысын, мықтысын, осы құбылыстағы заңдылығын және әлеуметтік тағайындалуын – рөлі мен тарихи мақсатын қамтиды.

Мемлекет - басқару-қамтамасыз ету, қорғау қызметін жүзеге асыру мақсатындағы арнайы аппараты бар, өз әмірін елдің барлық халқы үшін міндетті ете алатын жария биліктің саяси-аумақтық егеменді ұйымы.

Мемлекеттің мәнін қарастыру барысында екі аспектіні ескеру өте маңызды:

  1. қандай да болсын мемлекет саяси билік ұйымы екендігі (формальді жағы);

  2. осы ұйымның кімнің мүдделеріне қызмет ететіндігі (мазмұндық жағы).

Мемлекеттің мәнін айқындауға келесі көзқарастарды атауға болады:

таптық, осы тұрғыда мемлекетті экономикалық үстемтік етуші таптың саяси билігінің ұйымы ретінде анықтауға болады. Бұл жерде мемлекет билік етуші таптың мүдделерін қамтамасыз ететін құрал ретінде қолданылады. Бұл жағдайда қандай да бір таптардың мүдделерін алдымен қанағаттандыру басқа таптардың қарсылығын тудырмауы мүмкін емес. Осыдан келіп үнемі осындай қарсылықтарды күштеу, диктатура арқылы «басу» проблемасы туындайды. Жалпыадамзаттық мүдделер де бар бұл жерде, бірақ та олар екінші орынға қалдырылады.

Жалпы әлеуметтік, оның шегінде мемлекетті әртүрлі таптар мен әлеуметтік топтардың мүдделеріне компромисс(келісім) жасауға жағдай жасайтын саяси биліктің ұйымы ретінде анықтама беруге болады. Бұл жерде мемлекет, көбіне, компромисс(келісім) секілді тәсілді қолдана отырып, әртүрлі таптар мен әлеуметтік топтардың, мемлекеттің халқының басым көпшілігінің мүдделерін жинақтайтын қоғамдық мүдделерді қамтамасыз ететін құрал ретінде кеңірек мақсаттарға қолданылады. Бұл денсаулықсақтау, білім беру, әлеуметтік қамтамасыз ету, көлік және байланыс құралдары, қылмыстылықпен күрес және т.б.

Осылармен қатар, мемлекеттің мәнін қарастырудың бастысы ретінде діни, ұлттық, нәсілдік те және өзгеде көз қарастарды атап көрсетуге болады, олардың шегінде соларға сәйкес діни, ұлттық, нәсілдік мүдделер нақты бір мемлекеттің саясатында басымырақ болады.

Өзгеше айтқанда, мемлекеттің мәні санқырлы. Ол тек таптық және жалпыадамзаттық бастауларға ғана негізделмейді. Сондықтан мемлекеттің мәнінде тарихи жағдайларға байланысты бірінші орынға жоғарыда аталған бастаулардың қайсысы болса да шығуы мүмкін.

8. Мемлекеттің типологиясының формациялық және өркениеттік көзқарастары.

Мемлекет типінің түсінігі мемлекет және құқық теориясының аса маңызды категорияларының қатарына жатады. Мемлекеттің типологиясы – көбіне, формациялық және өркениеттік көзқарастар көмегімен жүргізілетін оның өзіндік саралануы.

Осы уақытқа дейін жалғыз мүмкін және ғылыми көзқарас ретінде формациялық танылды. Басты критерийлері әлеуметтік-экономикалық белгілер (қоғамдық-экономикалық формация) болады. Осы көзқарасты қолдаушы өкілдерінің пікірі бойынша, қоғамдық дамудың шешуші факторы базис (өндірістік қатынастардың типі) және мемлекет пен құқықтың сай типтері болады. Экономикалық базистердің типтеріне байланысты мемлекеттің келесі типтерін анықтайды: құлиеленуші, феодалдық, буржуаздық, социалистік.

Бұл типологияның жағымды жақтары:

  1. мемлекетті әлеуметтік-экономикалық факторлардың негізінде бөлу идеясының өзі өнімді, олар шын мәнінде қоғамға әсер етеді;

  2. мемлекеттің дамуының этаптылығын, табиғи-тарихи сипатын көрсетеді.

әлсіз жақтары:

  1. ол көбінде біржақты, артық бағдарламалануымен сипатталады, ал тарих саннұсқалы және әр қашан да оған сызылған сызбаларға сәйкес келе бермейді;

2) рухани факторлар дұрыс бағаланбайды (діни, ұлттық, мәдени және т.б.).

Мемлекеттің типологиясының көңіл аударуға тұрарлық өркениеттік көзқарас.

¤ркениеттік кµзќарас бойынша жіктеудіњ негізгі µлшемі ретінде руханилыќ белгілер - мєдени, діни, ±лттыќ, психологиялыќ ерекшеліктер алынады. Осы көзқарасты демеуші өкілдерінің бірі ағылшын тарихшысы А. Тойнбидің пікірі бойынша, өркениет – діни, ұлттық, георграфиялық және өзге де белгілердің жинақталуымен ерекшеленетін қоғамның тұйық және локальді күйі. А. Тойнбидің пікірінше, 21 өркениеттен тек еңбекті бөлу негізінде өмірді игере білген, әлеуметтік ұқсау базасында әлеуметтік құндылықтарды қалыптастыра білген, статистикалық жағдайдан динамикалық жағдайға көше білген және сол арқылы адамдардың қызмет түрлерінің барлығында рухани бастауды дамыта білгендері (мысырлық, қытайлық, ирандық, сириялық, мексикандық, батыстық, қиыр шығыстық, проваславиелік, арабтық және т.б.) ғана сақтала алды.

Бұл типологияның жағымды жақтары:

  1. мәдениет факторлары белгілі бір жағдайларда мәнді ретінде анықталған;

  2. қандай да бір өркениеттің ерекшеліктерін сипаттайтын рухани өлшемдер көлемінің кеңеюіне байланысты мемлекеттің «жерге жақындаттырылған» типологиясы пайда болады.

әлсіз жақтары:

  1. әлеуметтік-экономикалық факторлар дұрыс бағаланбайды;

  2. істің негізі бойынша бұл мемлекеттен гөрі қоғамның типологиясына көбірек келеді.