Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
лекция МКТ.doc
Скачиваний:
569
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
928.77 Кб
Скачать
          1. Қызмет аясына қарай мемлекет функциялары сыртқы және ішкі болып бөлінеді.

            1. Мемлекеттің сыртқы функциясы – алдында тұрған ішкі мақсаттарын орындаумен байланысты мемлекет қызметінің негізгі бағыты.

Қазіргі мемлекеттің ішкі функцияларына келесілерді жатқызуға болады:

  1. экономикалық функция – мемлекеттің мынадай қызметтерінің бағыттарын қамтиды, қазақстан экономикасын құрылымдық қайта құру, әлемдік нарықта жоғары бәсекелілерді және әлеуметтік маңызды өндірістерді асыра қолдау, өндірушілерге нақты көмек көрсету, соның ішінде ұсақ қәсіпкерлікті, қазақстандық компаниялардың мүдделерін қолдау сияқты. Мұнда, экономикалық салаға мемлекеттің араласу шегі туралы, экономикалық қатынастарымен мемлекеттік басқару тәсілдері туралы сұрақ маңызды.

Қазіргі уақытта экономикалық функцияларды іске асыру барысында салық салу қызметі үлкен маңыздылыққа ие болуда, өйткені қазіргі жағдайда салық, жаңа басқару жүйесінің басты тәсілі , әмбебап реттеушісі, ол тек экономикалық салада ғана емес , әлеуметтік, заң, және ішкі саяси және т.с.с.салаларда да қолданылады.

  1. Адам және азамат құқықтары мен бостандықтарын қорғау, құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету функциясы – бұл ҚР Конституциясының 1 бабына сәйкес « оның ең қымбат қазынасы адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары болып табылады» тұлғалар мен қоғам мүдделерін қорғауға, өмірге шынайы енгізуге бағытталған мемлекет қызметі;

  2. Әлеуметтік қорғау функциясы – бұл түрлі объективтік себептер нәтижесінде, толық еңбек ете алмайтын – мүгедектер, зейнеткерлер, студенттер және т.б. осы санаттағы азаматтарға қалыпты өмір жағдайларын қамтамасыз ету; сонымен қатар, мемлекетке тұрғын үй құрылысын, денсаулық сақтауды, қоғамдық транспортты және т.с.с. қолдау шаралары жүктелген;

  3. Экологиялық функциясы – заңнаманың көмегімен мемлекет табиғатты пайдаланудың құқықтық режимін бекітеді, өз азаматтары алдында қолайлы өмір сүру ортасын қамтамасыз ету және т.б. міндеттерді өзіне алады;

  4. Мәдени функциясы(бүгінде мәдени дамысын – әдебиет, өнер, театр, кино, музыка, бұқаралық ақпарат құралдары, ғылым, білім және басқалары мемлекеттік жан-жақты қолдауы, бірақ та және жеткіліксіз көлемде іске асырылса да оның мазмұнын құрайды).

16.Мемлекеттің сыртқы функциялары. Қызмет аясына қарай мемлекет функциялары сыртқы және ішкі болып бөлінеді.

Мемлекеттің сыртқы функциялары – алдында тұрған сыртқы мақсаттарын орындаумен байланысты мемлекет қызметінің негізгі бағыты. Оларды орындау мемлекеттің қазіргі әлемде толық өмір сүруін қамтамасыз етеді, ол әлдеқайда өзара тәуелді болуда.

Қазіргі мемлекеттің сыртқы функциялары мыналарды жатқызуға болады:

  1. Мемлекеттің қорғаныс функциясы (қоғамның қорғанысқабілеттілігін қажетті деңгейде ұстап тұруда оның ұлттық қауіпсіздік талаптарына жауап беретін қағидасына негізделеді егеменділікті қорғау мен аумақтық тұтастықты қорғау үшін арналған);

  2. Басқа мемлекеттермен достастық функциясы (бұл экономикалық, саяси, мәдени және өзге қатынастарды қалыптастыру мен дамуына бағытталған, осы мемлекеттің мүдделерін басқа мемлекет мүдделерімен сәйкестендіретін млекеттің әртүрлі қызметі) және т.с.с.

Мемлекеттің сыртқы қызметі(соның ішінде Қазақстан) әлемдік қауымдастыққа кіретін барлық халықтардың мүддесін және ұлттық, әлеуметтік-экономикалық, мәдени және өзге ерекшеліктерді ескере отырып халықаралық құқықтық актілерге негізделсе ғана қазіргі заман талабына сай тиімді және жемісті болады .