Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
лекция МКТ.doc
Скачиваний:
569
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
928.77 Кб
Скачать

30. Әлеуметтік және техникалық нормалар. Әлеуметтік нормалардың түрлері.

Қоғамда тіршіліктегі, өндіріс саласындағы, саясаттағы және т.б. салалардағы адамдардың мінез құлқын реттейтін сан алуан нормалар әрекет етеді. Кез келген жағдайда норма адамдардың жалпы мінез құлық ережелері ретінде көрініс табады, латын тілінен аударғанда бұл сөз ереже, нақты предписание, үлгі дегенді білдіреді.Барлық нормалар техникалық және әлеуметтік болып бөлінеді.

Техникалық нормалар затқа, табиғатқа қатысты адамдардың мінез құлқын реттейді.Бұл адамдардың табиғи заттарды, еңбек құралдарын, түрлі техникалық құралдарын әлде қайда тиімді пайдаланудың ережесі. Техникалық нормаларға мысал ретінде белгілі құрылыс жұмыстарын орындау ережелерін, техниканы эксплуатация бойынша инструкцияны, шикізатты, жанармайды шығындау шектерін, мемлекеттк стандарттарды, техникалық жағдайларды келтіруге болады.

Техникалық нормалардың ерекшелігі олар техниканы пайдаланумен байланысты адамдардың мінез құлқын реттейді. Қоғамға әлде қайда маңызды техникалық нормалар құқық нысанымен қамтылады және олар заңдық маңыздылыққа ие болады. Сәйкесінше бұл нормаларды сақтамау заңдық жауапкершілікті тудырады. Мысалы, ҚР ҚК 295 бабымен қарастырылған, темір жол, әуе немесе су транспортының қозғалыс қаіпсіздік және эксплуатация ережелерін бұзғаны үшін қылмыстық жауапкершілік.

Әлеуметтік нормалар – бұл адамдар арасындағы өзара қарым қатынастарды реттейтін мінез құлық ережелері.

Әлеуметтік нормалардың түрлері екі негізгі белгісі бойынша шектеледі:

  1. оларды орнату тәсілі бойынша;

  2. оларды қамтамасыз ету шарасының сипаты бойынша.

Әлеуметтік нормалардың түрлеріне жататындар:

  1. мораль нормалары (адамгершілік) - бүл адамдардың жақсы мен жаман, жақсылық пен зұлымдық, әділіттілік пен әділетсіздік туралы көзқарастарына қатысты қоғамда бекілілетін және қоғамдық пікір күшімен немесе ішкі көндірулермен (мысалы, қарт адамға қоғамдық транспортта орын беру, таңертең көршімен амандаспау) қорғалатын мінез құлық ережелері;

  2. қоғамдық бірлестік нормалары (корпоративтік нормалар) – бұл қоғамдық ұйымның өзімен бекітілетін және осы ұйымдардың жарғысында көрсетілген қоғамдық мәжбүрлеу шаралары арқылы қорғалатын мінез құлық ережелері. (мысалы, жазушылар немесе бау-бақшашылар одағының жарлығында көрсетілген белгіленген мінез құлық ережелерін орындамау оларды бұл бірлестіктен шығаруына әкеп соқтырады). Басқаша айтқанда, корпоративтік нормалар тек ішкі қатынастарды реттейді: - қоғамдық бірлестік қатысушыларының (мүшелерінің) еркін білдіреді;

  3. салт-дәстүр, әдет-ғұрып нормалары – бұл белгілі бір қоғамдық салада тарихи даму үрдісінде қалыптасқан мінез құлық ережесі; көп рет қайталану нәтижесінде әдетке айналып, соның арқасында олар қоғамдық пікірде қолдау тауып қолданылып келеді(ер адамдарда қол алысу, бірінші төлқұжатты беру);

  4. құқық нормасы – мемлекетпен бекітілген, санкцияланған және қорғалатын және қоғамдық қатынастарды реттеуге бағытталған және оны бұзған жағдайда мемлекеттік мәжбүрлеу шарасы қарастырылған жалпыға міндетті, формалді анықталған мінез құлық ережесі.

Әлеуметтік нормалардың ерекшеліктері:

  1. мұнда реттеу пәні терең әлеуметтік – қоғамдық қатынастар;

  2. «субъектілік» құрамы әлеуметтік сала өкілдері ретіндегі тек адамдармен ғана байланысты.

Әлеуметтік нормалардың түрлерінен құқық нормасын (құқық) бөліп көрсетеді.

Егер құқық нормасын нормамен, мысалы моральмен салыстыратын болсақ олардың бірлігі және айырмашылығы бар.

Бірлігі:

  1. әлеуметтік норма жүйесінде олар әмбебап, барлық қоғамға таралатын болып көрініс табады;

  2. олардың реттеу объектісі бір – қоғамдық қатынастар;

  3. соңғы есепте қоғамнан туындайды.

Айырмашылығы:

  1. пайда болуы бойынша (егер мораль қоғаммен бірге пайда болса, ал құқық – мемлекетпен бірге);

  2. көрініс табу нысаны бойынша (егер мораль қоғамдық санада болса, ал құқық – жазбаша нысанға ие арнайы нормативтік актілерде болады);

  3. әрекет ету ауқымы бойынша (егер мораль барлық қоғамдық қатынастарды реттесе, ал құқық әлде қайда маңызды және реттеуге келетін қатынастарды);

  4. әрекетке енгізу уақыты бойынша (егер мораль нормалары әрекетке мойындалғаннан кейін енгізілсе, ал құықтық – нақты бекітілген мерзімде);

  5. қамтамасыз ету тәсілі боынша (егер мораль нормалары қоғамдық мәжбүрлеу шараларымен қамтамасыз етілсе, ал құқық нормалары – мемлекеттік мәжбүрлеу шараларымен);

  6. бағалау өлшемі бойынша (егер мораль нормалары жақсылық пен зұлымдық, әділеттілік пен әділетсіздік тұрғысынан реттесе, ал құқық нормалары – заңды және заңсыз, құқықтық және құқықтық емес тұрғыда реттейді).

Қоғамдық қатынастарды реттеу үрдісінде құқық пен мораль өзара әрекеттеседі. Олардың талаптары көп жағдайда сәйкес келеді: құық қолдайтын және даттайтынды ережеге сай моральда қолдап, даттайды. Және керісінше көптеген құқық нормалары нравствендықтан (өлтірме, ұрлама және т.с.с.) туындайды.

Корпоративтік нормалар құық нормаларына ұқсас, өйткені:

  1. заңдық нормалар сияқты жазбаша актілерде – жалпы жиналыстарда, конференцияларда, съездерде қабылданатын құжаттарда (мысалы, жарғыда, шешімдерде) бекітіледі;

  2. ұйым мүшелеріне міндетті сипатқа ие;

  3. жүзеге асыруда ішкі бақылауды қажет етеді;

  4. өз нұсқауларын жүзеге асыруды қамтамасыз ету құралдарының тіркелген толық құрамырамына ие;

  5. нормалар жүйесі, яғни реттелген мінез құлық ережелерінің жиынтығы ретінде көрініс табады.

Сонымен қатар құқықтық және корпоративтік нормалар арасында келесідей айырмашылықтар бар:

    1. егер құқық нормалары мемлекетпен қабылданса, ал корпоративтік нормалар – сәйкес құрылымдармен қабылданады;

    2. егер құқық нормалары мемлекеттік мәжбүрлеу шараларымен қамтамасыз етілсе, ал корпоративтік – берілген ұйымның қоғамдық пікірінің күшімен;

    3. егер құқық нормалары жалпыға міндетті болса, ал корпоративтік нормалар тек сәйкесінше ұйымның мүшелеріне ғана міндетті;

    4. егер құқық нормалары қоғамдық қатынастардың кең шеңберін реттеуге арналса, ал корпоративтік нормалар – тек ішкіұйымдастырушылық.

    5. Құқықтық және корпоративтік нормалар түрлі ұйымдардың (мысалы, кәсіподақтық) құқық қабілеттілігін бекіту саласында, олармен қабылданған шешімдердің құқықтылығын бағалауда өзара әрекеттесуі мүмкін.