Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
лекция МКТ.doc
Скачиваний:
569
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
928.77 Кб
Скачать

89. Құқықтық мемлекет: ұғымы және негізгі тұжырымдамалары.

Мемлекетті Конституция, заңдардың шегінде шектеу бағдарламасы ретінде құқықтық мемлекет ұғымы ХVIII-ХIХ ғғ. аралығында пайда болды. Ал идеясы мен институттары құқықтың германдық және европалық дамуына жатады және құқықтың көмегімен мемлекетпен кепілдендірілген ейбіт тәртіпке жетуге бағытталады. Құқықтық мемлекеттің алғашқы идеяларын Сократ, Платон, Аристотель, Цицерон көзқарастарынан табуға болады. Бұндай мемлекеттің тұжырымдамасын М.Падуанский, Д.Локк, Ш.Л.Монтескье, Д.Адамс, Д.Медисон, Т.Джефферсон, И.Кант, Г.В.Гегель және т.б. дамытқан. Құқықтық мемлекет туралы буржуазиялық ілімнің бастаушысы және классигі Имануил Кант еңбегінде орын алған құқықтық мемлекет–барлық органдарының, лауазымды тұлғаларының ұйымдастырылуы және қызметі құқыққа негізделген және онымен байланысты демократиялық мемлекет. Құқықтық мемлекеттің екі негізгі қағидасын (мәнінің екі жағы) бөліп көрсетуге болады:

  1. халықаралық талаптар деңгейінде адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарының кепілдендірілуі, жеке тұлға үшін құқықтық ынталандыру режимін (әлеуметтік мазмұнды жағы) туғызу ;

  2. құқықтың көмегімен мемлекеттік билікті барынша жүйелі байланыстыру, мемлекеттік құрылымдар үшін шектеудің құқықтық режимін қалыптастыру (формальді- заңды тұлға).

Бірінші қағида ҚР Конституциясының 1 бабында белгіленген: «ҚР өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет, оның ең қымбат қазынасы адам, оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары деп жариялайды». Екінші қағидаға келсек, құқықтық мемлекет ұғымы мемлекеттің құқыққа бағыну идеясынан туындайтындықтан, сол құқықтықң өзі демократиялық, табиғи құқық, әлеуметтік әділеттілік, ізгілік қағидаларына және өзге де жалпы адамзаттық құндылықтарға қаншалықты сәйкес келуі жөніндегі мәселеге байланысты болмақ. Құқық ғылымдарында табиғи құқық болып 1948 жылы қабылданған адам құқығының жалпыға бірдей декларациясы мен басқа да халықаралық актілерде баянды етілген жеке тұлғаның азаматтық (жеке), оның саяси, экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтарының жүйесі танылады. Екінші қағида дербес қағида ретінде келесі әдістерді қолдану арқылы жүзеге асырылады:

  • биліктің, оны асыра пайдалануды болдырмау мақсатында заң шығарушы, атқарушылық және сот тармақтарына бөлінуі;

  • заңның үстемдігі(барлық конституциялық процедураларды қатаң сақтаумен биліктің жоғарғы органы қабылдаған заңдарды атқарушы билік актілерімен тоқтатуға, өзгертуге жол бермеу);

  • мемлекет пен тұлғаның өзара жауапкершілігі және т.б.

Бұлардан басқа аталмыш қағидалардан туындайтын өзге де қағидаларды атауға болады:қоғамдағы құқықтық сана мен құқықтық мәдениеттің жоғарғы деңгейі, азаматтық қоғамның болуы және оның тарапынан құқық субъектілерінің заңды орындауына бақылау жасау.

Дегенмен, құқықтық мемлекеттің көптеген қағидаларының ішіндігі екеуі негізгі, шешуші ретінде қалады және оларды өзара байланыста қарастыру керек. Ең бірінші қағиданы (құқықтық мемлекет идеясының құндылығын, қажеттілігін көрсететін әлеуметтік жағы). Екіншінсіз (аталған қажетті идеалдарға жету жолдарын бейнелейтін, формальді- заңи) талдасақ, онда адам мен азаматтың толық құқықтары мен бостандықтарының барынша толық қамтамасыз етілуіне қалайша жетуге болатындығы анық болмас еді. Егер де керісінше тек формальді- заңи аспектіні негізге алсақ, онда (кім үшін, не үшін) мемлекеттік билікті шектеу қажеттігі түсініксіз болады. Бұндай шектеу – мемлекетті өзінің бірде бір қызметін орындай алмайтындай етіп шектеуден азаматтық қоғам ұтпайды, керісінше ұтылады. Құқықтық әдебиеттерде конституциялық бақылауды ұйымдастыру қағидасына негізделген құқықтық мемлекет үлгілері туралы пікірлер айтылады. Құқықтық мемлекеттің американдық, неміс және француздық үлгілері бөліп қарастырылады. Біріншісінде, нормативтік актілердің конституцияға сәйкес еместігін жалпы юрисдикциялық соттар құрылады, үшіншісінде квазисоттық орган – Конституциялық Кеңес құрылады.

Конституцияда Қазақстан Республикасы өзін құқықтық мемлекет деп жариялайтындығы белгіленген. Бұл ереже адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтары туралы нормалардан, конституцияда көзделген демократиялық қағидалар мен институттардан, конституцияның үстемдігінен және конституциялық нормалардың тікелей әрекет етуінен жалғасын табады. Бірақ құқықтық мемлекеттің қалыптасуы күрделі процесс. Ол қоғамдық сана, саяси өмір және мемлекет қызметінде орын алған құқықтық нигилизм стереотиптерін жеңу қажеттілігімен, құқықтық сана мен құқықтық мәдениетті арттырумен байланысты болып табылады.