Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
лекция МКТ.doc
Скачиваний:
569
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
928.77 Кб
Скачать

51. Нормативтік актілерді жүйелеу: ұғымы мен түрлері.

Нормативтік актілер әр түрлі органдармен, түрлі уақытта, кеңістік шегінде және түрлі негіздер бойынша қабылданады. Бұндай жағдай заңдар мен заңға бағынышты актілердің өзара қайшылықта болуына әкеп соғады. Сондықтан қоғамдық қатынастардың тәртіпте болуы үшін алдымен нормативтік актілердің өзі ретке, тиісті жүйеге келтірілуі керек. Ендеше, жүйелеу – нормативтік актілерді тәртіпке, белгілі бір жүйеге келтіру. Ол заңдардың тиімді қолданылуын қамтамасыз ету, ескірген және тиімсіз құқық нормаларын жою, құқықтық дауларды шешу, кемшіліктерді болдырмауүшін қажет.

Жүйелеудің мынандай түрлері бар:

  1. Инкорпорация – мазмұнын өзгертпестен нормативтік актілерді олардың әрқайсысы өзінің дербес заңдық мәнін сақтап қалатындай етіп, жинаққа біріктіру жолымен жүйелеу нысаны. Инкорпорацияның қағидалары: хронологиялық (олардың қабылдану уақыты бойынша) , мәтіндік (белгілі бір мәтіні бойынша) және т.б. Инкорпорация – жүйелеудің ең қарапайы түрі. Ол ресми және ресми емес болып бөлінеді. Ресми инкорпорацияға Қ.Р- дағы заңдар жинағын, ал ресми емеске білім беру мақсатында шығарылатын құқықтың салалары бойынша нормативтік материалдардың жинағын жатқызуға болады. Құқтық істерді қарау процесінде ресми емес инкорпорация лық материялдарға сілтеме жасауға болмайды. Мысалы сотта.

  2. Консолидация – мазмұнын өзгертпестен нормативтік актілерді біріңғай актіге біріктіру жолымен жүйелеу нысаны (алайда әрбір акт өзінің дербес құқықтық мәнін жоғалтады). Бұнда нормативтік актілер олардың белгілі бір қызметке қатыстылық белгісі бойынша біріктіріледі (табиғатты қорғау, білім беру және т.б.). Консолидацияның ерекшелігі – онда инкорпорация мен кодификацияның белгілері табылады және ол кодификация мүмкіндігі болмаған жағдайда аралық кезең ретінде қолданылады.

  3. Кодификация – мазмұнын өзгерте отырып нормативтік актілерді бірыңғай логикалық біртұтас актіге біріктіру жолымен жүйелеу нысаны. Кодификаци процесінде ескірген құқықтық материалдар, нормалардағы қайшылықтар жойылып, жаңа ережелер туындайды, олардың үйлесімділігі , логикалық тәртібі қамтамасыз етіледі. Сондықтан кодификация – құқық шығармашылық әдісі, барынша күрделі және жүйелеудің қиын түрі.

Заңдарды кодификациялау жалпылай (заңдардың елеулі бөлігі қайта өңделеді), салалық (белгілі бір сала заңдарының нормалары қайта өңделеді), арнайы (қандай да бір құқықтық институттың нормалары қайта өңделеді) болуы мүмкін. Кодификация құқық нормаларын мазмұны бойынша және олардың жаңа заңдағы (кодекс, заңдар жинағы және т.б.) жүйеленген, ғылыми негізделген мазмұнын қайта өңдейді.

Кодификацияның белгілері:бірінші, онымен тек арнайы органдар айналысады, екінші, оның нәтижесінде жаңа нормативтік акт пайда болады – кодекс, үшіншіден, кодификацияланған акт белгілі бір салада әрекет ететін басқа барлық актілердің ішіндегі негізгісі болып табылады.

52. Құқық жүйесі: ұғымы және элементтері.

«Жүйе» термині грек тілінен аударғанда «тұтастық», «бөліктерден тұру» мағынасын білдіреді. Құқық жүйесін анықтау үшін төмендегі сұрақтарға жауап іздеу керек:

  1. құқық қандай бөліктерден тұрады?

  2. бұл бөліктердің өзара байланысы қандай?

Құқық жүйесі – бұл құқықтың ішкі құрылысы, оның салаларға, бағынысты салаларға және құқықтық институттарға бөлінуі .

Құқық жүйесіне мынандай белгілер тән:1

  • оның бастапқы элементі – ірі құрылымдар – институттар, бағынысты сала, салаларға біріктірілетін құқық нормасы болып табылады.

  • Оның элементтері бір- бірімен қайшыласпайды, ішкі үйлесімді болады, сондықтан ол бітұтас, бірлікте болады.

  • Ол әлеуметтік- экономикалық, саяси, ұлттық, діни, мәдени, тарихи факторларға негізделеді.

  • Объективтік сиптта болады- бар қоғамдық қатынастарға байланысты және адамдардың субъективтік қалауы бойынша туындамайды. Жүйе болғандықтан ол өзара байланысты көптеген элементтерден тұрады.

Құқық жүйесінің құрылымдық элементтері болып құқық нормасы, құқықтық институт, құқық саласы:құқықтың бағынысты саласы табылады.

Құқық нормасы- бұл мемлекетпен белгіленген немесе мақұлданған және қоғамдық қатынастарды реттеуге бағ,ытталған жалпыға міндетті, формальді- анықталған мінез құлық ережесі., құқық жүйесінің бастапқы элементі. Құқықтық норма ретейтін қатынасқа қатысушыларға субъективтік құқықтар беріп, заңды міндеттер жүктейді. Құқық нормасы мен жүйенің басқа элементтері: құқық институттары, бағынысты сала, құқық саласы әр түрлі үйлесімдікте болады.

Құқықтық институт дегеніміз құқық саласы шегінде қоғамдық қатынастардың түрін, белгілі бір жағын реттейтін құқықтық нормалар тобы. Мысал ретінде, президенттік институтты, адам мен азаматтың құқытық жағдайы институты; Конституциялық құқықтығы сайлау құқығы институты; азаматтық құқықтығы сатып алу сату, талап қою мерзімі институттарын атауға болады, немесе, еңбек қатынасы саласындағы еңбек шартын жасаумен, еңбек ақыны белгілеп, төлеумен, еңбек тәртібін бұзушылардыжауапқа тартумен байланысты қатынастарды айтуға болады.

Сол себепті еңбек құқығында еңбек шарты, еңбек ақы, еңбек тәртібі институттары қалыптасады.

Құқық жүйесінің негізгі элементі – бір- біріне жақын құықтық институттар мен құқық нормаларынан тұратын құқық саласы болып табылады.

Құқық саласы – қоғамдық қатынастардың біртекті, ұқсас саласын реттейтін құқықтық нормалар мен институттардың жиынтығы, құқық жүйесінің дербес бөлігі. Мәселен, конституциялық құқық, азаматтық құқық, әкімшілік құқық, қылмыстық құқық; құқық саласының ішінен бағынысты құқық саласын бөліп көрсетуге болады. Құқық жүйесінің бұл элементі құқықтық институтпен құқық саласы арасындағы аралық орынды иеленеді. Оны заң әдебиеттерінде үнемі бөліп қарастыра бермейді. Мәселен, Мемлекет және құқық теориясы академиялық курсында құқықтың бағынысты саласын неғұрлым ірі құқық саласының аясында ғана ажыратып қарастырады. Бағынысты сала белгілі бір саланың бірнеше институттарын біріктіреді. Бағынысты саланың сырқы көрінісі – онда қандай да бір саланың бірнеше институттарына тән жалпы қағидалық белгілері бар нормалар тобының болуы.1 Мысалы, жер құқығының бағынысты салалары – орман, тау, су құқықтары, азаматтық құқықтағы – авторлық құқық.

Қоғамдық қатынастардың дамуына байланысты құқықтың бағынысты саласы болашақта дербес мәнге ие болып, құқық саласынан бөлініп шығу мүмкіндігіне ие болып отыр. Мәселен, қылмыстық құқықтын қылмыстық атқару құқығы бөлініп шығып отыр. Бүгінде экологиялық құқық, банк құқықтары жеке зерттелуде. Құқықтық институттан айырмашылығы – бағынысты сала әрбір құқық саласының міндетті элементі болып табылмайды. Кішігірім құқық салаларында (мысалы, қылмыстық – процессуалдық, азаматтық – процессуалдық құқық) бағынысты сала мүлдем болмайды. Сонымен, құқық – біртұтас құрылым, жүйені білдіреді. Құқық жүйесі – реттейтін қоғамдық қатынастардың сипаты мен ерекшелігіне сәйкес институттар, бағынысты сала және салалар бойынша біріктірілген құқық нормаларының жиынтығын білдіреді.