Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
лекция МКТ.doc
Скачиваний:
569
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
928.77 Кб
Скачать

50. Заңшығарушылық үрдіс: ұғымы мен кезеңдері.

Парламетте жүзеге асырылатын заңшығарушылық процесс мемлекеттік биліктің бірден – бір бастауы – халықтың еркі қалыптасуын білдіреді және заңшығару қызметінің сатылары арқылы көрініс табады. Біздің Республикамыздың Парламентіндегі заңшығарушылық процессі Конституция (61,62 баптары), 1995 жылы 16 қазанда қабылданған «Қ.Р. Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Конституциялық заңның III тарауымен және «Қ.Р. нормативтік құқықтық актілері туралы» заңмен (1998 жылы 24 науырызда қабылданған) реттеледі және оның төмендегідей сатылары қарастырылған:

  1. заң шығару бастамасы;

  2. заң жобасын талқылау;

  3. заңды қабылдау;

  4. заңды жариялап, күшіне енгізу.

    1. Заң шығару бастамасы – заң шығару бастамасына құқығы бар субъектінің Парламент қарауға міндетті заңдар жобасының мәтінін ресми енгізуі. Заң шығару бастамасы құқығы Парламент депутаттары мен Үкіметке тиесілі және тек мәжілісте ғана жүзеге асырылады.

    2. Заң жобасының Парламентте талқылануы.

    1. Заң жобасының Мәжілісте қаралуы.

Мәжілістің қаулысының негізінде оның тиісті тұрақты комитетері заң шығару бастамасы субъектісінің енгізген заң жобасын алдын ала талқылайды.

Мәжілістің заң жобасы бойынша пленарлық отырысы ол жөнінде осы комиссияның қортындысы болған жағдайда ғана өткізіледі.

Мемлекеттің кірісін қысқарту немесе мемлекеттік шығындарды ұлғайтуды қарастыратын заңдардың жобалары Үкіметтің оң қорытындысы болса ғана енгізіледі. Заң актілерінің жобаларын қарау кезектілігін Парламент, оның Палатасы және Конституцияның 61 бабының 2 тармағына, «Қ.Р.Парламенті мен оның депутаттарының мәртебесі туралы» Конституциялық заңның 17 бабы 2 тармағына сәйкес заң юобалары жедел қаралуының басымдығын айқындауға, жариялауға құқылы (бұндай жағдайда Парламент оны енгізілген күннен бастап бір айдың ішінде қарауға міндетті) Президент анықтайды. Парламент Президенттің бұл талабын орындамаған жағдайда ол жаңа заң қабылданғанға дейін әрекет ететін заң күші бар жарлық шығаруға құқылы.

Мәжіліс бюросы заң жобасы жұмысының қорытындысын тұрақты комитетте қарап, оны Мәжілістің пленарлық отырысының қарауына беру жөнінде шешім қабылдайды. Мұнда заң жобасы бірнеше рет, әдетте, екі рет, кейде одан да көп рет пысықталады (Конституциялық заңдардың жобасы).

Мәжіліс депутаттары қарастырып және жалпы санының көпшілік даусымен мақұлданған заң жобасы, сонымен қатар осы палата депутаттарының жалпы санының үштен екісінің дауысымен мақұлданған конституциялық заңның жобасы Сенатқа беріледі.

    1. Заң жобасының Сенатта қаралуы. Сенатта Мәжіліс берген заң жобасы оны алған күннен бастап 60 күннің ішінде қаралады. Сенат депутаттарының жалпы санының көпшілік дауысымен қабылданған жоба заңға айналып, Президенттің қол қоюына беріледі. Егер заң жобасы тұтастай Сенат депутаттарының көпшілік дауысымен құпталмаса, ол Мәжіліске қайтарылады. Егер жобаны Мәжіліс депутаттары жалпы сандарының үштен екісінің дауысымен қайтадан мақұлдаса, ол Сенаттың қайта қарауына беріледі. Егер заң жобасы Сенатта қайтадан мақұлданбаса, ол сол сессияда қаралмайтын болады. Сенат депутаттарының көпшілік дауысымен заң жобасына енгізілген өзгертулер мен итолықтырулар Мәжіліске жіберіледі. Егер төменгі палата ұсынылған өзгерістер мен толықтыруларға (депутаттардың көпшілік дауысымен) келіссе заң қабылданған болып саналады, ал келіспеген жағдайда Мәжіліс пен Сенат арасындағы заң жобасы бойынша қайшылық келісімдік әдістер арқылы шешіледі. (Конституцияның 61 бабының 5- тармағы, «Қ.Р. Парламент депутатарының мәртебесі туралы» Конституциялық заңның 18 бабының 2- тармағын қара).

Егер Үкіметтің енгізген заң жобасы қабылданбаса Премьер – Министр Парламент палаталарының бірлескен отырысында Үкіметке сенім білдіру жөнінде мәселе қоюға құқылы.

Бұл мәселені дауысқа салу 48 сағаттан кейін жүргізіледі. Егер сенімсіздік вотумы туралы ұсыныс Конституцияда белгіленген қажетті дауыс санын жинамаса, заң жобасы дауысқа салусыз қабылданған болып саналады. Үкімет бұндай құқықты жылына екі реттен артық емес пайдалана алады.

Заң шығарушылық тәжірибесінде бұндай жағдай 1996 жылы «ҚазССР- да азаматтарды зейнетақымен қамсыздандыру туралы» ҚазССР Заңына өзгертулер мен толықтырулар енгізу жөніндегі заң жобасын талқылағанда қолданылған болатын.

Конституцияның 72 бабының 2 - тармағына сәйкес Конституциялық Кеңес Президент қол қойғанға дейін Парламент қабылдаған заңның Қ.Р: Конституциясына сәйкетілігін қарайды.

  1. Заңды қабылдау. Бұл сатының заң жобасын талқылау сатысымен тығыз байланыстығын ескерген жөн. Жоба Сенат депутаттарыжалпы санының көпшілік дауысымен қабылданғаннан кейін заңға немесе осы палата депутаттарының үштен екісінің дауысымен қабылданса Конституциялық заңға айналады. Алайда, заңның қабылдануы оның заңды күшіне енуін білдірмейді.

Парламентпен мақұлданған заңдар оның әр палатысының төрағаларының қолымен, егер заң жобасын Үкімет енгізсе, Премьер – Министрдің қолымен бекітіліп, 10 күннің ішінде Президенттің қол қоюына беріледі. Президент 15 күннің ішінде ұсынылған заңға қол қойып, оны жариялайды немесе заңды не оның жекелеген баптарын қайта қарап дауысқа салу үшін Парламентке қайтарады. Егер 15 күннің ішінде заң Парламенке қайтарылмаса, қол қойылған деп саналады. Егер заң Парламент сессиясының жабылуына дейін қайтарылмаса, ол кезекті сессияның бірінші күні Парламентке қайтарылады. Республика заңдары оған Президент қол қойғаннан кейін ғана заңды күшіне енеді. Дегенмен, бұл Президенттің жоғарғы заң шығарушы органның уәкілеттігін пайдаланады деген сөз емес. Президенттің вето құықығы тек заңның күшіне енуін тоқтата тұрады, өйткені Парламент заңды екінші рет қабылдауға құқылы. Бұл – биліктің бөліну қағидасы «тежеу» жүйесінің қолданылуын білдіреді.

Президенттің қарсылығын тудырған заң немесе оның баптары бойынша қайта талқылау мен дауысқа салу қарсылық жіберілген күннен бастап бір айдың ішінде жүргізіледі. Бұл мерзімді сақтамау Президент қарсылығының қабылдануын білдіреді. Егер Парламент оның әр палатасы депутаттары жалпы санының үштен екісінің көпшілік дауысымен бұрын өздері қабылдаған заңда толығымен немесе оның жекелеген баптарын қолдаса Президенттің қарсылығы жоққа шығарылады.

Бұндай жағдайда заң немесе оның тиісті баптары Парламентпен бірінші рет мақұлданған редакциясында қабылданған болып саналып, Президент оған жеті күннің ішінде қол қояды (Парламент .....туралы Конст. Заңның 20 бабының 5- тармағын қара).

Егер Парламент дауысқа салу нәтижесінде Президенттің қарсылығын еңсере алмаса заң қабылданбаған немесе егер Президент қарсылығында заңның, оның жекелеген баптарының жаңа редакциясы ұсынылған болса сол редакцияда қабылданған болып саналады (Конституцияның 53 бабы, 3 тармағын, «Парламент..... туралы» Конст. Заңның 20 бабы, 5,6 тармақтарын қара ).

  1. Заңдарды жариялап күшіне енгізу.

Заңдарды жариялау процессі және олардың күшіне енуі «нормативтік құқықтық акт туралы » 1998 жылы қабылданған және 2002 жылы өзгерістер мен толықтырулар енгізілген заңмен реттеледі. Біздің Республикамыздың заң актілері Парламент жаршысында жарияланады. Заңдардың күшіне ену мерзімі – аталмыш заңның 36 бабы 1- тармағына сәйкес, егер сол актіде немесе оны күшіне енгізу жөніндегі актіде өзге мерзімдер көрсетілмесе олардың ресми жарияланғанынан 10 күнтізбелік күн болып табылады.