Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
лекция МКТ.doc
Скачиваний:
569
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
928.77 Кб
Скачать

73. Құқықтық сана, құқықтық тәртіп және құқықтық мәдениет

Құқықтық сана – қолданыстағы және қалаған (тілеген) құқыққа деген адамдардың қатынасын көрсететін сезімдері мен елестерінің, көз қарастары мен эмоцияларының, бағдары мен бағалауының жиынтығы. Құқықтық сана дегеніміз адамдардың жаңа қабылдаған заңдарға, нақты бір нормативтік құқықтық актінің жобасы және т.с.с. деген қалаған (қолдаған) немесе бас тартқан реакциясы.

Құқықтық сана жүйелі ұтымды қалыптасуын, көтермелеуді, оңды әлеуметтік дамуына мүмкіндік тудыруды талап етеді. Әлемдік құндылық және ұлттық мәдениет көрінісі болып табылатын адамдардың санасының интеграциялануына бағытталған жүйелі шаралар, саяси-құқықтық идеялар, нормалар, қағидалар құқықтық тәрбие ретінде көрініс тапқан.

Құқықтық тәрбие дегеніміз мемлекеттік орган және қоғамдылықтың азаматтар мен лауазымды адамдардың құқықтық сана мен құқықтық мәдениетін қалыптастыруды мақсат тұта отырып, бағыттаған қызметі.

Құқықтық тәрбие – күрделі үрдіс, келесі құрамдас бөліктерден тұрады:

  • тәрбие субъектілері (мемлекеттік органдар, мемлекеттікқызметкерлер, саясаткерлер, оқытушылар,, журналистілер және т.б.);

  • тәрбие объектілері (азаматтар, еңбек ұжымдары, әлеуметтік топтар және т.б.);

  • тәрбие мазмұны (адамдардың заңды және саяси құндылықтарға, идеяларға, қағидаларға, ақпараттарға, тәжірибеге және т.б. қатынасының көрінісі);

  • тәрбие әдістері (сендіру, марапаттау, жазалау және тәрбие объектілеріне әсер ететін басқа да психолого-педагогикалық тәсілдер);

  • тәрбие нысандары.

  1. құқықтық білім беру (мектепте, арнайы орта және жоғары оқу орындарында құқықтық білімді меңгеру);

  2. құқықтық үгіттеу (тұрғындар арасында теледидар, радио, басқа да бұқаралық ақпарат құралдары арқылы құқықтық идеялар мен құқықтық талаптарды таратуды көздейді);

  3. заңды тәжірибе (алдымен құқыққолдану қызметі үрдісіне азаматтардың қатысуы арқылы заңды ақпараттар мен білімдерді таратуға ықпал етеді);

  4. өзіндік тәрбиелеу (құқықтық құбылыстарды өзі талдаумен, өзіндік оқумен, жеке дағдысымен байланысты);

Құқықтық тәрбиені азаматтардың құқықтық ақпаратына ғана әкеп тіреуге болмайды. Бұл Конституция ережелері және қолданыстағы негізгі заңдар, адам және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына қатысты өте терең үрдіс.

Жеке тұлғаның құқықтық мәдениеті – құқықты білу және түсіну, сонымен қоса, әрекеттің оларға сәйкес келуі. Жеке тұлғаның құқықтық мәдениеті құқықтық санамен тығыз байланыста, соған әкеп тірейді. Бірақ ол құқықтық санаға қарағанда кең, немесе өзіне оның психологиялық және идеологиялық элементтерін ғана емес, заңды мәні бар мінез-құлықтарды да қамтиды.

Заңды нормаларды білетін және түсінетін барлық адамдарды құқықтық мәдениетті адам деп санауға болмайды. Құқықтық мәдениетті адам заңды ережелерді біле отырып, оның нұсқауларын сақтау қажеттілігімен үйлестіріп және өз қызметінде оларға жүгінеді.

Сондай-ақ, жеке адамның құқықтық мәдениеті келесі құрамдас элементтерден тұрады:

    1. психологиялық элемент (құқықтық психология);

    2. идеологиялық элемент (құқықтық идеология);

    3. мінез-құлыққа байланысты элементі (заңды мәні бар мінез-құлықтар).

Жеке адамның құқықтық мәдениеті адамның құқықтық сауаттылығын, құқықты пайдалана білу икемділігін және дағдысын, өз мінез-құлқының заңды норма талаптарына бағындыруын қамтиды.

Қоғамның құқықтық мәдениеті – қоғамның құқықтық сана және құқықтық белсенділік деңгейі, заңды нормалар мен заңды қызметтердің ілгерлеу деңгейі.

Қоғамның құқықтық мәдениеті құрылымы келесі элементтерден тұрады:

    1. қоғамның құқықтық сана және құқықтық белсенділік деңгейі;

    2. заңды нормалардың (құқықтың дамудеңгейі, заңды мәтіндердің мәдениеті және т.б.) ілгерлеу деңгейі;

    3. заңды қызметтердің (құқықшығармашылық, құқыққолданушылық және құқыққорғау қызметтерінің мәдениеті) ілгерлеу деңгейі.

Қоғамның құқықтық мәдениеті жалпы мәдениеттің бір бөлігі бола отырып келесі факторлармен сипатталады:

  • құқықтағы нақты қажеттілік;

  • елдегі заңдылық және құқықтық тәртіп жағдайы;

  • қоғамдағы білімнің және заң ғылымының даму деңгейі.