Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
лекция МКТ.doc
Скачиваний:
569
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
928.77 Кб
Скачать

80. Құқықбұзушылық түсінігі, оның белгілері, түрлері.

Кез келген қоғамда құқықтық норма нұсқауларын бұзу жалпылама сипатта және қоғамға мәнді, сезілетін материалдық және моральдық зиян келтіреді. Құқық бұзушылық құқықтық мінез-құлыққа қарсы әрекет.

Құқық бұзушылық - заңды жауапкершілік тудыратын деликт қабілетті адамдардың кінәлі, құқыққа қарсы әрекеті.

Құқық бұзушылықтың белгілері:

  • іс-қимыл /әрекет немесе әрекетсіздік/;

  • қінә;

  • құқыққа қарсылық;

  • қоғамға зияндылық зиянды нәтиже;

  • іс-қимыл мен зиянды нәтиженің арасындағы себепті байланыс;

  • заңды жауапкершілік.

Құқық бұзушылық әлеуметтік қауіптілігі /зияндылығына/ байланысты қылмыс және теріс қылық болып бөлінеді.

Қылмыс (қылмыстық құқықбұзушылық) қоғамға зияндылығының ең үлкен дәрежесімен, қауіп-қатерден қылмыстық заңнамалармен қорғалғандығымен, әлеуметтік елеулі мәнді мүдделерге бағытталғандығымен ерекшеленеді. Құқықбұзушылықтың басқа түрлеріне қарағанда, қылмыстық заңда көрсетілген қылмыстық әрекеттер тізімі толық түрде беріледі, кеңейте талқылауға болмайды.

Теріс қылық азаматтық мүліктік және жеке мүліктік емес қатынастар аймағында жасалатын, ұйымдар мен жеке азаматтарға мүліктік зиян келтірудегі т.б. көрінетін әрекет.

Өз кезегінде теріс қылықтар келесідей жіктеледі:

Азаматтық (мүліктік және мүліктік емес қатынастар саласында шарт бойынша міндеттемені орындамағаннан тұратын, жеке азаматтарға немесе мекемелерге зиян келтірумен, азаматтардың ар-намысын, атақ абыройын кірлететін мәліметтер таратумен көрсетілген құқықбұзушылықтар);

Әкімшілік (заңмен тағайындалған қоғамдық тәртіпке, мемлекеттік органдарды атқару жарлық ету әрекеті аймағындағы қатынастарға қызметтік міндетті жүзеге асырумен байланыссыз зиян келтіретін құқықбұзушылық);

Тәртіптілік (еңбектік қатынастар аймағында жасалатын кәсіпорын мекеме, ұйым әрекетіндегі ішкі тәртіпке қол сұғатын құқықбұзушылық).

81. Құқықбұзушылық құрамы

Құқық бұзушылық құрамы дегеніміз заңды жауапкершілікті жүктеуге жеткілікті және қажетті құқықбұзушылық белгілерінің жүйесі. Бұлардың бірі болмаған жағдайда тұлға жауапкершілікке тартылмайды.

Құқықбұзушылықтың заңды құрамына мыналар жатады:

  1. құқықбұзушылық субъектісі (осы әрекетті жас аған құқықтық әрекетқабілеттілігі бар жеке немесе заңды тұлға);

  2. құқықбұзушылық объектісі (құқықбұзушылық бағытталған қатынас; қоғамдық қатынас текті объект, адамның өмірі, денсаулығы, ар-намысы, мүлкі және т.б. түрлі объектілер),

  3. құқықбұзушылықтың субъективті жағы (тұлғаның өз әрекетіне және салдарына деген субъективтік қатынасын сипаттайтын белгілердің жиынтығы. Бұл жерде негізгі өлшем кінә (ҚР ҚК 19 бабы). Кінә деп тұлғаның құқыққа қарсы жасаған әрекетіне деген психикалық қатынасын айтамыз. Кінә екі нысанға бөлінеді – қасақана (ҚР ҚК 20 бабы) және абайсыз (ҚР ҚК 21 бабы). Қасақана тікелей кінә - тұлға өз әрекетінің қоғамға қауіптілігін біледі, зиянды нәтиже туындау мүмкіндігін немесе тиістілігін көре біледі, соны қажет етеді. Жанама қасақана кінә - субъект өз әрекетінің қоғамға қауіпті сипатын алдын ала біледі, зиянды нәтиже болу мүмкіндігін көре біледі, тілемейді, бірақ заңда көрсетілген зиянды нәтиже туындауын саналы түрде мүмкін етеді немесе оған бейжай қарайды. Абайсыздықтың да екі нысаны бар: менмендік және немқұрайдылық. Егер адам өз іс-әрекетінің (әрекетсіздігінің) қоғамға қауіп туғызуы мүмкін екендігін алдын ала білсе, бірақ бұл зардаптарды жеткіліті негіздерсіз жеңілтектікпен болғызбау мүмкіндігіне сенсе, қылмыс менмендікпен жасалған деп танылады. Егер тұлға қажетті ұқыптылық пен сақтық болғанда ол зардаптарды болжап білуге тиіс және болжап біле алатын бола тұра өз іс-әрекетінің (әрекетсіздігінің) қоғамдық қауіпті зардаптарының болуы мүмкін екенін болжап білмесе, қылмыс немқұрайдылықпен жас алған қылмыс деп танылады); азаматтық заңнамада кінәнің дөрекі және жеңіл абайсыздық нысаны берілген. Субъективтік жақтың қосымша белгілері – ақсат және ниет.

  4. құқықбұзушылықтың объективті жағы – осы құқықбұзушылықты сипаттайтын сыртқы белгілерінің жиынтығы, бұларға мыналар жатады:

  • әрекет (қоғамға кауіпті, кінәлі, құқыққа қарсы, жазаланатын);

  • зиянды нәтиже (мазмұды аспектісі);

  • әрекет пен зиянды нәтиже арасындағы себепті байланыстар (нәтиже салдар болуға тиіс, ал сол мінез-құлық осы нәтиженің себебі болмақ).