Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
лекция МКТ.doc
Скачиваний:
569
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
928.77 Кб
Скачать

90. Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан – 2030» жолдауындағы мемлекет және құқық мәселелері

Қазақстан Республикасының Президенті Қазақстан халқына елдегі жағдай мен Республиканың ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттары туралы жыл сайын жазбаша немесе ауысша жолдау арнайды. Мұндай жолдау бағдарламалық сипатқа ие және Парламенттің, Үкіметтің және басқа да мемлекеттік билік органдарының қызметтерінде жүзеге асырылады, өйткені мемлекет Басшысы ғана ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын анықтауға өкілетті.

Конституция талаптарына сай 1997 жылы 10 қазанда Қазақстан Республикасының Президенті Қазақстан халқына тарихи құжат болып табылатын «Қазақстан – 2030. Барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы» жолдауын арнайды.

Біріншіден, жолдауда жаңа саяси және экономикалық жүйені қалыптастыру, тәуелсіз мемлекетті нығайту қорытындысы жасалады. Басты жетістіктерінің бірі қоғамымыздың саяси тұрақтылығы мен бірлігі болып табылады. Екіншіден, жолдауда ұзақ мерзімді басым мақсат және оны іске асыру стратегиясы анықталған. Ұзақ мерзімді жеті басымдық ұсынылған:

ұлттық қауіпсіздік

  • көрші мемлекеттермен, соның ішінде ең бастысы Ресей және Қытаймен достық қатынасты дамыту;

  • АҚШ – ты қоса алғанда, басты демократияшыл индустриясы дамыған мемлекеттермен байланысын күшейту;

  • елімізді халықаралық қолдау көрсетілуін қамтамасыз ету үшін халықаралық институттар мен форумдардың (БҰҰ, Халықаралық валюта қоры, Дүниежүзілік, Азиялық, Еуропалық және Ислам даму банктері) көмегі мен қолдауын пайдалану;

  • еліміздің ұлттық егемендігі мен аумақтық тұтастығын қорғау үшін сенімді негіз бола алатын бай табиғи ресурстарды игеру;

  • Қазақстанның барлық азаматтарының отаншылдық сезімі мен өз еліне деген сүйіспеншілігін дамыту.

Ішкі саяси тұрақтылық пен қоғамның топтасуы.

  • еліміздің барлық азаматтары үшін мүмкіндіктердің теңдігіне негізделген бірыңғай азаматтылыққа кепілідік беру;

  • этникалық түсініспеушілік себептерінің жойылуы, барлық этникалық топтардың тең болуын қамтамасыз ету;

  • қоғамымыздағы дәулеттілер мен жарлылардың арасындағы айырмашылықты азайту және ауыл проблемасына ерекше көңіл бөлу;

  • әлеуметтік проблемаларды ұдайы шешіп отыру;

  • адамдар арасындағы қарым - қатынас пен коммуникациялық байланыстардың барлық нысандарын дамыту;

  • әр түрлі конфессиялар арасындағы өзара құрмет, төзімділік пен сенімді қарым – қатынастарды нығайту.

Шетел инвестицияларының деңгейі жоғары, дамыған нарықтық экономикаға және ішкі жинақтарға негізделген экономикалық өсу

  • Үкіметтің әлі де орын алып отырған сауда мен өндіріске әкімшілік араласуын жою;

  • жылжымайтын мүлікті, қалған ұсақ және орта кәсіпорындар мен агроөнеркәсіп кешенін қоса алғанда, жекешелендіру процесін аяқтау;

  • еке меншік институттары жерге деген құқықты, сондай-ақ меншік құқықтарын және келісім-шарттардың орындалуын қорғайтын заң жүйесін құрудың есебінен нығайту;

  • орталық Үкіметті және жергілікті өкімет органдарын парасатты ұйымдастыру мен оңтайландыруға, олардың рөлін, өкілеттілігі мен жауапкершілігін байсалды ой елегінен өткізу;

  • сот билігі мен құқық қорғау органдарын реформалауды жандандыра түсу;

  • заңның шексіз үстемдігін белгілеу және заңды орындайтын азаматтарды қылмыстан қорғау.

Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі мен әл-ауқаты

  • ауруды болдырмау және салауатты өмір салтын ынталандыру;

  • нашақорлыққа қарсы күресу, темекі мен алкогольді тұтынуды қысқарту;

  • әйел мен баланың денсаулығын жақсарту;

  • жастарды және жас отбасыларды қолдау;

  • тамақтануды, қоршаған орта мен экологияның тазалығын жақсарту.

Энергетика ресурстары

  • үздік халықаралық технологиялар мен инвестициялар тарту мақсатымен басты халықаралық мұнай компанияларымен ұзақ мерзімді әріптестікте болу;

  • мұнай мен газ экспорт үшін құбыр арналарының жүйесін құру;

  • ішкі энергетикалық инфрақұрылымын құру және дамыту;

  • стратегиялық ресурстарға бақылау қою, оларды үнемді пайдалану.

инфрақұрылым, әсіресе көлік және байланыс

  • темір жол көлігін жаңарту және дамыту;

  • халықаралық тасымалдарды қамтамасыз етуші автомобиль жолдарын дамыту;

  • Қазақстан арқылы өтетін транзиттік әуе желілерін дамыту мақсатында әуе қозғалысын басқару жүйесін қайта ұйымдастыру;

  • Ақтау айлағын қайта жаңарту, флотты «өзен-теңіз» түріндегі кемелермен толықтыру;

  • дербес тәуелсіз және тиімді телекоммуникациялық қызмет көрсету жүйесін құру.

кәсіпқой мемлекет

  • негұлым маңызды бірнеше функцияларды ғана орындауға жұмылған ықшам әрі кәсіпқой Үкімет;

  • стратегиялар негізіндегі іс-қимыл бағдарламалары бойынша атқарылатын жұмыс;

  • нақтылы жолға қойылған ведомствоаралық үйлестіру;

  • министрліктердің өкілеттіліктері мен жауапкершіліктерін, олардың есептілігі және олардың қызметіне стратегиялық бақылауды арттыру;

  • министрліктердің ішінде, орталықтан аймақтарға және мемлекеттен жекеше секторға қарай орталыққа тәуелділікті жою;

  • сыбайлас жемқорыққа қарсы батыл да, ымырасыз күрес;

  • кадрларды жалдау, даярлау және жоғарылату жүйелерін жақсарту.

Үшіншіден, үш жылға арналған қысқа мерзімді міндеттер белгіленді. Бұл ұлттық қауіпсіздікті нығайту; ауылдың неғұрлым өткір проблемаларын шешу; кедейшілік пен жұмыссыздыққа қарсы күрес; ішкі саяси тұрақтылық пен қоғамның бірлігін нығайту жолымен экономикалық өркендеуге жету; барлық әлеуметтік - экономикалық реформаларды аяқтау, ең алдымен бюджет саласындағы реформаларды аяқтау, соның нәтижесінде зейнетақыларды, жалақыны және әлеуметтік жәрдем ақыларды толық көлемінде уақытылы төлеу; қолайлы инвестициялық ахуал тұғызу; мемлекеттік қызмет реформаларын жеделдету, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту.

1Локк Дж. Избранные философские произведения. М., 1969, с. 6; Монтескье Ш. Избранные произведения. М., 1955, с. 290

2Алексеев С. С. Общая теория права. ­– М., 1981. Т.1.С104.

1Теория государства и права. Учебник под ред. Алексеева С.С. - М., 1985, с. 69

1Хропанюк В.Н. Теория государства и права. Учебное пособие. – М. 1993, с. 179-209

1Теория государства и права. Учебник для юридических вузов и факултетов. Под ред. В.М.Корельского и В.Д.Перевалова. М., 1997. с.288

1Теория государства и права. Курс лекций /Под ред.Н.И.Матузова и А.В.Малько – М.,1999, с.334

1См. Комаров С.А., Малько А.В. Теория государства и права. Учебно – методическое пособие. Краткий учебник для вузов. М. 1999, С.325.

1См. Там же, с.232

2Теория государства и права. Учебник для юридических вузов и факултетов. Под ред. В.М. Корельского и В.Д. Перевалова. – М, 1997. С.316.

3Хропанюк В.Н. Теория государства и права. Учебное пособие. М. 1993. С. 213.

1См.Сырых В.М. Теория государсва и права. Учебник для вузов. М., Изд. «Былина». 1998. С.209.

2Теория государства и права. Учебник для юридических вузов и факультетов. Под ред. В.М. Корельског и В.Д. Перевалова. – М, 1997.С.317.

3Общая теория государства и права. Академический курс в 2 – х томах. Под ред. М.Н. Марченко. Том 2. Теория права. М..1998. С.232.