Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
лекция МКТ.doc
Скачиваний:
569
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
928.77 Кб
Скачать
    1. Республика белгілері :

1.биліктің сайланбалығы;

2.мерзімділігі;

3.сайлаушылардан тәуелділігі.

Үкіметті кім қалыптастырса, ол кісмге есепті және кімнің бақылауында болса соған байланысты республика президенттік, парламенттік және аралас болып бөлінеді. Президенттік Республикада(АҚШ, Сирия ) президент, парламенттікте (Германия, Италия ) – парламент, ал араласта (Франция, Финляндия, Австрия, Португалия) – президент және парламент бұл рөлді атқарады .

Қазақстан Республикасы басқару нысаны бойынша президенттік республика.

11. Мемлекеттік құрылым нысаны: түсінігі және түрлері.

Мемлекеттік құрылымның нысаны бұл мемлекеттің ішкі құрылымын,оның саяси және территориялық бөлімшелерін сипаттайтын, мемлекеттің барлық органдарының оның құрамдас бөліктерінің органдарымен анықталған өзара қатынастарын оқшаулайтын мемлекет нысанының элементі.

Оның саяси, территорияды бөлінезінің тәсілі, ол мемлекеттің бүлік орғандарының құрамдас бөліктерінің органдарымен арақатынасын көрсетеді .

Мынадай түрлері ажыратылған:

  1. Унитарлы мемлекет – қарапайым, біртұтас мемлекет, бөліктері әкімшлік – территориялық бірлік болатын және мемлекеттік егемендік белгілерге ие емес; онда, мысалы Қазақстан Республикасы, Польша, Франция сияқты біртұтас жоғарғы органдар жүйесі және біртұтас заңнама жүйесі бар.

  2. федерация – күрделі , одақтас мемлекет, бөліктері мемлекет тектес, белгілі бір көлемде егеменділікке және мемлекеттіліктің басқа да белгілеріне ие; онда жоғарғы федералды органдармен және федералды заңнамалармен қатар жоғарғы органдар және федерация субъектілерінің заңнамасы бар, мысалы, Ресей, АҚШ, ГФР сияқты. Федерациялар аумақтық (ГФР) немесе ұлттық-аумақтық (РФ) қағида бойынша құрылуы мүмкін. Бірдей құзыретке ие субъектілерден құралған федерация симметриялы деп аталады (АҚШ,ГФР), ал құрамдас бөліктерінің құқықтық мәртебесінде айырмашылық болған жағдайда асимметриялы (РФ) федерация болып табылады.

Федерация субъектілеріне мемлекет және мемлекет тектестер жатады, олардың саны әр түрлі болуы мүмкін (АҚШ-та елу штат, Швейцарияда жиырма үш кантон).

  1. Конфедерация – мемлекеттердің уақытша одағы, ол саяси, әскери, экономикалық және басқа да мақсаттарға жету үшін құрылады. Конфедерация егеменділікке ие емес, не біріккен субъектілер үшін жалпы, орталық мемлекеттік аппарат және заңнамалардың біртұтас жүйесі болмайды.

Конфедерация ауқымында одақтық органдар құрылуы мүмкін, бірақ тек олардың шешімі үшін біріккен мәселелер бойынша және үйлестіруші сипатта. Конфедерация тұрақсыз мемлекет тектес үйым ретінде көрініс тауып және салыстырмалы түрде ұзаққа бармайды; олар не тарап кетеді, не федеративті мемлекеттерге айналады. Соңғысына мысал келтірсек, Швейцариялық одақ конфедерациядан (1815-1848) федерацияға айналды.

Мемлекеттер достастығы деп аталған ассоцияланған мемлекеттік бірлестіктің жаңа нысаны пайда болды. Мысалға ТМД (Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы) жатқызуға болады. Бұл нысан конфедерацияға қарағанда әлі аморфты және анықталмаған.

12. Мемлекеттік (саяси) режим :түсінігі , түрлері.

Мемлекеттік (саяси) режим – саяси билікті жүзеге асырудың мазмұны мен сипатын көрсететін тәсілдер, әдістер, құралдар жүйесі.Осы типтегі мемлекеттің мәні бойынша болып жатқан барлық өзгерістер алдымен оның режимінде көрініс тауып, ал ол басқару нысанына және мемлекеттік құрылым нысанына әсер етеді.

Саяси режим – саяси жүйенің динамикалы, функционалды сипаттамасы.

“Саяси режим”, “Саяси жүйе” категориялары бір-бірімен тығыз байланысты. Егер біріншісі қоғамның саяси өміріне қатысушы және саяси билікті жүзеге асыруда барлық институттар кешенін көрсетсе, ал екіншісі-бұл билік қалай жүзеге асатынын, көрсетілген институттар қалай әрекеттенуін көрсетеді(демократиялы немесе демократиялы емес).

Саяси режимнің түсінігі биліктің негізгі жүйесі туралы түсінікті қалыптастырудың бастауы болады.

Тек саяси режимге қарай отырып, қоғамның саяси құрылымының үйымдастырылуы туралы талдау жасалады. Саяси режим қандай да бір елдегі нақты оның тарихи даму кезеңіндегі анықталған саяси климатты сипаттайды.

“Мемлекеттік, саяси режим “ деген түсінік мынадай өлшемдерді (белгілері ) қамтиды:

  1. саяси билікті қалыптастыру механизмінде халықтың қатысу деңгейі, сондай-ақ мұндай қалыптастырудың тәсілдерінің өзі;

  2. адам мен азамат құқығы мен бостандығының мемлекет құқығымен арақатынасы, олардың кепілдігі.

  3. саяси билікті тікелей халықпен жүзеге асыру деңгейі;

  4. бұқаралық ақпарат құралдарының жағдайы, қоғамдағы жариялылық деңгейі және мемлекеттік аппараттың ашықтығы?;

  5. қоғамның саяси жүйесіндегі мемлекеттік емес құрылымдардың орны мен рөлі;

  6. заң шығарушы және атқарушы билік тармақтарының арасындағы арақатынас;

  7. саяси шешім қабылдауда азшылық мүддесінің ескерілуі;

  8. саяси билікті іске асыруда белгілі тәсілдердің басымдылығы (сендіру, көндіру және т.с.с)

  9. қоғамдық өмірдің барлық ауқымында заңның үстемділік деңгейі;

10. мемлекеттің күштік құрылымының саяси және заңдық жағдайы және қоғамдағы рөлі;

11. саяси прюрализм(жариялылық) шаралары, соның ішінде көппартиялық;

12. лауазымды тұлғаларды, ең жоғарғыларын қоса алғанда, саяси және заңды жауапкершілікке тартудың шынайы механизімінің болуы.

Мемлекеттің биліктің қолданатын құралдары мен тәсілдерінің сипатына байланысты демократиялық және авторитарлық мемлекеттік(саяси) режим деп ажыратылады.

Демократиялық режімнің белгілері:

  1. халық, тікелей(мысалы азаматтар референдум арқылы қоғамға маңызды сұрақтарын бойынша тікелей шешім қабылдайды) және өкілетті демократия(халық өз билігін олармен сайланған өкілетті органдар арқылы жүзеге асырады) арқылы мемлекеттік биліктің қалыптасуы мен жүзеге асырылуына қатысады.

  2. шешім азшылықтың мүддесін ескере отырып, көпшілікпен қабылданады.

  3. дамыған құрылымды азаматтық қоғамда негізделеді.

  4. кұқықтық мемлекеттің өмір сүруін, оның қағидаларының әрекетін алдын-ала болжайды.

  5. орталық және жергілікті мемлекеттік билік органдарының сайланбалығы және ауыспалығы, олардың сайлаушыларға есептілігі;

  6. мемлекеттік биліктің легитимділігі.

  7. күш құрылымдары(қарулы күштер, полиция, қауіпсіздік органдары және т.с.с.) қоғамның демократиялық бақылауында болады тек тікелей болжаған бағытта қолданылады, оның қызметі заңдармен реттеледі.

  8. сендіру, келісім, компромисс тәсілдері басым, күштеу, көндіру, тыйып тастау тәсілдері сирек қолданылады.

  9. қоғамдық өмірдің барлық саласында заң үстемдік етеді.

  10. адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтары жарияланады және шынайы іске асырылады.

  11. шаруашылық субъектілер мен азаматтарға қатысты “заң мен тыйым салынбағанның бәріне рұқсат ” деген қағида әрекет етеді

  12. саяси плюрализм, соның ішінде көппартиялылық, саяси партиялардың жарысуы, парламентте және одан тыс та(оппозиция баламалы бағдарлама ұсынады, өз басылымдарында биліктің жіберген қателерін сынға алады, олардың қызметтерін парламенттегі өздерінің фракциялары мен блоктары арқылы бақылайды) заңдық негізде саяси оппозициялардың болуы.

  13. 13. жариялылық, бұқаралық ақпарат құралдары цензураға тәуелді емес.

  14. биліктің заң шығарушы (заң шығаруға, қоғамның даму стратегиясын құруға шақырылған), атқарушы( қабылданған заңдарды жүзеге асыруға, оны өмірге енгізуге, мемлекеттің күнделікті саясатын жүргізуге шақырылған) және сот (дау жағдайында, түрлі құқықбұзушылықтарда төреші болуға шақырылған) билігі болып бөліну қағидасының шынайы іске асуы.

Демократиялық режим – өз кезегінде авторитарлы және тоталитарлы болып бөлінеді.

Авторитарлы режим - саяси білік нақты тұлғамен(таптың, партияның, элиталық топтың және т.б. өкілімен) халықтың аз бөлшегінің қатысуымен жүзеге асырылатын қоғамның мемлекеттік саяси құрылымы. Бұл режимнің басты ерекшелігі, авторитаризмнің, билік ету мен басқарудың тәсілі, қоғамдық қатынастардың (Мысалы: Испанияда Франконың басқару кезеңінде, Чилиде Пиночетаның билік еткен кезінде) түрі болып табылуы.

Авторитарлы саяси режимнің белгілері:

  1. орталықта және жергілікті жерде бір мезгілде халықты мемлекеттік биліктің шынайы тұтқасынан аластатып, биліктің бір адамның немесе бірнеше өзара тығыз байланысқан органдардың қолында шоғырлануы.

  2. биліктің заң шығарушы, атқарушы және сот(көп жағдайда президент, атқарушы-билік етуші органдар қалған барлық органдарды өзіне бағындырады, заң шығарушы және сот құзыретіне де ие болады) тармақтарына бөліну қағидасын елемеу.

  3. биліктің өкілетті орғандарының рөлі шектеледі, дегенмен олар болуы да ықтимал.

  4. сот мәні бойынша көмекші орган болып табылады, сонымен қоса соттан тыс органдар да осындай жағдайда болуы мүмкін.

  5. мемлекеттік орғандар мен лауазымда тұлғалардың сайланбалығы, халыққа есептілігі және бақылауда болуы қағидасы әрекетінің аясы тарылған немесе жоққа шығарылған.

  6. мемлекеттік басқарудың командалық, әкімшілік тәсілі басым, сонымен қоса зиянкестік жоқ, жаппай репрессия, саяси билікті жүзеге ас- ырудың қатаң күштеу әдістері мүлде қолданылмайды.

  7. біршама цензура сақталынады.

  8. біртұтас идеология жоқ(тоталитарлыққа қараганда, мұнда жоғарғы мақсатқа ұмтылу әрекеті ақталмайды).

Демократиялық емес режимнің тағы бір түрі тоталитарлы режим болып табылады, онда мемлекет қоғамдық өмірдің барлық саласына бақылау жасайды, адамды саяси билікке және үстемдік етуші идеологияға толық бағындырады.

Тоталитарлы саяси режимнің белгілері.

  1. мемлекет қоғамдық өмірдің барлық саласында ғаламдық үстемдікке және бәрін қамтушы билікке ұмтылады.

  2. қоғам саяси биліктен толығымен шеттетілген, бірақ оны мойындамайды, не саяси санада халық пен биліктің сіңісуі мен біртұтастығы жайлы елес қалыптасады.

  3. экономика, бұқаралық ақпарат құралдары, мәдениет, дін, т.б. тіпті және жеке өмір, адамдар әрекетінің ниетіне дейін мемлекеттік монополиялық бақылауда болады.

  4. мемлекеттік билік қоғамнан жабық қаналдар бойынша бюрократиялық тәсілмен қалыптасқан, ол құпия ореолымен қоршалып және халық тарапынан бақылауға мүмкіншілік берілмейді.

  5. басқарудың басым әдістер қатарына күш қолдану, мәжбүрлеу, террор жатады.

  6. бір партияның үстемдік етуі, оның кәсіби аппаратының мемлекетпен бірге өрбуі, оппозициялық бағыттағы күштерге тыйым салу.

  7. адамның және азаматтың құқығы мен бостандықтары декларативті және формалды сипатта, оларды жүзеге асырудың нақты кепілі жоқ.

  8. бір ресми идеологияның болуы плюрализмді(жариялылық) толығымен жояды.

  9. диктатордың және оның аясында мемлекеттік биліктің орталықтануы.

  10. қоғам тарапынан репресивті мемлекеттік органдардың бақылауда болмауы.