Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
лекция МКТ.doc
Скачиваний:
569
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
928.77 Кб
Скачать

24. Қазақстан Республикасының заң шығару билігі.

Қазақстан Республикасында заң шығару билігі Конституцияға сәйкес, тұрақты негізде жұмыс істейтін Сенат және Мәжілістен тұратын Парламентке берілген.

Сенат тіке емес, жанама сайлау негізінде қалыптасады. Сенаттың жеті депутатын өкілеттігі мерзіміне Республика Президенті тағайындайды. Сенат әр облыстан, республикалық маңызы бар қаладан және Республика астанасының барлық өкілдікті органдары депутатарының бірлескен отырысында сайланады. Сенат әр облыстан, республикалық маңызы бар қаладан және Республика астанасының екі адамнан сайланады.

Сенат депутаттарының өкілетті мерзімі алты жыл. Демек. сенаттың сайланатын депутаттарының жартысы әр бір үш жыл сайын қайта сайланып отырады.

Мәжіліс жетпіс жеті депутаттан тұрады және тікелей сайлау негізінде қалптасады. Алпыс жеті депутат Республиканың әкімшілік-аумақтық бөлінісі ескеріле отырып құрылатын және шамамен сайлаушылардың саны тең бір мандатты аумақтық сайлау округтері бойынша сайланады. Он депутат барабар өкілдік өкілдік жүйесі бойынша және біртұтас жалпыұлттық сайлау округінің аумағы бойынша партиялық тізімдер негізінде сайланады. Мәжіліс депутаттарының өкілеттік мерзімі- бес жыл.

Парламенттің құзіреті Қазақстан Республикасының Конституциясымен бекітіледі және Парламент сессияларында, оның Палата органдары мен депутаттарының қызметінде жүзеге асырылады. Контитуция Парламентке заң шығару өкілеттігін жүктейді, сонымен Қазақстан Республикасының 53 бабына сәйкес Палаталардың бірлескен отырысында Парламент:

  • Қазақстан Республикасы Президентінің ұсынысы бойынша Конституцияға өзгертулер мен толықтырулар енгізу құқығына ие;

  • конституциялық заңдар қабылдайды, оларға өзгертулер мен толықтырулар енгізеді.

Заң шығару функциялары тек Парламенттің бірлескен отырысында, сондай- ақ Палаталардың бөлек отырыстарында да жүзеге асады, онда мәселелерді әуелі Мәжілісте, ал содан кейін Сенатта өз кезегімен қарау арқылы Парламент заңдар қабылдайды.

Қазақстан Республикасының Конституциясында Парламенттің заң шығару қызметінің белгілі көлемі бекітілген. Бұл қызметтің құқықтық өрісі Конституцияның 61 бабының 3 тармақшасында нақты көрсетілген.

Өкілеттілігінің келесі тобы республикалық бюджетті бекіту және басқа да қаржы өкілеттіліктері. Алдымен, Палаталардың бөлек отырыстарында, әуелі Мәжілісте, содан кейін Сенатта республикалық бюджетті талқылайды. Содан соң Парламенттің Палаталарының біріккен отырысында бекітеді, және Республикалық бюджетке өзгертулер мен толықтырулар енгізеді.

Палатаның бөлек отырыстарында әуелі Мәжілісте, содан кейін Сенатта өз кезегімен қарау арқылы мемлекеттік салықтар мен алымдарды белгілейді және оларды алып тастайды, ал сонымен мемлекеттік заем және Республиканың экономикалық және басқа да көмек көрсетуі туралы мәселелерді шешеді.

Үкіметтің қызметін бақылау Парламенттің ең маңызды өкілеттілігінің бірі. Бұл келесідей өрнектелген:

    • Президенттің Республика Премьер-Министрін, Республика Ұлттық Банкінің Төрағасын тағайындауға келісім береді;

    • Премьер-Министрдің Үкімет бағдарламасы туралы баяндамасын тыңдап, Баяндаманы мақұлдайды немесе қабылдамай тастайды;

    • Үкіметке сенімсіздік көрсеткенін білдіреді.

Сонмен қоса Сенатта, Президенттің Республиканың Бас Прокурорын және Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасын тағайындауға келісім беру сияқты бақылау функциясы бар.

Әр Палата депуттардың жалпы санының кемінде үштен бірінің бастамасы бойынша Республика Үкімет мүшелерінің өз қызметі мәселелері жөніндегі есептерін тыңдауға және Үкімет мүшесі Республика заңдарын орындамаған жағдайда оны қызметтен босату туралы Республика Президентіне жүгінуге хақылы. Палата депутаттары жалпы санының үштен екісінің көпшілік дауысымен ұсыныс қабылданады.

Мемлекеттік құрылыс саласында Парламент құзыреттері келесідей:

  • соғыс пен бітім мәселесн шешеді;

  • республкалық референдум тағайындау туралы бастам көтереді;

  • Республика Конституциялық Кеңесінің Республикадағы конституциялық заңдылықтың жай-күйі туралы жыл сайынғы жолдауын тыңдайды;

  • қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысының мәселерін шешу тәртбін белгілейді;

  • жергілікті өкілетті органдарды жедел алып тастау туралы мәселесін шешеді;

  • Республика Президентінің келесі сайлауын хабарлау.

25. Қазақстан Республикасының атқарушы билігі

Қазақстан Республикасы Үкіметі Қазақстан Республикасының атқарушы билігін жүзеге асырады.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің құқықтық мәртебесі 1995 жылғы Қазақстан Республикасының Конституциясы және оған 1998 жылы 7 қазанда енгізілген өзгертулер мен толықтырулар, «Қазақстан Республикасы Үкіметі туралы» 1995 жылы 18 желтоқсандағы Конституциялық заңы және оған 1999 жылы 6 мамырда енгізілген өзгертулер мен толықтырулар және басқа да нормативтік актілермен реттеледі.

Үкімет мемлекеттік биліктің ең жоғарғы атқарушы орган болып табылады.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзырына келесілер жатады:

  1. мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясатының, оның қорғаныс қабілетінің, қауіпсіздігінің, қоғамдық тәртіпті қамтамсыз етудің негізгі бағыттарын әзірлейді, және олардың жүзге асырылуын ұйымдастырады;

  2. Парламентке республикалық бюджеті және оның атқарылуы туралы есепті ұсынады, бюджеттің атқарылуын қамтамасыз етеді;

  3. Мәжіліске заң жобаларын енгізеді және заңдардың орындалуын қамтамасыз етеді;

  4. мемлекеттік меншікті басқаруды ұйымдастырады;

  5. Республиканың сыртқы саясатын жүргізу жөнінде шаралар әзірлейді;

  6. министрліктердің, мемлекеттік комитеттердің, өзге де орталық және жергілікті атқарушы органдардың қызметіне басшылық жасайды;

  7. Республиканың министрліктері, мемлекеттік комитеттері, өзге де орталық және жергілікті атқарушы органдардың актілерінің қолданылуын толық не бір бөлігінде жояды немесе тоқтата тұрады;

  8. Үкімет өқұрамын кірмейтін орталық атқарушы органдардың басшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

  9. алынып тасталды;

  10. Констиуциямен, заңдармен және Президент актілерімен өзіне жүктелген өзге де қызметтерді орындайды.

Қазақстан Республикасы Үкіметі құрамына Премьер-Министр, оның орынбасарлары, министрлер және басқа да Қазақстан Республикасының лауазымды тұлғалары жатады.

Үкіметке бағынышты, мемлекеттік биліктің орталық атқарушы органдарына мыналар кіреді:

  1. министрліктер (ішкі істер, сыртқы істер, білім және ғылым, денсаулық сақтау және т.б.);

  2. агенттіктер (кеден бақылау, қаржы полициясы);

  3. ведомсвалар (Жоғарғы аттестациялық комиссия).

Қазақстан Республикасы Президентіне тікелей бағынышты, мемлекеттік биліктің орталық атқарушы органдар (ҚР Прокуратурасы, ҰҚК).

Мемлекеттік биліктің жергілікті атқарушы органдар қатарына әкімшіліктер, аумақтық басқарма және орталық мемлекеттік органдар департаменті кіреді.

26. Қазақстан Республикасының сот билігі.

Сот билігі – Қазақстан Республикасының мемлекеттік билігінің бір тармағы. Сот төрелігі Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес Жоғары сотқа және Қазақстан Республикасының жергілікті соттарына беріледі. Қазақстан Республикасында сот төрелігі тек сотпен жүзеге асырылады, яғни басқа еш қандай органдар, лауазымды тұлғалар сот функциясын өзіне алуға құқығы жоқ. Сот билігі азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғауды, Республикасының Конституциясының, заңдарының, өзге де нормативтік- құқықтық актілерінің, халықаралық шарттарының орындалуын қамтамсыз етеді.

Қазақстан Республикасында сот төрелігін өкілеттілігі конституциялық тәртіпте берілген, кәсіби негізде өз міндеттерін орындайтын судья ғана жүзеге асырады.

Сот билігінің қызметі мен ұйымдастырылуы Конституция мен 2002 жылғы 25 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен соттар мәртебесі туралы» Конституциялық заңда белгіленген.

Сот билігі қызметі мен қалыптасуы келесі қағидалармен құрылады:

судьялардың тағайындалатындығы қағидасы сот лауазымына Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайтынымен өрнектеледі. Қазақстан Республикасы Конституциясының 82 бабына сәйкес, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасының, алқаларының төрағаларын және Жоғарғы Соттың судьяларын Республикалық Жоғарғы Сот Кеңесінің кепілдемесіне негізделген Республика Президентінің ұсынуымен Сенат сайлайды.

судьяларды алмастырмау қағидасы, соттар тұрақты судьялардан тұрады деп анықталған. Олардыңөкілеттілігі тек заңда белгіленген негіздер бойынша ғана тоқтатылуы немесе кідіртілуі мүмкін.

судья лауазымын басқа лауазыммен біріктірумен сыйыспаушылық қағидасы, Констиуцияның 79 бабының 4 тармақшасында «Судьяның қызметі депуттаттық мандатпен, оқытушылық, ғылыми немесе өзге де шығармашылық қызметтерді қоспағанда, өзге де ақы төленетін жұмысты атқарумен, кәсіпкерлікпен айналысумен, коммерциялық ұйымның басшы органының немесе байқаушы кеңесінің құрамына кірумен сыйыспайды» деп көзделген.

судьялдың тәулсіздік қағидасы, азаматтар мен мемлекеттік және басқа да ұйымдардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғауды жүзеге асыруға қабілетті, сот билігінің дербестігі мен беделділігінің ең негізгі шарттарының бірі. Судья сот төрелігін іске асыру кезінде тәуелсіз және Конституция мен заңға бағынады. Кім де кім судьяға күш көрсете алмайды.

Судьяға қолсұқпаушылық қағидасы, тәуелсіздіктің бір шарты болып табылады, ол судьяны тұтқынға алуға, күштеп әкелуге, оған сот тәртібімен белгіленетін әкімшілік жазалау шараларын қолдануға, қылмыстық іс үстінде ұсталған немесе ауыр қылмыс жасаған реттерді қоспағанда, Республика Жоғарғы Сот Кеңесінің қорытындысына негізделген Қазақстан Республика Президентінің келісімінсіз, не Сенаттың келісімінсіз қылмыстық жауапқа тартуға болмайды. Судьяларға қатысты қылмыстық іс тек Қазақстан Республикасының Бас Прокурорының рұқсатымен қозғалады.