Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
lab_omyrt_1179_asyzdar.docx
Скачиваний:
110
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
1.91 Mб
Скачать

Орындайтын тапсырмалар

1. Систематикасымен танысып, альбомға жазып алу.

Систематикасы

Жалпы құрттар типі – Plathelminthes

Тубелляриялар немесе кірпікшелер класы – Turbellaria

Тармақты ішектілер отряды – Tricladida

Өкілі: ақ сұлама – Dendrocoelum lacteum

2. Ылғалды препараттан қол лупаның көмегімен кірпікшелерін, көздерін, ауыз тесігін бақылау.

3. Екі жақты симметриясын дәлелдеңіздер.

4. Түрлі түсті кестеден ақ сұламаның ас қорыту, зәр шығару, жүйке, жыныс жүйелерінің суреттерін салып, құрылыстарын белгілеу.

5. Қайталауға арналған сұрақтарға жауап бере отырып, салған суреттерге талдау жасау.

Қайталауға арналған сұрақтар

1. Ақ сұламаның жеке жүріп тіршілік етуіне қандай бейімделушіліктері бар?

2. Дене жабындысының құрылысы қандай?

3. Паренхима қандай қызмет атқарады?

4. Жүйке және сезу мүшелері қалай ұйымдасқан?

5. Ас қорыту жүйесінде қандай ерекшеліктер бар?

6. Протонефридия деп қандай мүшені айтады? Оның құрылысы қандай?

7. Ақ сұлама қалай көбейеді, дамиды?

8. Ақ сұламаның жүйеде алатын орны қандай?

Келесі сабаққа тапсырма: «Жалпақ құрттар типі, сорғыштар класы» тақырыбы бойынша бауыр және ланцет тәріздес сорғыштардың сипаттамасын оқып келу.

10- сабақ

Тақырыбы: Жалпақ құрттар типі. Сорғыштар класы.

Мақсаты: Бауыр және ланцет тәріздес сорғыштардың жүйелілік жағдайларын, құрлыстары мен даму кезеңдерінің ерекшеліктерімен танысу.

Қажетті құрал-жабдықтар: лупалар, микроскоптар, бауыр және ланцеттер тәріздес сорғыштардың тұрақты препараттары, осы құрттардың ылғалды преператтары, бауыр және ланцеттер тәріздес сорғыштардың даму кезеңдері бар кестелер

Жалпы түсінік

Бауыр сорғыштың денесі бас жағынан конус сияқты қысыңы келген жапырақ тәріздес пішінді болады. Денесінің ұзындығы 20-30 мм, ал жалпақтығы 8-13 мм. Денесінің алдыңғы ұшында ауыз сорғышы, ал одан кейінгі құрсақ жағында-құрсақ сорғышы орналасқан (16-сурет).

16-сурет. Бауыр сорғыштың ішкі құрылысы мен даму сатысы.

1-ауыз сорғышы, 2-ішек, 3-жатын, 4-сарыуыз, 5-тұқым безі, 6-циррус,7-құрсақ сорғышы, 8-жұмыртқа, 9-тұқым жолы, а-ұрық жасушасы бар жұмыртқа, б-жұмыртқа ішіндегі мирацидий, в-мирацидий, г-кіші тоспа ұлуы (аралық иесі), д,е – адолескарийдегі церкарийдің дамуы.

Осы ауыз сорғышы мен құрсақ сорғышының арасында жыныс тесігі орналасқан. Денесінің соңғы ұшында зәр бөліп шығару тесігі болады.

Тері ет-қапшығы кірпікшелі құрттардікіне сәйкес келеді. Негізгі айырмашылығы сорғыштардың денесінің сыртынан кутикуламен емес тегументпен жабылуында. Оның үстіңгі қабатын плазмалық мембрана деп, ал астыңғы қабатын базальдық мембрана деп атайды. Базальдық мембрананың астында сақина салалы, қиғаш және ұзын салалы ет қабаттары болады.

Ас қорыту жүйесі. Ас қорыту жүйесі денесінің алдыңғы ұшындағы ауыз жабысқақ сорғышының ортасында орналасқан ауыздан басталады. Ол жұтқыншаққа, жұтқыншақ өңешке, өңеш ішекке жалғасады. Ішегі тұйық болып бітетін екі ұзын тармақтан тұрады, бұдан көптеген өсінділер шығып, тарамдалған. Аналь тесігі болмайды, қорытылмаған ас қалдықтары қайтадан ауыз арқылы сыртқа шығарылады.

Эндопаразиттік тіршілік етуімен байланысты қан айналу, тыныс алу жүйелері, сезу мүшелері жойылған.

Жүйке жүйесі. Жүйке жүйесі жұтқыншақтың екі бүйірінде орналасқан бір жұп ми ганглиясынан тұрады. Одан алға қарай ауыз сорғыштарын жүйкелендіретін бірнеше жүйке сабақшалар, артқа қарай әдетте үш жұп: арқа, бүйір және құрсақ жүйке сабақтары басқаларынан біршама жақсы жетілген. Арқа, бүйір және құрсақ жүйке сабақтары өзара жүйке комиссулаларымен жалғасып жатады.

Тыныс алу және қан айналу жүйелері болмайды.

Зәр шығару жүйесі. Бауыр сорғыштың зәр шығару мүшесі өте күрделі тармақталған түтікшелерден тұрады. Олар өзара қосыла келіп, денесінің ортасындағы бір ғана каналға жинақталып, денесінің артқы ұшынан сыртқа ашылады. Терминальдық жасушалар бүкіл денесінде бытырап жатады, яғни бауыр сорғыштың зәр шығару жүйесі – протонефридия.

Жыныс жүйесі. Бауыр сорғышы қос жынысты (гермафродитті) ағзалар. Аталық жыныс жүйесі күшті тармақталған бір жұп тұқым бездерінен тұрады. Одан екі тұқым жолы шығып, ол екеуі бауыр жабысқақ сорғышының жоғарғы жағында қосылып, бір тұқым жолына айналып, ол аздап кеңейіп тұқым қалтасын құрайды. Одан кейін жіңішкерген тұқым шапқыш каналға айналады.

Аналық жыныс жүйесі сыңар жұмыртқа безінен, сары уыздан, Мелис денешігінен және жатыннан тұрады. Жұмыртқа безінде жұмыртқа пайда болып, жұмыртқа жолына келеді. Сары уыз безінде қоректік сары уыз жасушалары қалыптасады. Сары уыз безі бауыр сорғышының бүкіл екі бүйірін, артқы бөлігін алып жатқан көлемді без. Оның екі бүйірендегі пайда болған сары уыз жасушалары бүйір каналдарына, одан көлденең каналдар арқылы жұмыртқа жолының ұшының жұмыртқа шығатын жеріне келіп құйылады. Осы жерде жұмыртқаның ұрықтану және жұмыртқаның қалыптасу процесі жүреді.

Ұрықтану кезінде тұқым шашқыш аналық жыныс тесігі арқылы жатынға тұқым жасушаларын жібереді. Ол ары қарай оотипке барған кезде, ол жерге жұмыртқа келіп ұрықтанады. Ұрықтанған жұмыртқа сары уызбен қоршалып, қабығы пайда болып, жатынға түсіп, жатында Мелис денешігінен бөлінетін сұйық оның жыныс тесігіне қарай жылжуына әсер етеді. Осындай жұмыртқалар өт жолымен ұлтабарға, ащы ішек, тоқ ішекке барып, қалдық затымен сыртқа шығып, ары қарай даму үшін суға түсу керек, суға түскен жұмыртқаның қақпағы ашылып, денесі кірпікшелермен жабылған мирацидий дернәсілі шығады. Мирацидийдің алдыңғы ұшында ми ганглиясы, көзшесі және ерекше безі болады. Ондай безден бөлінген зат мирацидийдің аралық иесінің енуіне себепші болады. Аралық иесі кіші тоспа су ұлуы. Оның денесіне түскесін мирацидий әдетте бауырына немесе жыныс безіне барып орналасу керек. Орналасқан соң кірпікшелері, көзшелері жойылып, спороцистаға айналады. Спороциста қозғалмайтын, қалта тәрізді стадиясы, оның ішінде ұрық шарлары жетіліп, партеногенетикалық жолмен редиялар пайда болады. Редия денесі сүйір, аузы, жұтқыншағы, қысқа ортаңғы ішегі бар қозғала алатын дернәсіл. Ол өз тарапынан тағы да редиялар немесе ерекше дернәсілдер церкарийлер түзіледі. Церкарий денесі жұмыртқа пішінді, ми ганглиясы, екі жабысқақ сорғышы, екі тармақты ортаңғы ішегі, зәр шығару мүшесі, жыныс жүйесінің нұсқасы, денесінің артқы ұшында жүзуіне мүмкіндік беретін құйрығы бар дернәсіл.

Церкарий аралық иесінің ағзасынан шығып, суға түскесін құйрығы жойылып, цистамен қоршалып адолескарияға айналады. Олар судың бетінде жүзіп жүреді немесе су өсімдіктеріне бекініп тұрады. Ақырғы иесінің ішіне түсу үшін сумен бірге немесе шөппен бірге ішіне түсу керек. Осындай жолдармен малдың ішіне түссе, ішекке барғасын қабығы еріп, кішкене сорғыш құрт шығып, ішек керегесінен қанға өтіп, қан арқылы бауырға барып орналасып, өсіп ересек құртқа айналады.

Ланцет тәрізді сорғыш құрт. Денесінің ұзындығы 5 – 15 мм, ал жалпақтығы 1,5 – 2,5 мм шамасындай болады. Сорғыштары бір-біріне өте жақын орналасқан. Бауыр сорғышы сияқты үй жануарларының паразиті. Егер бауырда көбейіп кетсе малдың өлімімен аяқталады.

Ас қорыту жүйесі. Аузы эктодермальды жұтқыншақпен, ол өңешпен байланысқан (17-сурет). Эктодермальды ортаңғы ішегі екі тарамдала, денесінің екі шетінде артқа қарай созылып бітеу болып кеткен.

17-сурет. Ланцет тәріздес сорғыш.

1,3 – ауыз және құрсақ сорғыштары, 2 – жұтқыншақ, 4 – тұқым бездері, 5 – тұқым жолы, 6 – жұмыртқа, 7 – тұқым қабылдағыш, 8 – сары уыз, 9 – жұмыртқағы толы жатын.

Қан айналу және тыныс алу жүйелері жоқ.

Жүйке жүйесі жұтқыншақ үстіндегі қос түйіннен және одан артқа кететін ұзына бойына орналасқан жүйке тізбекшесінен тұрады.

Зәр шығару жүйесі протонефридиальды.

Жыныс жүйесі. Ланцет тәрізді сорғыш құрт гермафродитті. Малдың қиымен бірге сыртқа шыққан жұмыртқаларды ұлулар жеп ішіне түсірсе, одан мирацидий дернәсілі шығады. Мирацидий спороцистаға айналады, оның ішінде жаңа спороцисталар, одан кейін церкарийлер пайда болады, церкарийлер шырышқа оралып ұлудың тыныс тесігінен сыртқа шығады. Сыртта олар жинақталып, құрамында бірнеше мың церкарий бар топталған цистаға айналады. Оны екінші аралық иесі құмырсқалар жеп, ішіне барған соң метацеркарийге айналады. Қойлар, ешкілер, басқа үй малдары шөппен бірге ішінде метацеркарийі бар құмырсқаны жеп жұқтырады.

Ланцет тәрізді сорғыш құрттың екі аралық иесі болады: бірінші аралық иесі құрлықтық ұлулар, ал екінші аралық иесі құмырсқалар.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]