Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
lab_omyrt_1179_asyzdar.docx
Скачиваний:
110
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
1.91 Mб
Скачать

Орындайтын тапсырмалар

  1. Систематикасымен танысып, альбомға жазып алу.

Систематикасы

Споралылар типі – Sporozoa

Кокцидия тәрізділер класы – Coccidiomorpha

Кокцидия отряды – Coccidiida

Өкілі: қоян кокцидиясы – Eimeria magna

Қан споралылар отряды – Halmosporidia

Өкілі: безгек плазмодиясы – Plasmodium vivax

  1. Кокциядияның даму кезеңінің эндогенді және экзогенді даму сатыларын тұрақты препараттардан және безгек плазмодиясымен ауырған адамның қанын микроскоп арқылы қарау.

  2. Қоян кокцидиясымен безгек плазмодиясының даму кезеңімен схема бойынша танысу.

  3. Қоян кокцидиясының және безгек плазмодиясының даму кезеңінің суреттерін салып, тиісті белгілерін қою.

  4. Қайталауға арналған сұрақтарға жауап бере отырып, салған суреттеріне талдау жасау.

Қайталауға арналған сұрақтар

  1. Споралылардың даму кезеңіндегі негізгі сатыларын атаңыздар.

  2. Шизогония дегеніміз не? Бұл процестің нәтижесінде қандай жасушалар түзіледі?

  3. Гаметогонияның мәні неде?

  4. Спорогония дегеніміз не?

  5. Кокцидия дамуындағы олардың өмірлік кезеңінде қандай стадиялар экзо- және эндогенді бөліктерге жатады?

  6. Кокцидия мен безгек паразитінің даму кезеңінде қандай айырмашылықтар бар?

Келесі сабаққа тапсырма: «Кірпікшелілер, яғни Инфузориялар типі, Кірпікшелі инфузориялар класы» тақырыбы бойынша инфузория-кебісшенің және балантидияның құрылыстарымен танысып, оқып келу.

6 – сабақ

Тақырыбы: Кірпікшелілер немесе инфузориялар типі-Ciliophora

Мақсаты: Жоғарғы сатыдағы қарапайымдар – инфузория – кебісшенің және паразит балантидияның жүйелік жағдайы мен құрылыстарын білу.

Қажетті құрал – жабдықтар: микроскоптар, өсірілген тірі инфузориялар, жабын және зат әйнектері, тамызғыш, сүзгіш қағаздар, балантидияның тұрақты препараты, түрлі түсті кестелер

Жалпы түсінік

Кірпікшелі инфузориялар тұщы суларда, теңіздерде, планктонды, су түбінде, су өсімдіктерінде немесе теңіз жағасындағы құмның арасында (псаммофильді түрлері) тіршілік етеді. Паразит инфузориялар да кездеседі.

Инфузориялардың көп тараған белгілі түрлерінің біреуі – инфузория кебісше (9 –сурет,А).

А – Инфузория кебісше.

1 – кірпікшелер, 2 – ас қорыту вакуолі, 3 – перистом, 4 – ауыз тесігі, 5 – жұтқыншақ, 6 – қылаулатқыш, 7 – жиырылғыш вакуоль(орталық резервуар және оған алып келгіш каналы), 8 – макронуклеус, 9 – микронуклеус, 10 – трихоцисталар.

Б – Балантидия.

1 – кірпікшелер, 2 – ауыз тесігі, 3 – жұтқыншақ, 4 – ас қорыту вакуолі, 5 – макронуклеус, 6 – қылаулатқыш

Ұзынша сопақтау болып келген, тұщы суларда өздігінен қозғалып жүретін күрделі құрылысты қарапайым жәндік. Денесін кірпікшелер біртегіс жауып тұрады, тек артқы жағында кірпікшелері ұзындау болады. Кірпікшелері қозғалу қызметімен бірге асты ауыз тесігіне жеткізу қызметін де атқарады.

Ауыз ойықтың айналасында толқын тәрізді әрдайым қозғалып тұратын мембранелла орналасқан. Цитоплазмасы эктоплазма және эндоплазмаға бөлінген. Эктоплазма қабаты сыртынан мықты майысқақ пелликуламен қапталынған. Пелликула екі сыртқы және екі ішкі мембранадан құралған. Пелликуланың сыртын алты бұрышты қатар орналасқан құрылым жауып тұрады соған байланысты инфузория денесінің пішіні өзгермейтін тұрақты болып келеді. Пелликуланың астында бір – бірімен ұштасып жатқан фибрилл торы болады – олар тірек қызметін атқарады. Эктоплазма қабатында қорғаныш қызметін атқаратын қысқа таяқшалар – трихоцисталар орналасқан. Олар тітіркенген кезде ұзын серпімді жіпше түрінде сыртқа ашылады.

Инфузория денесінің алдыңғы жағында ауыз ойығы немесе перистомы болады. Перистомның түп жағында ауыз тесігі немесе цитостом орналасқан, ол жұтқыншаққа – цитофаринкске жалғасады. Жұтқыншақ цитоплазмаға ашылады. Инфузориялар ұсақ ағзалармен қоректенеді (бактериялармен, көк – жасыл балдырлармен, ұсақ қарапайымдармен).

Перистом айналасындағы кірпікшелердің қозғалуы нәтижесінде қоректік заттар сумен бірге ауыз тесігіне және жұтқыншаққа түсіп жатады. Жұтқыншақтың түбінде ас қорыту вакуольдері қоректік затқа толып, цитоплазмаға ауысады, Сіңбеген қалдықтарды арнайы тесігі арқылы (қылаулатқыш) шығарып тастайды. Ас қорыту вакуольдерінің құралуы сыртқы температураға байланысты. Қоршаған ортасы неғұрлым жылы болса, вакуольдің түзілуі де тез болады да инфузорияның қоректенуі де жиілейді.

Барлық инфузориялардың жиырылғыш вакуольдері эктоплазма және эндоплазмаларының арасында орналасқан. Олардың қызметі амеба мен талшықтылардың жиырылғыш вакуольдері сияқты үнемі жиырылып, осмос қысымын реттеу, зәр шығару және тыныс алу. Бірақ инфузория вакуольдерінің құрылысы күрделі. Вакуольдерінде орталық резервуар және оны қоршап жатқан жұлдыз тәрізді қосымша вакуольдері болады. Орталық резервуар қосымша вакуольдерімен түтіктер арқылы және қоршаған ортамен арнайы зәр шығаратын тесік арқылы жалғасады.

Цитоплазмадағы артық сұйық заттар қосымша вакуольдеріне жиналып, түтікшелер арқылы орталық вакуольге немесе резервуарға құйылады. Резервуар жиырылады да, сұйықтарды арнайы тесікпен сыртқа шығарады. Кебісшенің алдыңғы мен артқы вакуолі кезектесіп жиырылады.

Цитоплазмада екі ядро орналасқан. Үлкені – макронуклеус және кішісі – микронуклеус. Макронуклеус хроматинге бай, көбеюден басқа денедегі барлық қызметті реттейді, сондықтан да макронуклеус –вегетативті ядро деп аталады. Макронуклеустің ойыс жағында кішкене микронуклеус орналасқан, ол тек қана көбею қызметін атқарады, сондықтан ол –генеративті ядро. Инфузория –кебісше барлық инфузориялар сияқты жыныссыз жолмен көлденең бөлініп, көбейеді.

Жыныссыз жолмен бірнеше рет бөлінген инфузория, енді жынысты жолмен көбеюге көшеді. Жынысты көбею жолы коньюгация деп аталады. Коньюгацияның коопуляциядан айырмашылығы – екі ядроның қосылуы.

Коньюгация кезеңі екі инфузорияның бауыр жағымен бірігуінен басталады. Бұлардың пелликулалары аздап ісінеді, сондықтан инфузориялар бір – біріне тығыз жанасып тұрады. Бұндай инфузорияларды коньюганттар деп атайды (10 – сурет).

10-сурет. Инфузорияның конъюгациясының схемасы.

1 – екі инфузорияның бірігуі, а – макронуклеус, б – микронуклеус, 2 – макронуклеустің және микронуклеустің түйіскен жеріндегі пелликуланың еріп кетуі, 3 – микронуклеустің 4-ке бөлінуі, 4 – аналық (в) стационарлық ядроның және аталық (г) кезеген ядроның пайда болуы, 5 – аталық ядроларының алмасуы, 6 – ұрықтанған ядроның синкарионның (д) пайда болуы, 7 – синкарион түзілгеннен кейін конъюгацияға қатысқан (эксконъюганттар) инфузориялардың ажырауы, 8 – эксконъюганттың бөлінуі нәтижесінде 4 жас инфузориялардың пайда болуы.

Пелликулаларының жанасқан жері еріп, сол жерде цитоплазмалық көпіршік пайда болады. Макронуклеус ядролары да еріп кетеді. Инфузорияның екеуінің де микронуклеусі екі рет бөлінеді, сөйтіп әрқайсысында төрт ядро пайда болады. Олардың үшеуі еріп кетеді, ал қалған төртінші ядро тағы да 2 – ге бөлінеді –біреуі үлкен, екіншісі кішкентай. Бұларды пронуклеус деп атайды. Үлкен пронуклеус аналық ядро, жылжымайтын стационарлық ядро, кіші пронуклеус қозғалуға қабілетті, кезбе – аталық жыныс ядро. Бұдан кейін екі инфузорияның аталық кезбе ядролары цитоплазмалық көпіршік арқылы бір – бірімен алмасады, сөйтіп стационарлық аналық ядросымен қосылады. Бұл процесс кариогамия немесе коньюгация деп аталады. Коньюгация нәтижесінде ұрықтанған синкарион деп аталатын диплоидты ядро құрылады, яғни коньюгацияның соңында әр инфузория синкарионға ие болады. Синкарион түзілгеннен кейін коньюгацияға қатысқан инфузориялар ажырап кетеді. Ажырап кеткен инфузорияларды – эксконьюганттар деп атайды. Енді әрбір эксконьюганттың синкарионы 3 рет бөлінеді. Соның нәтижесінде 8 ядор пайда болады, 8 ядроның үшеуі еріп кетеді, ал қалған 5 ядроның біреуі –микронуклеус, төртеуі макронуклеустер. Бұл жағдайда инфузория тіршілік ете алмайды, сондықтан оның денесі екіге бөлінеді. Макронуклеустер бөлінбей екеуден әрқайсысына өтеді, ал микронуклеус бөлініп екі есе кішірейіп әрқайсысына өтеді. Екіге бөліну арқылы пайда болған инфузориялардың әрқайсысында енді екі макронуклеус және бір микронуклеусы болады. Осындай инфузориялар тағы да екіге бөлінеді. Макронуклеустер бөлінбей әрқайсысына біреуден өтеді, ал микронуклеус тағы да бөлінеді. Тек осыдан кейін әрбір инфузорияда кәдімгі ядро аппараты түзіледі, үлкен макронуклеус және кіші микронуклеус. Сөйтіп коньюгация нәтижесінде екі жанасқан инфузориядан 8 жас инфузориялар пайда болады. Бір эксконьюганттан 4 жас инфузориялар пайда болады.

Инфузориялар коньюгациядан басқа жынысты – автогамия жолымен де дамиды. Автогамия кезеңі коньюгацияға өте ұқсас, бірақ инфузориялар бір – бірімен жанаспай, ядро құбылысы тек қана бір инфузорияда өтеді. Автогамия кезінде бір инфузорияның макронуклеусы ыдырай бастайды да түгел еріп кетеді. Осы кезде микронуклеус 2 рет бөлінеді. Бұл микронуклеустің бөлінуі мейоз жолымен жүреді. Хромосомның жиынтығы гаплоидты болады. Микронуклеустің екі рет бөлінуі нәтижесінде 4 ядро пайда болады. Олардың үшеуі еріп кетеді, ал қалған ядро тағы да бөлініп,екі ядро түзейді: біреуі үлкен, екіншісі кішкентай. Бұларды пронуклеус, яғни жынысты ядро деп атайды. Ұлкен пронуклеус аналық ядро, жылжымайтын, станционарлық ядро, ал кіші –пронуклеус аталық жылжымалы ядро. Аталық ядро осы жерде аналық ядромен қосылып ұрықтанған ядро – синкарион пайда болады. Осы процесті автогамия деп атайды. Инфузорияның синкарионы үш рет бөлінеді. Соның нәтижесінде пайда болған сегіз ядроның коньюгация кезіндегідей, үшеуі еріп кетеді, ал қалған бес ядроның біреуі – микронуклеус, төртеуі – макронуклеустер. Коньюгация кезіндегі сияқты, бұдан кейінгі инфузорияның екі рет бөліну кезінде микронуклеустер бөлінеді, ал макронуклеустер бөлінбей жас инфузорияларға тарап кетеді. Сөйтіп, автогамия нәтижесінде бір инфузориядан төрт жас инфузориялар пайда болады.

Паразиттік инфузория – балантидия. Сопақша пішінді, денесінің соңғы жағы бір немесе бірнеше жерінен қысыңқы және де басқа дөңгелектеу болып келген паразиттік инфузориялардың ішіндегі ең ірісі (30 – 50 мк). Оның денесі ұзындығы әртүрлі кірпікшелермен жабылған. Денесінің қысыңқы ұшында ауыз орналасқан, ол жаусшалы жұтқыншаққа ашылған. Қорытылмаған ас қалдықтары қылаулатқыш (порошица) арқылы сыртқа шығарылады (9 – сурет, Б). Эндоплазмада жиырылғыш вакуольдері мен екі ядро орналасқан.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]