Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
lab_omyrt_1179_asyzdar.docx
Скачиваний:
110
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
1.91 Mб
Скачать

Орындайтын тапсырмалар

  1. Отряд және отряд тармақтарының өкілдерін жүйелеу.

  2. Коллекциялардан отряд және отряд тармақтарының өкілдерін табу.

  3. Анықтағыш кітаптың көмегімен отряд және отряд тармақтарының өкілдерінің түрлерін анықтау.

  4. Әрбір отряд және отряд тармақтарының өкілдерінің пайдалы және зиянды жақтарын талдап айтып беру.

Қайталауға арналған сұрақтар

  1. Инеліктердің ауыз аппараты қандай?

  2. Инеліктер немен қоректенеді?

  3. Біркүндіктер қалай дамиды?

  4. Түзуқанаттылар отрядына қандай бунақденелілер жатады?

  5. Түзуқанаттылар не себептен миграция жасайды?

  6. Мамықжегіштердің паразиттік тіршілігіне байланысты қандай мүшелері болмайды және немен қоректенеді?

  7. Мамықжегіштерді қалай жұқтырып алуға болады?

  8. Биттер тек қана қандай жануарлардың паразиті?

  9. Биттердің жұмыртқасын қалай деп атайды?

  10. Биттердің қандай түрлері болады?

  11. Тең қанаттылар отрядының өкілдерінің ауыз аппараты қандай және қанаттарының құрылысы қандай болып келеді?

  12. Тең қанаттылар отрядының өкілдері қалай көбейеді?

  13. Қандалалар отрядының өкілдері қайда тіршілік етеді?

  14. Қандалалар көпшілігінде қандай өсімдіктердің зиянкестері?

  15. Қандай отряд өкілдерінің қанаттарын элитра деп атайды?

  16. Қоңыздардың ауыз аппараттары қандай?

  17. Қоңыздар қалай көбейеді?

  18. Қоңыздардың қандай пайдалы және зиянды жақтары бар?

  19. Бүргелер қандай паразитке жатады?

  20. Бүргелер қандай жануарларда паразиттік тіршілік етеді?

  21. Бүргелер қандай жұқпалы ауруларды таратушы болып табылады?

  22. Жарғақ қанаттылар отрядының қандай түрлерін білесіздер?

  23. Жарғақ қанаттылардың дернәсілдері қандай болып келеді?

  24. Қауымдасып тіршілік ететін қандай жарғақ қанаттыларды білесіздер?

  25. Жарғақ қанаттылардың биоценозда және халық шаруашылығында қандай маңызы бар?

  26. Атқаратын қызметтеріне қарай аралар қалай бөлінеді?

  27. Көбелектердің негізгі белгісі қандай?

  28. Қабыршақ қанаттылардың құрт тәрізді дернәсілін қалай деп атайды?

  29. Көбелектердің дернәсілдері қандай зиян келтіреді?

  30. Көбелектердің қандай түрінен сапалы жібек алынады?

  31. Көбелектердің қандай зиянды жақтары бар?

  32. Қос қанаттылар отряд өкілдерінің қанаттарының қандай ерекшеліктері бар?

  33. Қос қанаттылардың дернәсілдерінің, қуыршақтарының құрылыстары қандай болып келеді?

  34. Қос қанаттылардың қандай пайдалы және зиянды жақтары бар?

  35. Қос қанаттылар отряды қандай отряд тармақтарына бөлінеді және олардың ерекшеліктері қандай?

Глоссарий Омыртқасыздар зоологиясы

Абиссаль – мұхиттың тереңдігі 2000 метрден астам құндағы.

Аборальды жүйке жүйесі – теңіз жұлдызының жүйке сақинасынан таралған бес жүйе.Абораль жағы – ауызға қарама – қарсы жақ.

Автогамия -1.Төменгі сатыдағы ағзалардың бір аналық жасушадағы екі ядросы қосылуынан жаңа ұрпақтың өсіп-жетілу құбылысы. 2.Қос жынысты жәндіктердің өзін-өзі ұрықтандыруы

Автотрофты ағзалар - өзінің тіршілігіне қажетті органикалық заттарды органикалық емес заттардан синтездеп жасап алатын ағзалар.

Агамия – жыныстың болмауы. Ұрықтанусыз көбейетін жануарлар.

Агамонт – тікелей бөліну және бүршіктену немесе өте көп жасуша түзу ағзалардың жыныссыз бөлініп көбеюі.

Адаптация - бейімделу. Ағза құрылысының және атқаратын қызметінің тіршілік жағдайына байланысты бейімделуі.

Адолескария – кейбір сорғыш құрттардың даму кезіндегі соңғы дернәсіл сатысы (мысалы: бауыр сорғыштың)

Акарцид – зиянды кенелерді жою үшін пайдаланатын химиялық зат.

Акарология – зоологияның кенелерді зерттейтін саласы.

Акрон – полихет простомиумына тең шаянтәрізділердің және бунақденелілердің басындағы алдыңғы бунақ.

Аксоподиялар –радиальды түрде орналасқан тура жалғанаяқтар.

Актинула – ішекқуыстыларға жататын кейбір қармалауыштары бар гидроидты полиптердің еркін жүзе алатын дернәсілі.

Амебиаз – шектің кілегейлі қабатының жарақаттануы және ас қорыту жүйесі жұмысының бұзылуы (дизентериялық амеба туғызатын ауру).

Анабиоз – ағзаның қолайсыз жағдайда тіршілік әрекеттерінің баяулауы.

Анаболизм – тірі ағзаның қоршаған ортадан әр түрлі қоректік заттарды қабылдап алып, оны өз бойына сіңіру құбылысы.

Антеннулалар – шаянтәрізділер мұртшаларының бірінші жұбы.

Антенна – 1.Шаянтәрізділердің мұртшаларының екінші жұбы. 2.Бунақденелілердің мұртшалары. 3.Буылтық құрттардың қармалауыштары.

Антеннальды бездер - шаянтәрізділердің зәр шығару қызметін атқаратын бездер.

Антигельминттер – ағза денесінен паразит құрттарды (ішек құрттарды) қуып шығуға пайдаланатын дәрілік заттар.

Антомедузалар – пішіні қоңырауға ұқсас, жарық сезу мүшесі (көзшелері) бар, бірақ тепе-теңдік мүшелері жоқ медузалар.

Антогонизм – ағзалар арасындағы тіршілік қайшылығы.

Апиозмоз – кірпікшелі кебісше арқылы тұқымда пайда болатын паразитті ауру.

Арахноз – тоғышарлық тіршілік ететін улы өрмекші тәрізділер қоздыратын жануарлар кеселі.

Арахнология – зоология ғылымының өрмекшілерді зерттейтін саласы.

Ароморфоз-ағзаның негізгі мүшелерінің құрылысын күрделендіруге апаратын эволюциялық процесс.

Атолл – маржанды арал, маржанмен шеңберленген және теңіз деңгейінен биікте болатын су қоймасы.

Базиподит – кейбір шаянтәрізділердің көкірек аяғының екінші бунағы.

Балантидий коли – адамның тоқ ішегінде тіршілік ететін паразитті кебісше (колит ауруын туғызады).

Бентос – судың түбінде тіршілік ететін ағзалар тобы.

Бентофагтар-су түбіндегі ағзалармен қоректенетін жануарлар.

Билатеральдық қызмет атқару – екі жақты қызмет атқару. Мысалы, ақ планарияның ауыз арқылы асты жұтуы және қорытылмаған ас қалдықтарын шығаруы.

Биологиялық регресс – түрдің жойылуына жеткізетін ағзалар өзгерісі.

Биотоп – абиотикалық жағдайлары ұқсас биосфераның су қоймасымен, жер бетімен және жер асты бөліктерімен шектелген бір бөлігі

Бластоцель – бластула сатысында көпжасушалы ағза ұрығында түзілетін алғашқы қуыс.

Бластула – көпжасушалы жануарлар ұрығының бір қабатты іші қуыс шар тәрізді болып даму сатысы.

Ботрия – кейбір таспа құрттардың бас бөлігінде болатын сорғыш саңылау.

Вакуоль – протоплазманың жасуша шырыны толған бөлігі. Атқаратын қызметтері: ас қорыту, зәр шығару, осмостық қысымды реттеу.

Велигер – моллюскалардың түрі өзгерген трохофорлық дернәсілі.

Гамета – хромосомалардың жартылай жиынтығынан тұратын аналық және аталық жыныс жасушасы.

Гамонт – қарапайымдардың бір ядролы даму кезеңі. Гамонттардан бөліну нәтижесінде гаметалар пайда болады.

Гаметогония – қарапайымдылардың жынысты көбеюі.

Гаметоциттер – қарапайымдылардың пісіп жетілмеген жыныс дарақтары.

Гельминтология – паразитті құрттарды олар туғызатын ауруларды және олармен күрес жолдарын зерттейтін зоология саласы.

Гельминттер –паразит (тоғышар) құрттар.

Гемолимфа – буынаяқтылардың алғашқы және қайталама қуыстың қосылу нәтижесінде пайда болған ішкі ортаны толтыратын сұйық ұлпа.

Гермафродит – қос жынысты ағза.

Гиподерма – кутикуланың астында орналасқан эктордермальды жапқыш эпителий.

Гистогенез – ұрықтың жапырақшаларының ұлпаларға бөлініп жекешеленуі.

Глохидиялар – айқұлақтың және кәдімгі меруерттің қосбақалшақты дернәсілдері

Дегенерация – қасиетсіздену. Ағза қасиеттерінің бұзылуы, оның бейімделу, көбею және төзімділік қасиеттерінің нашарлауы.

Дегельминтация – адам және жануарлар ағзаларынан ішек құрттарды жою шаралары.

Дейтомерит – грегарина денесінің ядросы бар бөлігі.

Диапауза – ағза дамуының белгілі бір кезінде дернәсілдік немесе қуыршақ сатысында аялдауы, жылдың дамуға қолайсыз кезеңінен өту құбылысы.

Дизентерия – қанды колит. Қозыда, шошқада дизентерия амебасы тудыратын жұқпалы кесел.

Дистрофия – ағзада зат алмасудың бұзылуы салдарынан мүшелер құрылысының және қызметінің бұзылып өзгеруі.

Желбезектер – 1.Су жануарларының тыныс алу мүшелері. 2.Астыңғы жақ сүйектің шығыңқы бөлігінің мойынға ұштасқан жері.

Жыныстық диморфизм – аталық және аналық особьтарының морфологиялық ажырату белгілері.

Зигота – аталық және аналық жасушалардың қосылуы нәтижесінде түзілетін диплоидты жасуша.

Зооантропоноз – адам мен жануарларға ортақ жұқпалы ауру.

Зообентос – теңіздер мен тұщы су қоймаларының түбінде тіршілік ететін жануарлар.

Зооидтар – қауымды (колониальды) тіршілік ететін жануарлардың жеке дарағы.

Зоомасса – белгілі бір табиғи ортадағы жануарлардың биомассасының жиынтығы.

Зооноздар – жануарлар ағзаларында паразиттік тіршілік ететін жәндіктер туғызатын аурулар тобы.

Зооспора – кірпікшелі спора. Төменгі сатыдағы жануарларда болатын споралар.

Зоофаг – тек жануарлармен қоректенетін бунақденелілер.

Идиоадаптация – тіршілік ету жағдайының өзгеруіне байланысты ағзалардың эволюция барысында өзгеруі.

Идиотип – ағзадағы тұқым қуалайтын белгілердің жиынтығы.

Изогамия – гаметалар тепе-теңдігі, яғни аталық және аналық гаметалар біркелкі генотип комбинациялар береді. Гаметалардың тек қана биохимиялық деңгейде айырмашылықтары байқалады.

Изогамета - өзара қосылып, бірін – бірі ұрықтандыратын, пішіндері ұқсас, қозғалғыш жыныс жасушалары.

Имаго – бунақденелілердің ең соңғы ересек күйге айналып, жеке дамуы, бұл сатыда олардың қанаты жетіліп, көбеюге бейімділігі қалыптасады.

Инсектарий – ауыл шаруашылығы зиянкестеріне қарсы қолданылатын насекомдарды өсіретін үй.

Карантин – паразиттердің өнуінен сақтандыратын шаралар жүйесі.

Кеміріп жалағыш ауыз – төменгі жақтарымен және төменгі ұзын ернімен (бал арасы, жабайы аралар т.б.) гүл шырынын жалап соруға, икемделген ауыз мүшелері бар бунақденелілер.

Кокцидиоз – құртамыштар (кокцидиялар) әрекетінен пайда болатын ауру (мысалы: үй қояны, құс және т.б. жануарлар ауырады)

Колониальды (қауымды) ағазалар – жыныссыз көбею кезінде пайда болған жас дарақтар аналық ағзадан ажыраспай бірге тіршілік ететін бір түрлі ағзалардың күрделі бірлестігі, мұндай бірлестік губкаларда, ішекқуыстыларда байқалады.

Колорад қоңызы - өте қауіпті және кең тараған картоп зиянкесі, оның жапырақтарымен ересек бунақденелілер және оның дернәсілі де қоректенеді.

Комиссуралар – бір сегменттегі түйіндерді бір-бірімен жалғастырып тұратын көлденең байланыстырғыш.

Коньгация – кейбір ағзалардың мысалы, кебісшелердің екі дарағының қосылып, ядролық мүшесі мен цитоплазманың бір – бірімен араласуы.

Копуляция – екі дарақтың жыныстық қатнасы, қарапайым ағзалардың екі жыныс жасушасының (гаметаларының) қосылуы.

Копфак – қимен қоректенетін бунақденелілер.

Корацидий – денесін кірпікшелер жапқан, жалпақ құрттардың кейбіреулерінде болатын жұмыртқадан шыққаннан кейінгі дернәсіл сатысы.

Креноз – мамық жүнді аңдардың жұмыр құрттар қоздыратын инвазиялық кеселі.

Кутикула – жануарлардың эпителий жасушаларынан бөлінетін тығыз қабықша, ол әсіресе жәндіктердің денесін қаптап жатады.

Күйсеуік (мандибула) – бунақденелілер аузындағы төменгі жақ.

Күйттеу кезеңі - көбею маусымының басталуы.

Қайталама қуысты жануарлар – буылтық құрттар, буынаяқтылар, былқылдақденелілер, тікентерілер де болатын қайталама қуыс.

Қалақай жасушалар – гидраның атпа жасушалары, қорғаныш қызметін атқарады және қоректенуіне көмек етеді.

Қосқабатты жануарлар – денесі екі қабатты жасушалардан: эктодерма және энтродерма қабатынан тұратын жәндіктер. Бұларға губкалар, ішекқуыстылар жатады.

Қуыршақ-бунақденелілердің толық түрленіп көбеюі кезіндегі қозғалмайтын және қоректенбейтін кезеңдерінің бірі. Қуыршақтан ересек бунақденелілер дамып шығады.

Құрсақ жүйке тізбегі – буылтық құрттарда болатын, бүкіл денесімен бойлаған құрсақ жүйке саласы.

Лейшмания - адам мен жануарларда әр түрлі аурулар туғызатын жасушаішілік қарапайым талшықты паразит.

Лигамент – қосжақтаулы моллюскалардың бақалшағының жақтауларын қосатын бұлшық ет шоғыры.

Макрогамета –үлкен аналық жасуша (немесе біржасушалылар дарағы).

Макронуклеус – кебісшенің ірі ядросы.

Максилла – буынаяқтылардың бас бөліміндегі үстіңгі жақтары (бірінші және екінші максилла).

Малярия (безгек) – безгек плазмодиясы қоздыратын адам ауруы (таратушысы –анофелес туыстарына жататын маса).

Маржандар – судың саяз жеріне қоныстанып, маржан рифтерін құрайтын қауымды полиптер.

Марита – жыныстық түрде жетілген, ішекте немесе басқа мүшелерде болатын, ұлпаларда паразиттк тіршілік ететін сорғыш құрттың ересек түрі.

Медуза –ішекқуыстылар типінің су қабаттарында тіршілік ететін планктондық түрі.

Мезоглея – губка және ішекқуыстылар типінің денесінің сыртқы және ішкі жасушалы қабаттары аралығына орналасқан құрылымсыз қоймалжың зат.

Мерозоиттар – шизогония нәтижесінде пайда болған жасушалық еркін қозғалатын жас дарақ

Меруерт – ұлудың қабаты, бақалшақтың арасына кездейсоқ түскен құм түйіршігінің жан-жағынан қоршап алу нәтижесінен пайда болған жылтыраған түйіршік зат (ағзаға енген бөгде затты оқшаулау-қорғаныш тәсілі).

Метагенез – жануарларда жынысты ұрпақ пен жыныссыз ұрпақтың кезектесіп көбею формасы (мысалы, кейбір омыртқасыз жануарларда – губка, ішекқуыстылар типінде және көптеген құрттарда метагенез жиі байқалады).

Метаморфоз – дамудың бір сатысынан екінше сатысына кенет өзгеруі (мысалы, бунақдене дернәсілінің қуыршаққа, қуыршақтың ересек бунақденеге айналуы).

Метанефридия – құрттар, моллюскалар және кейбір буынаяқтылардың түтікше пішінді зәр шығару мүшесі.

Микрогаметалар – кішкене және өте шапшаң қозғалатын аталық жыныс жасушалар.

Мимикрия – қорғаныш рең, жануардың бір түрінің реңі мен пішіні басқа жануарға ұқсас болатын, сол түр үшін пайдалы рең.

Монофагия – ағзалардың бір түрлі азықпен қоректенуі.

Морула – көпжасушалы жануарлар ұрығының даму сатысы.

Мюллер дернәсілі – кейбір теңіз кірпікшелі құрттарының (турбеллярия) еркін жүзетін дернәсілдері.

Науплиус – бір ғана көзі бар, үш жұп аяғының екеуі тармақталған шаянтәрізділердің алғашқы дернәсілдік фазасы.

Нектон – терең су қабатында жүзетін жануарлар.

Нимфа – бунақденелер ұрпағы өсіп-жетілуінің соңғы кезеңі.

Олигомеризация – эволюция барысында, бір қызмет атқаратын сегменттердің азаюы.

Онкосфера – алты қармақшасы бар таспа құрттардың жұмыртқадан дамыған дернәсіл

Онтогенез – ағзаның өлгеніне дейінгі ұрықтан бастап жеке дамуы.

Онхоцеркоз –жануарлардың жұмыр құрттар тудыратын инвазиялық кеселі.

Остия – жүрек маңындағы тесіктер.

Паразитология – биологияның тоғышар (паразит) ағзаларды зерттейтін саласы.

Паразит (тоғышар) – басқа ағзадан қорек алып, тіршілік етеін зиянды ағза.

Перикардия – жүрек маңы қапшығы.

Планула – ішекқуыстылардың екі қабатты дернәсілі.

Плероцеркоид – кейбір таспа құрттардың дернәсілдері. Екінші аралық иесінің ағзасында дамиды.

Пілде (піллә) – кейбір бунақденелердің (көбелектің) қуыршағын, кейбір жәндіктердің (жауын құрты, өрмекші) жұмыртқаларын қаптайтын құндау. Оны жәндіктер арнайы бездерден бөліп шығарады.

Полип – ішекқуыстылардың бекініп тіршілік ететін түрі.

Протонефридиялар –кейбір буылтық, жалпақ және жұмыр құрттардың, немертиндердің зәр шығару және осмостық қысымды реттеу мүшелері.

Протозоология – зоологияның бір жасушалы қарапайым жәндіктерді зерттейтін саласы.

Рабдиттер – кірпікшелі құрттардың қабатында кездесетін, қорғану қызметін атқаратын жылтыр таяқша тәрізді құрылымдар.

Редия – сорғыштардың екінші дернәсілдік кезеңі.

Сәулелі симметрия – гидраның немесе басқа жәндіктердің дене бөліктерінің жарық көзінен таралған сәулелердей орналасуы.

Синкарион – екі жыныстық ядроның ұрықтану кезіндегі қосылуы.

Спорогония – цистаның ішіндегі зиготаның редукциялық түрде бөлінуі және спорозоиттардың пайда болуы. Споралылардың дамуында байқалады.

Статоцисталар – қосжақтаулылардың аяғында болатын тепе-теңдік мүшесі.

Сірке – биттің жұмыртқасы.

Толық түрленіп даму – бунақденелілердің төрт саты арқылы дамуы: жұмыртқа, дернәсіл, қуыршақ, ересек бунақдене (қоңыздар, бүргелер, көбелектер, масалар, шыбындар, бал ара, құмырсқалар т.б.)

Трохофора – көп қылтандылардың, моллюскалардың дернәсілдері.

Трематодоз –тоғышар құрт қоздыратын инвазиялық кесел, Онымен жануар да, адам да ауырады.

Трихомоноз – зиянкес қарапайым жәндіктер қоздыратын инвазиялық кесел. Онымен әсіресе ірі қара көп ауырады.

Трихоцисталар – кебісшелерде кездесетін қабықша астындағы атпа жіптер.

Тіршілік кезеңі (циклі) - өсімдік немесе жануардың зиготадан бастап (алғашқы даму бастамасынан) тіршілігін жоюға дейінгі аралықтағы мерзімі.

Фагоцитоз – жануарлар ағзасының аурудан, бөгде заттардан қорғану қасиетінің бір көрінісі.

Филогенез - тірі материяның тарихи дамуы, органикалық әлемнің, систематикалық топтардың, мүшелердің тарихи даму кезеңі.

Финна, финка – таспа құрттардың онкосферадан дамитын дернәсілі, ішінді басы мен мойны бар, мөлшері ас бұршақтай, көпіршекке айналған түрі.

Фитофаг – ағаш сүрегімен, гүл шірнесімен қоректенетін буақденелер.

Хемотаксис – кебісшелердің химиялық тітіркендіргіштерге қарай қозғалуы немесе алшақтауы.

Целом – мезодермадан пайда болатын дененің қайталама қуысы. Ағзаның ішкі орта эвлюциясының прогрессивті кезеңі.

Ценур – таспа құрттардың финна дернәсілінің бір түрі. Басқа финналарға қарағанда, бір көбікшеде бірнеше басы болады.

Циста – біржасушалы және көпжасушалы жануарлардың уақытша тығыз қабықшамен қапталған тіршілік формасы.

Цитостом – кебісшенің жасушалық аузы.

Цитофаринкс – кебісшелердің жасушалық жұтқыншағы.

Шала түрленіп даму –бунақденелілердің үш саты арқылы дамуы;жұмыртқа, дернәсіл, ересек бунақдене (имаго).

Шаншар – кейбір жарғақ қанаттылардың қорғану және шабылдау мүшесі.

Шаншарлар – жарғақ қанаттырлар отрядына жататын дернәсілдері басқа бунақденелердің денесінде тіршілік ететін түрлері.

Шапанша – былқылдақденелілер бақалшағын астарлай орналасқан, бақалшақтың зат бөлетін тері қатпаршағы.

Шапанша қуысы – былқылдақденелілердің денесі мен шапанша аралығындағы қуыс.

Шизогония – қарапайымдардың жыныссыз түрде көбеюі. Ядро мен плазма бірнеше жас дарақтарға бөлінеді. Шизогония фораминифераларда, радиолярияларда, споралыларды және қарапайымдарда кең тараған.

Шизонт – жасушаның шизогонияға дайындық кезеңі ядроның бөлшектенуімен сипатталады.

Шіркей – үйір-үйір болып ауада ұшып жүретін өте ұсақ қос қанатты бунақдене.

Эктодерма – көпжасушалы жануарлардың сыртқы ұрық қабаты.

Эктопаразит – дене сыртында паразит түрінде тіршілік ететін ағзалар (биттер, кенелердің көпшлігі).

Экзоподит – шаян тәрізділердің аяғының сыртқы бөлігі.

Эмбриогенез – жануарлардың зиготадан басталып жұмыртқадан шыққанға дейінгі дамуы.

Эндоподит – шаянтәрізділердің аяғының ішкі ескегі.

Эндопаразит – иесінің ішінде тоғышар түрінде тіршілік ететін ағзалар (гельминттер,безгек плазмодиі).

Эндемик – белгілі бір географиялық аймақта ғана кездесетін жануарлар.

Энтомология – төменгі сатыдағы жәндіктер мен бунақденелілерді зерттейтін зоология ғылымының бір саласы.

Энтофаг – бунақденелілермен қоректенетін жануарлар.

Эпизоотия (індет жайлау) – жануарларда жұқпалы аурулардың қалыптан тыс таралып, ұлғайып кету құбылысы.

Эхинококкоз – мал ауруының бір түрі. Жеке ұлпалардың беріштеніп қатаюы, ішке, кеудеге, жатырға су жиналу кеселі. Бұл ауруды эхинококк деп аталытын таспа құрт қоздырады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]