Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
lab_omyrt_1179_asyzdar.docx
Скачиваний:
110
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
1.91 Mб
Скачать

Орындайтын тапсырмалар

1. Систематикасымен тансып, оны албомға жазып алу.

Жүйесі

Жұмыр құрттар типі-Nemаthelminthes

Нағыз жұмыр құрттар класы-Nematoda

Аскаридалар отряды-Ascarididea

Өкілі: жылқы аскаридасы-Parascaris equorum

Острицалар отряды-Oxyurata

Өкілі: балалар острицасы-Enterobius vermicularis

2. Аскариданың ылғалды препаратынан қол лупасының көмегімен жыныстық диморфизімін анықтап, ерін төмпешігін табу.

3. Аскариданың денесінің көлденең кесіндісінің тұрақты препаратын микроскоптың кіші ұлғайтқышымен қарап, қандай мүшелерінің көлденең кесінділері көрініп тұрғандығын анықтау.

4. Аскариданің (аталығы мен аналығының) сыртқы көрінісін және ішкі мушелерінің жалпы орналасу ретінің суреттерін салып, тисті белгілерін қою.

5. Острицаның тұрақты микропрепаратын микроскоптың кіші ұлғайтқышымен қарап, қандай мүшелерінің көрініп тұрғанын анықтау.

6. Қайталауға арналған сұрақтарға жауап бере отырып, салған суреттеріне талдау жасау.

Қайталауға арнаған сұрақтар

1. Аскариданың тері-ет қапшығы қандай құрлысты болып келеді?

2. Ас қорыту мүшелері қандай бөлімдерден тұрады? Ас қайда, қалай қортылады? Немен қоректенеді?

3. Орталық жүйке жүйесін қандай мүшелер құрайды?

4.Сезім мушелері қалай дамыған?

5.Зәр шығару жүйесінің құрылысы қандай?

6. Аскариданың жыныс диморфизімін қалай ажыратуға болады?

7. Аналық, аталық жыныс жүйелері қандай мүшелерден құралған?

8. Аскариданың ұрықтанған жұмыртқасы қалай дамиды?

9. Острицалардың құрылысы қандай болып келеді және қалай дамиды?

10. Острицалардан қалай арылуға болады?

Келесі сабаққа тапсырма:”Буылтық құрттар типі. Көп қылтанды құрттар класы” тақырыбы бойынша дайындалып келу.

15- caбақ

Тақырыбы. Буылтық құрттар типі. Көп қылтанды құрттар класы.

Мақсаты: Нереида мен құмқазардың құрылыстарындағы ерекшеліктерімен танысу.

Қажетті құрал- жабдықтар: нереида мен құмқазардың ылғалды препараттары, қол лупалары және түрлі түсті кестелер.

Жалпы түсінік

Нереида теңіз түбіндегі ылайларды қазып тіршілік етеді. Денесі көптеген (26-сурет) сегменттерден тұрады, құрсақ жағына қарағанда арқа жағы дөңестеу болып келеді.

26-сурет. Нереида.

1-бас бөлімі, 2-параподиялары бар дене сегменті, 3-аналь бөлігі, 4-аналь қылтаны.

Денесі үш бөлімнен тұрады: бас, тұлға және аналь.Бас бөлімі екі бөліктен тұрады-ауызалды және ауыз (27-сурет). Ауызалды бөлігі - үшбұрышты болып келген бас қалағынан немесе простомиумнан тұрады, онда бір жұп қармалағыштары немесе антенналары болады. Бас қалағының екі жағында бір жұп пальпалары орналасқан. Антенналары және пальпалары - сезім мүшелері. Ауызалды бөлімінің арқа жағында екі жұп көздері бар. Бас бөлімінің ауыз бөлігі-перистомиумда-төрт жұп жіңішке мұртшалары немесе цирралары болады.

Бас бөлімінен кейінгі тұлға бөлімінде құрылыстары бірдей болып келетін көптеген тұлға сегменттері болады, сондықтан оларды гомономды сегменттер деп атайды. Әрбір тұлға сегментінде аяқтың қызметін атқаратын бір жұп параподийлері болады. Тұлғасының артқы бөлігіндегі сегменттері кішірек болып келеді.

27-сурет. Нереида денесінің бас бөлімі.

1-простомиум, 2-антенна, 3-пальпа, 4-көзі, 5-перистомиум, 6-цирра, 7- параподииі (дене сегментінде).

Аналь бөлімінде конус тәрізді аналь қалақшасы - пигидиум деп аталады, бұнда бүйірлерінде бір жұп аналь қылтандары бар аналь тесігі болады.

Параподийлері (28-сурет) негізгі бөлімнен және арқа, құрсақ тармақтарынан тұрады. Әр тармағында бір-бірден мұртшалары және шоқ қылтандары болса, құрсақ тармағында екі шоқ қылтандары болады. Осы шоқ қылтандарының ішінде тұлға сегментінің ішкі жағына қарай еніп тұратын тірек қылтандары болады.

Құмқазар теңіз түбіндегі тұнбадан немесе құмнан ін қазып тішілік етеді. Денесі созылыңқы, үлкенді-кішілі жіңішке келген сегменттерден тұрады. Бас бөлімінің алдыңғы сегменті простомиум, ал одан кейінгі екі сегменті перистомиум болып табылады. Бас бөлімінде нереиданың бас бөліміндегідей қосымша бөліктері болмайды. Құмқазардың ауыз тесігінен ас қорыту жүйесінің буккальды деп аталатын бөлімі қайырылып шығып тұрады, одан кейін жұтқыншағы кетедҚұмқазардың дене сегменттері гетерономды сегменттер деп аталады. Денесі үш бөлімге бөлінеді (29-сурет). Денесінің бірінші бөлімі 6 сегменттен тұрады, онда параподийлері болады. Арқа жағының параподийлерінде қысқа шоқ қылтандары болады, ал құрсақ жағының параподийлері етті болып келеді.

Денесінің екінші бөлімі 13 сегменттен тұрады, сегменттерінде параподийлері және желбезектері болады. Параподийлерінің құрылысы денесінің бірінші бөлімінің параподийлерінің құрылысына ұқсас болып келеді. Желбезектері шоқ болып, арқа параподийінің арт жағында орналасқан. Тірі құмқазарлардың желбезектері қызыл түсті, өйткені оларға қан тамырлары келіп тұрады.

Денесінің үшінші бөлімі - құйрық. Бұл бөлімінде қосалқы мүшелері болмайды, аналь тесігі болады. Құйрық бөлімінде автогамия (өздігінен лақтырып тастау) және регенерациялық қабілеттері байқалады.

28-сурет. Нереида параподииі

1-негізгі параподий, 2-параподийдің арқа тармағы (өсіндісі), 3-арқа мұртшасы, 4-параподийдің құрсақ тармағы (өсіндісі), 5-құрсақ мұртшасы, 6-қылтан шоқтары, 7-тірек қылтандары.

Жоғарыда көрсетілгендер нереида мен құмқазардың сыртқы құрылыстары, ал ішкі құрылыстарындағы жүйелерінің ерекшеліктері және көбеюі көп қылтанды құрттардың сипаттамасына сәйкес келеді.

Дене жабындысы. Көп қылтанды құрттардың денесі өзінен жұқа кутикула қабатын бөліп шығаратын бір қабатты эпителиймен жабылған. Эпителийдің қылтаны, шырыш бөліп шығаратын бездері көп болады. Эпителийдің астында сақина салалы, оның астында ұзын салалы ет қабаттары болады. Бірақ ұзын салалы ет денені тұтас жауып жатпай төрт таспа түрінде-екеуі арқа жағында, екеуі құрсақ жағында орналасады. Сонымен қатар қылтандарын қозғалысқа келтіретін ет шоқтары, бір ұшы арқасында екінші ұшы құрсақ бөліміне келетін қиғаш дорзо- вентральдық ет шоқтары болады.

Дене қуысы екінші қуыс, немесе целом, бұнда дене сұйықтығы және ішкі мүшелер (зәр шығару, жыныс мүшелері т.б.) орналасқан. Алғашқы дене қуысы бластоцельден айырмашылығы дене сұйықтығын қоршап тұрған ұлпалар мен мүшелерден бөліп тұратын ерекше целомдық немесе перитонеальдық эпителиймен астарланған. Екінші ерекшелігі әрбір дене сегментіндегі (сақиналарындағы) қуыстар бірінен - бірі перделермен (септалармен) бөлінген. Осындай көлденең перделердің ортасынан ішек өтеді де, оның үстіңгі және астыңғы жағында арқа және құрсақ қан тамырлары орналасады.

Целомның қызметі әр алуан, алдымен ол тірек қызметін атқарады. Құрамы суға жақын целомды сұйықтық денені еш уақытта қабыстырмайды; тері-бұлшық ет қапшығы жиырылғанда дененің қабырғасы целомды сұйықтықты қысады да бүкіл дене серпімді қалыпқа келеді. Дене созылғанда, жиырылғанда, ін қазғанда

29-сурет. Құмқазар.

Жалпы көрінісі (сол жағында) және қылтанды сегменті: 1-простомиум, 2-перистомиум, 3-сыртқа шығып тұрған буккальды бөлімі, 4-параподийдің арқа тармағы, 5-параподийдің құрсақ тармағы, 6-желбезектері, 7- қылтанды

шоқтары, 8-денесінің оныншы сегменті, 9-оныншы сегментінің екі соңғы сақинасы: I-параподийлері бар дене бөлімі, II-параподийлері және желбезектері бар дене бөлімі, III- құйрық бөлімі.

және басқа түрлі қозғалыстар кезінде целомды сұйықтықтың бірталай мөлшері дененің бір бөлімінен екіншісіне ауысып құйылып отырады. Целом тағы да зәр шығару, жыныс және тарату қызметтерін атқарады. Целомда сұйық және қатты экскреттер-зат алмасу өнімдері жиналады, жыныс жасушалары-спермийлер мен жұмыртқалар пісіп жетіледі. Целомға ішектен қоректік заттар түсіп бүкіл ағзаға таралады.

Ас қорыту жүйесі-үш бөлімнен тұрады: эктодермалық алдыңғы, энтодермалық ортаңғы және эктодермалық артқы ішек. Алдыңғы бөліміне жұтқыншақ, өңеш жатады да, жұтқыншаққа бір жұп сілекей безінің жолы ашылады. Ортаңғы ішегі түзу түтік түрінде көлденең перделердің - диссепименттердің ортасынан өтіп, қысқа артқы ішекпен аяқталады.

Тыныс алу жүйесі- параподияларының арқа жағындағы қалақшасында орналасқан желбезектен тұрады. Желбезегінде суда еріген оттегі мен қандағы көмірқышқыл газы алмасатын өте ұсақ қан тамырлары болады. Сонымен қатар қан тамырларының қалың торлары болатын терісі де тыныс алуға қатысады.

Қан айналу жүйесі-арқа және құрсақ қан тамырларынан тұрады. Қан айналу жүйесі тұйық. Арқа және құрсақ қан тамырлары өзара ішектерді қоршап жатқан сақина тәрізді қан тамырларымен жалғасқан. Олардан желбезектеріне, теріге, параподийларына, зәр шығару мүшелеріне және ішекке қан тамырлары кетеді. Арқа қан тамырының керегесі жиырылғыш келеді. Ол жиырылған кезде қан алға-басқа қарай, сақина тәрізді қан тамырлары арқылы құрсақ тамырына, ал құрсақ қан тамырының бойымен артқа қарай жүреді. Сол сияқты қан айналуына дененің толқын тәрізді қимылы да себепші болады.

Көп қылтанды құрттардың қаны плазмадан және жасушалық элементтерден-гемоциттерден тұрады. Қан плазмасында қанға қызыл түс беретін гемоглабин сияқты зат болады. Кейбір түрінің қанында жасыл пигмент хлорокруорин болғандықтан қаны жасыл түсті болады.

Нерв жүйесі-жұтқыншақ үстіндегі ганглиядан немесе мидан тұрады. Мидан жұтқыншақ айналасындағы жүйке сақинасын құрайды. Жүйке сақинасынан бүкіл денесін бойлап бір жұп жүйке сабағы кетеді.

Жүйке сабағында көлденең комиссуралармен жалғасатын екі жүйке түйіні - ганглиясы пайда болады. Оның алғашқы ганглиясын жұтқыншақ астындағы ганглия деп атайды. Ганглиялар сегменттердің санына сәйкес метамерлі орналасқан. Олардың арасында көлденең нерв сабақтары болады да, нерв жүйесі баспалдақ тәрізді күйге келеді.

Сезім мүшелері. Көп қылтанды құрттардың сезім мүшелері біршама жақсы жетілген. Бұл олардың белсенді қоректеніп, жеке жүріп тіршілік етуімен байланысты екені күмәнсіз. Сезгіш жасушалар бүкіл денесінде, әсіресе қармалағыштарында, пальпалары мен параподиялық сезгіш мұртшаларында көп болады.

Сонымен қатар кейбір көп қылтанды құрттарда денесінің алдыңғы бөлімінде орналасқан теңдік сақтау мүшесі - статоцисталары, простомиумның арқа жағында орналасқан химиялық сезу мүшелері болады.

Көздері мұртшалары мен пальпаларының түбінде простомиумда орналасқан. Ол бір, екі жұп, құрылысы қарапайым, пішіні бокал тәрізді мүше.

Зәр шығару жүйесі-метанефридиялық. Метанефридияның протонефридиядан айырмашылығы тұйық болмай ашық мүше болып келуінде. Метанефридиялар әрбір дене сегментінен жұп болып басталып, келесі сегменттен зәр тесігі арқылы сыртқа ашылады.

Жыныс жүйесі және көбеюі. Көп қылтанды құрттардың көпшілігі дара жынысты. Жыныс мүшелерінің құрылысы жалпақ, жұмыр құрттармен салыстырғанда қарапайым. Бір түрлерінде жыныс бездері барлық сегменттерінде дамыса, басқа түрлерінде белгілі бір сегменттерінде, көбінесе денесінің артқы бөлімінде жетіледі. Жыныс бездері перитонеальдық эителийде жетіледі де, жұмыртқалары немесе сперматозоидтар қалыптасқасын, эпителий жарылып, жыныс жасушалары дене қуысына түседі.

Дене қуысындағы жыныс продукталары-жұмыртқалар мен сперматозоидтар - суға әртүрлі жолмен түседі. Көбінесе жетілген жыныс жасушалары толған сегменттерінің керегелері жарылып шығады. Басқаларында жыныс воронкасы- целомодуктары болады.

Суға түскен жұмыртқадан көп қылтанды құрттардың көпшілігінде трохофора дернәсілі шығады (30-сурет). Трохофора пішіні алмұрт тәрізді,

30-сурет. Трохофора және оның ересек құртқа айналуы

А-трохофора, Б-трохофора, оның ересек құртқа айналуы, В,Г,Д-ұрық (ларвальды) және ұрықтан кейінгі (постларвальды) сегменттерінің пайда болуы: 1-кірпікшелері, 2-төбе пластинкасы, 3-ауыз үстіндегі белдеудің кірпікшелері, 4-ауыз астындағы белдеудің кірпікшелері 5-еттер, 6- протонефридия, 7-ауыз, 8-ортаңғы ішек, 9-артқы ішек, 10-аналь тесігі, 11-алғашқы дене қуысы, 12-мезодерма, ларвальды сегменттің бастамасын береді (14), 13-өсу зонасы, постларвальды сегменттің бастамасын береді (15).

тәрізді, құртқа ешқандай ұқсамайтын мөлдір түсті ағза. Трохофора біраз судың беткі қабатында жүзіп жүріп, содан кейін күрделі өзгеріске (метаморфозға) ұшырайды. Дернәсілдің төменгі полюсі өсіп, денесі бунақталған құрт тәрізді өсіндіге айналып, жоғарғы полюсі редукцияға ұшырап, құрттың бас бөліміне айналады. Ішкі мүшелерінің көпшілігі (протонефридия, дернәсілдік бұлшық ет т.б.) жойылып, жүйке түйіні, ас қорыту мүшелері, бауыр жүйке тізбегі қалыптасады. Ол ары қарай өсіп, басқа мүшелері пайда болып, ересек құртқа айналады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]