Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
lab_omyrt_1179_asyzdar.docx
Скачиваний:
110
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
1.91 Mб
Скачать

39 Сурет. Кивсяк (еркегі, денесінің сол жағындағы алдыңғы және артқы бөлімі).

1-басы, 2-жай көздері, 3-антенна, 4-жүретін аяқтары, 5-шағылыс мүшесінің рөлін атқаратын түрі өзгерген аяқ, 6-мойын сегменті, 7-көкірегі, 8-құрсағы, 9-улы безінің тесігі, 10-тельсон

Тыныс алу мүшелері кеңірдіктер.

Қан айналу жүйесі. Жүрегі денесінің арқа жағында ұзына бойына созылып жатады, бұның әр сегментте камералары болады, олардың қабырғаларына еттер жалғасады, осы еттердің жиырылуының нәтижесінде камералар кеңейіп, жүрегіне қан құйылады.

Жүйке жүйесі жұтқыншақ асты ганглийден және одан кететін құрсақ жүйке тізбегінен тұрады, бұнда бірнеше жүйке түйіндері болады.

Сезім мүшелері нашар жетілген, жай көздері болады, мұртшалары сипап сезу қызметін атқарады.

Зәр шығару мүшесіне эктодермальды мальпигий түтікшелері жатады. Бұлардан басқа ішкі мүшелердің арасында қоректік заттары мен майлы түйіршіктері болады. Майлы түйіршіктер ыдырау өнімдерін өздеріне сіңіріп, ерімейтін қалпына келтіреді.

Көбеюі. Көп аяқтылардың ұрықтануы сыртқы-ішкі ұрықтану кезінде аталықтары сперматофорларға айналады. Аналықтары осындай сперматофорларды жыныс тесігіне жұқтырып алып, ұрықтанады. Кейбіреулерінде аталықтары аналықтарын өздерінің аяқтарында болатын жыныс мүшелерімен ұрықтандырады, бұл іштей ұрықтану.

Орындайтын тапсырмалар

1.Жүйесімен танысып, альбомға жазып алу.

Жүйесі

Буынаяқтылар типі- Arthropoda

Кеңірдектыныстылар тип тармағы-Tracheata

Көп аяқтылар класы-Myriapoda

Екі жұп аяқтылар немесе кивсяктар класс тармағы-Diplopoda

Өкілі: кивсяктар-Schizophyllum sabulosur

2. Көп аяқтылар клас өкілдерінің ылғалды препаратынан немесе құрғақ үлгілерінен қол лупаларымен қарап, аяқтарының және басындағы мүшелерінің құрылысын қарау.

3. Кивсяктың сыртқы құрылысының суретін салып, мүшелерін белгілеу.

4. Қайталауға арналған сұрақтарға жауап бере отырып, салған суреттерін талдау.

Қайталауға арналған сұрақтар

1. Кивсяктың сыртқы құрылысында қандай ерекшеліктер бар?

2. Кивсяктың басында қандай мүшелер бар?

3. Көп аяқтылардың жүйке, қан айналу, тыныс алу жүйелері қандай құрылысты болып келеді?

4. Зәр шығару қалай орындалады?

5. Ас қорыту мүшелерін атаңыздар?

6. Көп аяқтылар қалай көбейеді?

Келесі сабаққа тапсырма: «Буынаяқтылар типі. Бунақденелілер класы» тақырыбы бойынша дайындалып келу.

22 -сабақ

Тақырыбы: Буынаяқтылар типі. Бунақденелілер класы

Мақсаты: қара тарақанды мысалға ала отырып, бунақденелілердің жүйелілік жағдайымен және сыртқы, ішкі құрылыстарындағы ерекшеліктерімен танысу.

Қажетті құрал-жабдықтар: диапроектор, лупалар тірі немесе қара тарақандар. «Буынаяқтылар типінің» слаидылары, түрлі түсті кестелер

Жалпы түсінік

Қара тарақанның денесі үш бөлімнен: бас,көкірек және құрсақтан тұрады (40-сурет). Басында екі жұп көзі, бір жұп аяқ және екі жұп қанат орналасады, денесінің ең соңғы бөлігі – бунақталған құрсақ.

40-сурет. Қара тарақан

А-арқа жағынан қарағандағы еркегі; Б-арқа жағынан қарағандағы ұрғашысы:

1-антенна, 2-төменгі жақ қармалағыштары, 3-алдыңғы көкіректері, 4-үстіңгі қанаттары, 5-ортаңғы көкіректері, 6-артқы көкіректері, 7-құрсақтары, 8-церкилары, 9-грифелкалары.

Тарақанның ауыз бөлігі кеміруге бейімделген. Аузын үстіңгі жағынан жоғарғы ерінді түзетін дара қатпарлы хитин жауып тұрады. Осы қатпардың алдыңғы жағында екі күйсеуік болады.

Тарақан қорегін тісшелері бар қатты хитинді тақташа күйсеуікпен кеміреді. Бұдан әрі тұтқы аяқтары бар бунақтанған екі астыңғы жақ, одан соң екі жұп қармалауыштары бар астыңғы ерін жалғасады. Тарақанның дәм сезу мүшесі астыңғы жақ пен астыңғы ерінде орналасады.

41-сурет. Қара тарақанның дене бөлімдері (еркегі):

1 – бас, 2 – антенна, 3 – төменгі жақ қармалағыштары, 4 – төменгі ерін қармалағышы, 5 – фасетті көз, 6 – алдыңғы көкірегі, 7 – ортаңғы көкірегі, 8 – үстіңгі қанат, 9 – артқы көкірегі, 10 – нағыз қанаты, 11 – құрсағы, 12 – церкиі, 13 – грифелькиі

Тарақанның аяқтары жүгіргіш аяқтарға жатады. Аяғының негізгі бөлігі жақсы дамыған жамбас (42-сурет). Жамбас ұршықпен (ортан жіліктің басы)

ол ұзындау келген санмен, сан сирақпен, сирақ табанмен жалғасады. Табан бес бунақтан тұрады, соңғы бунағында екі тырнақшасы болады.

Тарақан денесінің үшінші бөлігі құрсақ. Тарақанның құрсағы біркелкі бунақтардан құралады. Құрсақтың артқы ұшында аналь тесігі болады.

Тарақанның көкірек бөлімінде үш бунақтары және әр бунақта бунаққа бөлінген бір жұп аяқтары болады (41 сурет). Қара тарақанның аналығында қанат болмайды, ал аталығында көкіректің екінші және үшінші бунақтарынан шығатын екі жұп қанат болады. Бірақ тарақан басқа бунақденелілер тәрізді қанатымен ұша аламайды, тек биіктен құлап түскен кезде жерге жайлы түсу үшін мүмкіндік жасайды.

Тарақанның көкірек және құрсақ бөлімдерінің екі бүйірлерін бойлай ұсақ тесіктер тыныс тесіктері көрініп тұрады. Тарақан құрсағының ең соңынан түрі өзгерген аяқтарды бунақталған екі кішкене өскіндері грифелькалары болады.

42-сурет. Қара тарақанның аяғы:

1 – жамбас, 2 – ұршық (ортан жіліктің ұршық басы), 3 – сан, 4 – сирақ, 5 – табан

Ас қортыту жүйесі (43-суретi). Тарақан тамақ қалдықтарын, үгінділерін қорек етіп, жеуге жарамды азық түліктерді кеміреді. Аузы кеміргіш ауыз аппаратына жатады. Ас қорыту жүйесі ауыздан басталып, оған жұтқыншақ, өңеш көлемділеу келген жемсау, едәуір бұлшықетті қарынша, тұйықталған бірнеше тармақтары бар ортаңғы ішекке жалғасады да, артқы ішекпен аяқталады. Ауыз қуысында сілекей бездері болады. Ауызға түскен қорегі қысқа жұтқыншақ арқылы өңешке өтеді де, жемсауға түседі. Қорек түйірі жемсаудан қабырғасы қатпарланған, күйіс қарынға яғни бұлшықетті қарынға барады, қарынның ішкі жағында хитинді тісшелері болады. Тарақанның күйіс қарнының екі бөлігі бар: алдыңғы бөлігі күйіс қарынша, соңғы бөлігі сүзгі қызметін атқаратын бекітпе қарынша. Қорек ортаңғы ішекте қорытылып, денеге сіңіріледі.

43-сурет. Қара тарақанның ішкі құрылысы.

А-жарып көрсетілген еркегі, Б- кеңірдегі: 1- сілекей безінің резервуары, 2- сілекей безі, 3-өңеш, 4-жемсау, 5-күйсегіш қарын, 6-пилорикалық өсінділер, 7-ортаңғы ішек, 8-мальпигий түтікшелері, 9-артқы ішек, 10-құрсақ жүйке тізбегі, 11-кеңірдегі, 12-тұқұм бездері, 13-тұқым жолы, 14-қосымша бездер, 15-тұқым шығарғыш канал.

Ішекке мальпигий түтікшелері ашылатын жерден артқы ішек басталады, бұның соңғы бөлігі кеңейіп, клоакаға айналады.

Тыныс алу жүйесі. Тарақан денесін бойлай тармақталған тыныс алу мүшесі кеңірдіктер алып жатады, бұлар көкірек және құрсақ бөлімдерінің бүйірлерінен тыныс тесіктері арқылы енген ауа кеңірдіктерді таза ауамен қамтамасыз етеді.

Қан айналу жүйесі. Тарақанның қан айналымы ашық, денесінің арқа жағында мөлдір түтік тәрізді жүрек жатады. Түтіктің ішінде қанды бір бағытқа қарай айдайтын қақпашалар клапандар болады. Қан дененің артқы бөлігінен басына қарай ағады. Жүректің алдыңғы жағындағы созындысы ұсақ тамырларға тармақталмастан, тікелей басына барып бітеді. Ондағы қан дене қуысына құйылып, бас бөлігіндегі мүшелермен жалғасады да, әр түрлі ішкі мүшелерден өтіп, біртіндеп дененің артына қарай ағады. Жүрек қабырғасындағы қосарланған ұсақ тесіктер остиялар арқылы қан жүрекке қайта сорылып, тағы да бас жаққа қарай ағады. Қаны гемолимфа деп аталып, мөлдір аздап сары түсті болады.

Жүйке жүйесі және сезім мүшелері. Жүйке жүйесі жұтқыншақ үсті және жұтқыншақ асты түйіндерден тұратын бас миы өте жақсы жетілген. Жұтқыншақ үсті түйінінен көздер мен мұртшаларға, ал жұтқыншақ асты жүйке түйінінен ауыз қосалқыларына жүйкелер тарамдалады. Бас мидан көкірек және құрсақ түйіндерінен тұратын құрсақ жүйке тізбектері кетеді.

Тарақанның сипап сезу және иіс сезу мүшесі жақсы қимылдайтын екі мұртшасы антеннасы. Оның басының екі жағында екі күрделі көзі, ал көздерінің алдыңғы жағында, мұртшалардың түбін ала өте кішкене екі жай көзі болады.

Зәр шығару жүйесі. Зәр шығару мүшесі мальпигий түтікшелері. Дененің әр бөлігіндегі сұйық қалдықтар сонда жиналып, артқы ішекке құйылады. Сонымен қатар ішкі мүшелерінің аралығын толтыратын ақ түйіршіктер майлы дене де, қосымша зәр шығару мүшесі болып табылады. Бұған денені қоректендіруге қажетті май қоры жиналады.

Көбею мүшелері. Аналық тарақанда екі жұмыртқа жолы болады. Екі жұмыртқа жол өзара қосыла келіп тақ қынапқа, қосымша бездерге және тұқым қабылдауышқа жалғасқан.

Аталық жыныс мүшелері екі тұқым бездерінен, екі тұқым жолдарынан, екі тұқым көпіршіктерінен, екі қосымша бездерден және шағылыс мүшесіне байланысқан бір тұқым шашатын каналдан тұрады.

Қара тарақан дара жыныстылар, шала түрленіп дамиды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]