Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
lab_omyrt_1179_asyzdar.docx
Скачиваний:
110
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
1.91 Mб
Скачать

Орындайтын тапсырмалар

  1. Систематикасымен танысып, альбомға жазып алу.

Систематикасы

Жалпақ құрттар типі – Plathelminthes

Таспа құрттар класы – Cestoda

Цепеньдер отряды – Cyclophyllidea

Өкілдері: сиыр цепені – Talniarhynchus saqinatus

шошқа цепені – Taenia solium

эхинококк – Echinococcus qranulosus

  1. Сиыр, шошқа цепендерінің және эхинококктың ылғалды препараттарынан лупамен сколексін және ілмекшелерін тауып, көру.

  2. Сиыр цепенінің модель аппликациясынан сақиналарының түрлерін анықтап, сколексі не себептен қарусыз деп аталатындығын ажырату.

  3. Жетілген сақинасының микропрепаратын микроскоптың кіші ұлғайтқышымен қарап, ішек тармақтарының және ұрықтанған жұмыртқаларының көптігіне назар аудару.

  4. Сиыр, шошқа цепендерінің және эхинококктың сколекстерінің және сақина түрлерінің суреттерін салып, тиісті белгілермен белгілеу.

  5. Сиыр және шошқа цепендерінің даму кезеңдерінің сызбанұсқасын жазу.

  6. Қайталауға арналған сұрақтарға жауап бере отырып, салған суреттеріне талдау жасау.

Қайталауға арналған сұрақтар

  1. Сиыр және шошқа цепендерінің денелерінде қандай сақиналар болады?

  2. Сколекс деп нені атайды және онда қандай мүшелері болады?

  3. Цепеньдердің ас қорыту, қан айналу, тыныс алу, зәр шығарулары қалай орындалады?

  4. Қарулы, қарусыз цепеньдер деп атауларының себептері қандай?

  5. Сиыр және шошқа цепеньдері қалай дамиды?

  6. Цепеньдердің соңғы немесе дефинтивті және аралық иелерін атаңыздар?

  7. Эхинококктың құрылысы қандай?

  8. Эхинококктың соңғы және аралық иелерін атаңыздар.

Келесі сабаққа тапсырма: «Жалпақ құрттар типі. Таспа құрттар класы. Лентецтер отряды» тақырыбы бойынша дайындалу. Кең сақиналы таспа құрттың даму кезеңін және құрылысын оқып келу.

13-сабақ

Тақырыбы: Жалпақ құрттар типі. Таспа құрттар класы. Лентецтер отряды.

Мақсаты: Ленцеттер отрядының өкілі кең сақиналы таспа құрттың құрылысымен және даму кезеңдерімен танысу.

Қажетті құрал-жабдықтар: кең сақиналы таспа құрттың ылғалды препараты, қол лупасы,түрлі түсті кестелер.

Жалпы түсінік

Кең сақиналы таспа құрт ұзындығы 15 м-ге дейін жететін аса қауіпті паразит. Оның басқа таспа құрттардан ерекше өздеріне тән көптеген белгілері бар: а) басқа таспа құрттар тәрізді басында жабысқақ сорғыштары, ілмекшелері жоқ.

22-сурет. Кең сақиналы таспа құрттың сколексі

А – жалпы көрінісі, Б – сколекстің көлденең кесіндісі: 1 – ботрия, 2 – мойын, 3 – ботрия қуысы.

Кең сақиналы таспа құрт өзі тіршілік ететін ағзалардың ащы ішегінің керегесіне басының екі бүйірінде болатын саңылау тәрізді сайшалары – ботрияларымен бекінеді (22-сурет,Б) б)Дене сақиналарының ұзындығына қарағанда ені біраз жалпақ болып келеді. Сондықтан оларды кең сақиналы таспа құрттар деп атап кеткен в) Ұрықтанған жұмыртқаның дамып, дернәсіл қалыптасу процесі басқа таспа құрттардағыдай бір иеде өтпей, екі аралық иеде өтеді г) Ақырғы немесе негізгі иесі біреу ғана болмай, бірнешеу болып келеді. Өйткені балықпен қоректенетін ағзалардың барлығы дерлік (адам, ит, мысық, түлкі, қарсақ, т.б.) кең сақиналы таспа құрттың ақырғы иесі бола алады.

Кең сақиналы таспа құрт көбінесе адамның ащы ішегінде кездесетін, денесі көптеген сақиналардан тұратын (4000, одан да көп), аса қауіпті эндопаразит. Көбінесе адам ағзасында шала пісіріп, шала қуырып жеген балық етіндегі дернәсіл арқылы немесе шала тұздалған балық етін жеген кезде түседі.

Кең сақиналы таспа құрттың ұрықтанған жұмыртқасы ары қарай даму үшін, ақырғы иесінің ішінен шыққасын суға түсу керек (23-сурет). Әр түрлі себептермен суға түссе, ондай жұмыртқадан шар тәрізді, сыртында кірпікшелері бар, ішінде алты ілмекті онкосферасы бар корацидий дернәсілі шығады. Ол дамуын жалғастыру үшін бірінші аралық иесі ұсақ шаян – циклоптың ішіне түсу керек. Оның ішіне түскесін екінші дернәсілдік сатысы – процеркоидқа айналады. Процеркоидтың дене пішіні ұзына болып келеді

23-сурет. Кең сақиналы таспа құрттың даму сатысы.

де, денесінің артқы ұшында шар тәрізді – церкомер деп аталатын ілмектері бар өсіндісі болады. Циклоптың дене қуысында біраз болғаннан кейін жыртқыш балықтардың (екінші аралық иесі) – шортаң, алабұға, нәлім сияқты балықтардың ішіне түсу керек. Олар циклопты жұтып процеркоидты ішіне түсіреді. Балықтың қарнына барғасын церкомерін жоғалтып, балықтың бұлшық етіне, бауырына және басқа мүшелеріне барып, үшінші дернәсілдік сатысына – плероцеркоидқа айналады. Бұл дене мөлшері 6 мм шамасында болатын, денесі айқын бөлінбеген басының екі жағында ботриясы бар, құрт тәрізді дене. Плероцеркоид дамып, ересек ағзаға йналу үшін ақырғы иесінің ағзасына түсу керек. Сондықтан балық ұсталып немесе басқа бір себептерден ақырғы иесіне қорек болғанша балық ағзасында тіршілігін жоймай жүре береді.

Кең сақиналы таспа құрт адам ішінде көбейіп кетсе адамды қан аздыққа шалдықтырады. Көбінесе ауруға шалдықтыру себебі олардың ішекке бөліп шығаратын улы затының мөлшеріне байланысты болады. Одан сақтану үшін балықты әбден тұздап, жаңа ұсталған балықты дұрыс қуырып, дұрыс пісіріп жеу керек.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]